Бостандығы елімнің арманы едің,
«Елім-ай» деп зарлап та алған едің.
Жетімдер мен жесірлер тым көбейіп,
Тарихыңа жабысқан таңба едің.
Күресті ғой алайда бабаларым,
Сіздер барда елімді табалар кім?!
Тәуелсіздік тұмарын бүгін тағып,
Алға басып келеді әр Қазағым.
Тәубе дейміз тәуелсіздік алғаныңа
Қарамай еш тағдырдың салғанына.
Тәубе дейміз бүгінде таудай елдің,
Көк байрағы биікте тұрғанына.
Шаңырағы бірлікте байтақ өлкем,
Көкжиегі жап-жасыл, құшағы кең.
«Қазақ» деген атыңды тірі тұрсам,
Мәңгі өшпестей өлеңмен жырлап өтем!
Ақтөбе қаласы, Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектептің
3 «Г» -класс оқушысы Бекжанова Айда Әнуарбекқызы
Бастауыш сынып мұғалімі:Тажигутова Алтынгуль Максимовна