Без рубрики

«Отбасылық педагогикалық жобалар»

Ақтөбе қаласы. № 15  «Жидек» МДҰ психологиялық
педагогикалық түзеукабинетінің әдіскері
Спанова Гульнар Ердаулетовна.

«Инновациялық  бағыттар:  «Отбасылық педагогикалық жобалар»
Отбасылық жобалар дегеніміз не?
Мемлекеттік стандарттың  «Таным» білім беру саласында отбасылық тәрбие міндеттерінде аталғандай, ата-ана баланың танымдық қызығушылығын және білуге құмарлығын  бірлескен ойын, практикалық, зерттеушілік және ізденіс іс- әрекеті арқылы қанағаттандыруы  тиіс.  (ҚР МЖМБС – 2008ж). Сондықтан да бүгін, МДҰда   отбасылық педагогикалық  жобаларға  ерекше орын беріледі.
Жобалық іс- әрекет мектепке дейінгі жастағы балалардың     ақыл- ойын тиімді дамытуы  үшін, балалардың танымдық белсенділік ерекшеліктерін түсіну қажет.  Жобалық іс әрекетте бала қойылған міндеттердің  орындалуына байланысты түрлі мүмкіндіктерді зерттейді, өзінің анықтаған критерийлері бойынша ұтымды тәсілін  таңдайды. Мектепке дейінгі жастағы жобалық іс әрекеттің өзіндік ерекшелігі баланың түпкі ойының өзі ғана, оның техникалық мүмкіндіктерінен озады. Осыған орай баланың ойындағысын жүзеге асыруда оған көмек беру маңызды. Басқа балалардың көмегіне  сүйену қиын. Жобалық іс- әрекетті жүзеге асыру үшін үлкендерді қатыстыру қажет, алдымен баланың ата- анасын, себебі  жалғыз өзі бұл іс -әрекетті орындай  алмайды.  Тәрбиеші  жобаның тақырыбы бойынша балаларға тапсырмалар ұсынады (орман алаңқайының макетін жасау, өсімдіктердің суреттері  салынған  альбом, плакат, дала гүлдерінің гербариі  және т.б.).
Балалар ата- анасымен бірге өздерінің қалауы бойынша тапсырманы таңдап алады. Тәрбиеші тапсырмаларды берудің алдында оларды мұқият  ойластыруы керек. Тапсырмалар тым қиын орындалатын болмай, «ниетпен және қуанышты» орындалатындай болғаны дұрыс. Қажет болған жағдайда тәрбиеші анықтамалық,  практикалық материалды ұсынып, немесе оны қайдан таба алатындарына нұсқау жасайды.
Жобаның соңғы кезеңі  — қорғау  — әрқашан  қызықты көрініс. Жобаны қорғау үшін  қонақтарды, ата -аналарды, балаларды шақыруға болады. Эмоционалдық қызудың жоғары деңгейі — дәл осы  кезеңге келеді, және де оны жобаның әлеуметтік маңыздылығымен күшейту қажет. Жоба кімге және не үшін құрылғанын және не үшін қажет екенін түсіндіру керек. Жобаны қорғау формасы қызықты да жарқын, әр баланың, ата- ананың, педагогтың жасаған үлесін айқындап көрсете алатындай ойластыру керек.  Баланың ата- анасымен  бірлесіп орындаған жұмысы бір- бірін жақсы түсініп, өзара қолдаушы қарым -қатынас орнатуға септігін тигізері сөзсіз.
Жобалардың негізгі мақсаты отбасыны нығайту, балалар мен ата- аналарды қатысушылардың  нәтижелі қарым -қатынасы мен серіктестігі  негізінде пайда болатын    шығармашылық процесске қатыстыру.
Жобалар не үшін керек?
•    Балаларға
Жобалау балалардың белсенділік түрлерінің басқа формаларының  дамуымен  орны толтырылмайтын танымдық іс- әрекетінің маңызды сферасы болып келеді. Ол мектепке дейінгі жастағы баланың дамуына жағымды әсер ететін қасиеттердің қатарына ие. Ең алдымен баланың болмыстың  түрлі  салалары туралы білімдері кеңейтіледі. Ол көбінесе зерттеушілік және шығармашылық жобалардың орындалуымен байланысты. Сонымен қатар, баланың  танымдық, коммуникативтік және реттегіш сияқты  жалпы қабілеттері  дамиды.
•    Педагогтарға
Жобалау педагогтарды  мүмкіндіктер кеңістігінде болып, үйреншікті және үлгі  бойынша іс әрекеттерді қолданбауға, күнделікті шығармашылық өсуді талап етеді.
•    Ата -аналарға
Балалар мен ата –аналардың  қарым- қатынасы дамиды. Бала жақын үлкендерге өздеріне таныс ситуацияларда жаңаны ашып, түрлі идеяларды ұсынғандықтан,  өзінің ата- анасына мазмұнды қызықты қырынан көрінеді.
Баланың және ата -ананың болмыс өмірі мағыналы мазмұнымен толысады, оның өзі түрлі альбомдар, қызықты істер мен дәстүрлермен көрсетіледі.  Жобалық іс -әрекеттің  қорытындысы — бұл басқа балаларға және ата- аналарға нәтижелерін көрсететін презентация. Жобалардың тақырыптары әр түрлі болуы мүмкін: «Тату-тәтті жанұя», «Жанұямыздың дәстүрлері», «Біздің ойыншықтар», «Табиғатқа көрік берген көбелектер», «Тастар құпиясы» және т.б.  Бастапқы кезеңде жобалық іс- әрекет тәрбиешінің бағыттаушы  ролін  ескереді, ал кейін ата-аналар  бастамасын  өз қолына алуы мүмкін.
Осылайша, отбасылық жобалар  балалар мен ата-аналардың дүниетанымын кеңейтіп, шығармашылық қуат беріп, отбасындағы жағымды өзгерістермен толады, отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның өзара әрекеттестігі мен ынтымақтастығын құруға ықпал етеді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.