Осы шақ
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті, №249 мектеп-лицейдің
бастауыш сыныбының І санатты мұғалімі
Тажмағамбет Күлмариям Каримоллақызы
Пәні: Қазақ тілі
Тақырыбы: Осы шақ
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға осы шақ етістік жайлы түсінік беру
2. Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау,өз ойын еркін жеткізе білу, шығармашылық қабілетін дамыту. Байланыстырып сөйлеу тілін, көркем жазу дағдыларын жетілдіру.
3.Тәрбиелік: Ұқыптылыққа,еңбексүйгіштікке,адамгершілікке тәрбиелеу.
Сенімділікке баулу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, тест жұмысы, ізденушілік, салыстыру
Сабақтың түрі: Дамытушылық
Сабақтың формасы: Ұжымдық, жеке
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі қағаз, плакат, бор
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Сәлемдесу
ІІ.Сергіту сәті:
-Балалар жылдың қай мезгілі? (Қыс)
-Қыста ауа –рай -өзгереді.
Күн суытады, қар жауады, боран соғады, қырау түседі, аяз шымшылайды, су қатады.
-Енді өздерің айтып шыққан сөздерің заттың несін білдіреді? (қимылын)
-Қазақ тілінде заттың қимылын білдіретін қандай сөз табы? (Етістік)
-Етістік қандай сұраққа жауап береді?
-Етістік іс-әрекеттің жүзеге асу мезгілін білдіреді. Осыған байланысты етістіктің неше шағы бар? (осы шақ, өткен шақ, келер шақ)
-Тақтаға назар аударайық.
Мен орманда қысқы табиғат көрінісін тамашалап келемін.
-Осы сөйлемде іс-қимылдың қай мезгілде болғанын білдіреді. (Осы мезгіл)
ІІІ. Жаңа сабақ
Жаңылтпашты жатқа жаз.
Қайрат қайрақ қайрап отыр,
Қайрақпен балта қайрап отыр.
Осы шаққа мысал келтіру.
Көріп отыр,өсіп тұр.
Ереже: Осы шақ етістіктер іс-әрекеттің қазір болып жатқанын білдіреді.
Сұрақтары:
407-жаттығу
Сөйлем мүшесіне талдау.Сәйкес сызбаны табу.
1.Қатты жел соғып тұр.
2. Әкем малды ыққа байлап жатыр.
3.Асқар оған көмектесіп жүр.
1. .
2. .
3. . . .
408-жаттығу.Ауызша орындау
І қатар. Жина,тазала, киін, етістікті осы шақта жазу. Осы шақ етістіктерді қатыстырып сөйлем құрау.
ІІ қатар. Мәтінді осы шаққа айналдырып оқу.
ІІІ қатар. 410-жаттығу.Етістікті тап.қай шақта тұрғанын айту.
ІҮ.Тест:
1.Қимыл қозғалысты, іс-әрекетті білдіретін қандай сөз табы?
А) Зат есім
Ә) сын есім
Б) Етістік
2. Етістіктің неше шағы бар?
А) Үш шағы
ә) Төрт шағы
б) Екі шағы
3.Етістік деген не?
А) заттың атын білдіретін сөздер.
Ә) заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздер.
4.Етістікта тап
А) қоян, бес, әдемі
Ә) жүрді, тұрды, күлді
5.Етістіктің жіктелуі деген не?
А) жекеше, көпше түрде жіктеу
Ә) етістікке жіктік жалғау жалғанып өзгеруін айтамыз.
Ү.Қорытындылау
-Бүгін етістіктің қай шағын өттік?
-Осы шақ дегеніміз не?
-Сұрақтарын ата, Мысал келтір.
ҮІ.Үйге тапсырма. 124 беттегі
406-жаттығуды оқып, етістікті тауып, сұрақ қойып, қай шақта тұрғанын тауып жазып келіңдер.
ҮІІ. Оқушыларды бағалау.
Адам –табиғат перзенті сол сияқты
-күндей мейірімді,
-борандай өткір,
– қардай ақ,
-қыраудай қайратты,
-аяздай айбатты,
-мұздай батыл
-судай көңілің шексіз пәк таза болсын.
Пайдаланған қосымша әдебиеттер.
1. Тіл дамытудың ғажайып әлемі
2. Валеогия негіздері
3. Технология 6-сынып
4. Қазақ тілі 4-сынып
