Болашақта биіктерге қалықтар
Жер бетінде қазақ дейтін халық бар.
Өзі дана, қарапайым ізгі жұрт
Қазақ атын әлі талай танытар.
Адал әрі мейірімді жүрегі,
Ары менен намысы ғой тірегі.
Даласындай құшағы кең қолтығы,
Барлық ел де мұны жақсы біледі.
Жасара берсін солай елім менің,
Жұртыңды да алға сүйре, бөгелмегін!
Әлемге әйгілі боп , таныла бер,
Қанатыңды кеңге жайып, тереңдегін.
Ақтөбе қаласы, Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектептің
3 «Г» -класс оқушысы Қойшыаманова Мөлдір Дамирқызы
Бастауыш сынып мұғалімі:Тажигутова Алтынгуль Максимовна