Қуыршақты шомылдыру
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, МКҚК № 43
«Гүлдәурен» мектепкедейінгі ұйымының әдіскері
Көптілеуова Ғалия
Екінші сәбилер тобындағы қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің конспекті.
Тақырыбы: «Қуыршақты шомылдыру»
Сабақтың мақсаты : Балаларды дұрыс жуына білуге дағдыландыру,киімдердің атын дұрыс атай білуге баулу, шешінгенде киімдерін дұрыс қоюға балаларды сумен, сабынды пайдалана білуге үйрету.
Қуыршақты шомылдыру барысында балалардың тілін дамыту,ойыншықтармен дұрыс ойнай білуге баулу.
Сабаққа керекті құралдар: Қуыршақ Қаракөз, ыдысқа құйылған жылы су, сабын, орамал, ақжайма т.б.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, таныстыру,үйрету.
Жаңа сөздер: Жылы, көпіршіді.
Сабақтың барысы: Балалар жарты шеңбер жасап отырғызылған соң есік қағылып, қолында қуыршағы бар тәрбиеші топқа кіріп, балалармен амандасумен сабақ бастайды.
– Сәлеметсіңдер ме балалар! Қане, қуыршақ Қаракөзбен сәлемдесейік.
– Сәлеметсің бе, қуыршақ Қаракөз.
– Балалар қуыршақ Қаракөзге қараңдаршы, беті қолы кір болып кетіпті.
– Қане тақпақты қайталап айтып берейік:
– Жуын, жуын, жуынсақ,
Қандай жақсы қуыршақ.
Әйтпегенде бөпешім,
Кірлеп кеткен екенсің.
Қазір аппақ боласың,
Қуанады анашың.
«Қаракөз» өзім жуына алмаймын деп менің жуынуыма көметесіңдерші-деп сендерден көмектесуді сұрайды.
– Балалар , бәріміз қуыршақ Қаракөздің жуынуына көмектесейік.
Тәрбиеші : Айман суды ұстап көрші , су қандай екен?
– Су жылы,таза. ( тәрбиеші 2-3 баланы шақырып судың таза,жылы екенін байқатады)
Тәрбиеші: Қане, Айсұлу сен Қаракөзді әкел. Көрдіңдер ме, Қаракөз «Қазір шомыламын»- деп қуанып отыр.
(тәрбиеші алдын-ала дайындалған ыдыстағы суды ортаға қойып , «Қаракөз»қуыршақты шешіндіреді).
– Балалар, қараңдаршы , Қаракөздің суға ұмтылуын, оның шомылғысы келіп тұр,- деп қуышақтың қолын жетер-жетпес етіп көтеріп,бір-екі бастырып жүргізеді.
– Қаракөз , көйлегіңді тез шеште, легенге отыр.
( тәрбиеші қуыршақтың ішкі көйлегін шешіп,легенге отырғызады)
Тәрбиеші : Мақсат,сен сабынды әперші , Алина сен орамалды алып дайындалып тұр, қуыршақтыты шомылдырып болған соң сүртіндіреміз –дейді.
– Балалар, бәрің де қараңдар,Қаракөздің басын былай сабындаймыз , содан кейін жуамыз.
( Балалар , сабын қайтті? Деген сұрақ қойып, «көпіршіді» жауап аламын.)
– Көрдіңдер ме, Қаракөз басын жуғанда жылаған жоқ. Сендер де шомылғанда алдымен бастарыңды жуыңдар.
– Қане, Камила,сен келіп Қаракөздің басын су құйшы,сабыны кетсін.
( Камила су құйып , тәрбиешіге көмектеседі).
– Бәрің көрдіңдер ме Қаракөздің басы таза болды, орамалмен суын сүртіп құрғатайық. Алина сен орамал әкел.
( Алина орамал әпереді,тәрбиеші қуыршақтың басын сүртеді).
– Енді Қаракөздің қолын,мойнын,аяғын міне былай жуамыз-деп тәрбиеші жуып көрсетеді.
– Анел,сен Қаракөздің үстіне су құй.
(Анел су құйып, Қаракөзді жуындырады.Алинаға тағы орамал алдырып,Қаракөздің үстін сүртеді)
– Қаракөз шомылып болды . Қараңдар , қандай таза,әдемі!
– Қане,енді сендер Қаракөзді киіндіруге көмектесіңдер. Бексұлтан ,сен Қаракөздің іш көйлегін әкеліп кигіз.
(Тәрбиеші жәрдемдесіп кигізеді)
– Нұрболат,сен ақжаманы әкел.Қуыршақ Қаракөзді орайық. ( Қаракөзді орап,қуыршақтар бұрышындағы керуетке жатқызады.)
– Ал,енді Қаракөздің ұйқысы тәтті болсын деп «Әлди,әлди» әнін айтайық.
Әлди,әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылама , бөпем жыламы,
Жілік шағып берейін.
Әлди , әлди бөпешім,
Ұйықтай қойшы көкешім.
Тербетейін жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой.
– Қуыршақ «Қаракөз» ұйықтасын.
– Балалар, енді біз Қаракөздің киімдерін реттеп қояйық.
Тәрбиеші балаларды мадақтап.
– Көрдіңдер ме, күнде өзіміз жуынып суымыз таза,жылы екен.Сусыз тіршілік жоқ екеннін есте сақтайық!
– Балалар, бүгін сендер қандай жаңа сөздер үйрендіңдер?
(жылы,көпіршіді)
Тәрбиешімен бірге балалар жаңа сөздерді 2-3 рет қайталайды.(көпіршіді)
Бүгін сендер «Қаракөз» қуыршақты жуындырдыңдар,енді өздеріңнің қуыршақтарыңды үйде жуындыра алатын болдыңдар-деп сабақты аяқтайды
