Көкөніс

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті, №249 мектеп-лицейдің
бастауыш сыныбының І санатты мұғалімі
Тажмағамбет Күлмариям Каримоллақызы

Сабақтың тақырыбы: Көкөніс
Сабақтың мақсаты:   а) Білімдік:   Көкөніс туралы кеңінен түсінік беру.
Дамытушылық:   Өсімдік туралы алғаш білімдерін кеңейту арқылы көкөністердің тұқымнан, жемістен өсетіндігін ұғындыру, түрлерін ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік:   Адам ағзасына пайдалы дәрумендерді білуге, денсаулықтарын сақтауға, табиғатты аялауға, адамгершілікке баулу.
Сабақтың типі:   Жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың түрі:  Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың формасы:  Ұжымдық, жеке.
Сабақтың әдісі:  Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, іздендіру әдісі, полиглот әдісі,  тәжірибе жасау.
Пәнаралық байланыс:  Әліппе, бейнелеу өнері, орыс тілі, еңбекке баулу.
Сабақтың көрнекілігі:  Компьютер, «Күн жасырған жұмбақтар» көрнекілігі,  табиғи көкністер, тәжірибеде пайдаланылатын көрнекті құралдар.
Пайдаланған әдебиеттер:  1. Дүниетану оқулығы
2. Көркем әдебиет (Мектепалды сыныптары мен топтарына арналған) 15 бет
3. Дүниетануды оқыту әдістемесі «Атамұра» 1998ж.
Сабақтың тақырыбы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Саламатсыздар ма, балалар!
Балалар, дүниетану пәні арқылы табиғатта болатын тамаша құбылыстар мен табиғаттың сыйын оқып, үйреніп жатырмыз.
–    Бір сәт тақтаға көңіл аударайықшы
Нені көріп отырсыздар ?
–    Күнді
–    Дұрыс айтасыңдар
–    Осы күннің әр шапағында жұмбақ жасырынған.
Егер кім-кім жұмбақтың шешуін тауып, жауабын айтса, бүгінгі сабақта қандай тақырып төңірегінде мағлұмат алатынымыз белгілі болады.
ІІ Жаңа сабақ.
«Кім жүйрік, кім тапқыр» (Жұмбақ жасыру) ойыны:
Ө
К                К

Ө
С
Н

І
Балалар, сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Көкөніс». Көкөністер күннің сәулесінен қуат алып, жылуынан құнарланып, гүлдеп, түйнек салады, жеміс береді.
ІІІ Оқулықпен жұмыс.
–    Балалар, сендер көкөністің жансыз бейнесін көріп отырсыңдар. Енді, көкөністің табиғи түрін көргілерің келе ма?
–    Иә
–    Олай болса маған назар аударыңдар.
–    Мен бақшадан нелер әкелдім?
–    Көкөністер
–    Көкөністер – тағамдарға пайдаланатын өсімдіктер.
Тағамға олардың әртүрлі мүшелерін (жемісін, сабағын, жапырағын, тамырын) пайдаланамыз.
–    Қызанақтың жемісі – гүлден пайда болады.
–    Қызанақта АВ дәрумені көп, кальций тұзы да жеткілікті. Қызанақ жұмсақ болғандықтан ішек қызметін жақсартады.
–    Қияр жемісі де гүлден пайда болады. Көп адамдарға ұнайды 95% су. Қияр асқазан сөлін күшейтеді. Толық адамдарға жеген пайдалы.
–    Картоптың түйнегі – қорек сақтаушы бөлік. Картоп түйнегінің сыртындағы көзшелер-оның ұсақ бүршіктері. Егер картопты топыраққа көмсек, уақыт өте келе ондағы бүршіктер түйнекке айналып, жаңа өсімдік өсіп шығады.
–    Сәбіздің жемтамыры – қоректік заттың жиналуынан жуандаған өсімдік тамыры. Сәбізде А дәрумені бар. Жүрек, бүйрек, бауыр ауруларына пайдалы сәбіз-жұқпалы аурудан сақтайды.
–    Қызылшаның жемтамыры
–    Қызылша адам ағзасына өте пайдалы. Қызылшаның тамыр жемісін ғана емес, жапырағын да салатқа, арпаға пайдаланады.
–    Пияздың пиязшығы – пияздан барлық ауру қашады. Онда АВС дәрумені бар. Тұмау тигенде өкпе ауруына, жөтелге жақсы ем.
–    Орамжапырақ – тығыз оралып өскен жапырақ. Орамжапырақта С дәрумені бар.
ІҮ Тәжірибе жасау
Оқушылар алдарына көкөністерді тарата отырып, көкөністер туралы не білетіндерін сұрау.
Енді, балалар, көкөністерді қыс айларында да өсіріп, пайдалана аламыз. Бұндай өсіретін жерді «Жылыжай» деп атайды. Көбіне қалалық жерлерде болады. Көкөністің кейбір түрін жерге тұқым себу арқылы өсіреміз. Ал, кейбіреуін «Көшет» түрінде отырғызамыз. Осыны тәжірибе түрінде жасап байқайық.
Тәжірибе жасау. Топыраққа қызанақ дәнін сеуіп, көшет жасап үйрену.
Ү Дәптермен жұмыс:
Кім қай көкөністі жақсы көреді?
Соны дәптерімізге саламыз
ҮІ Қорытындылау
–    Балалар, компьютер мониторына назар аударайық. Компьютер мониторында «Сиқырлы сандар» көріп отырсыздар, осы сандардың соңында бүгінгі өткен тақырып бойынша сұрақтар берілді. Сол сұраққа жауап беріңдер.
1.    Қыс айларында көкөністерді қайда өсіреді? (Жылыжайда)
2.    Шикілей жеуге болатын көкөністерді ата? (Қияр, сәбіз, жуа, орамжапырақ, қызанақ)
3.    Тағамға көкөністің қандай мүшелерін пайдаланады? (Сабағын, жемісін, жапырағын, тамырын)
«Әрі оқу, әрі ойын» әдісі:
–    Балалар, біздер көкөністің қазақшасын білеміз, енді, орыс тілінде қалай атаймыз.
1.    Орамжапырақ – капуста
2.    Жуа – лук
3.    Картоп – картофель
4.    Сәбіз – морковь
5.    Қызылша – свекла
6.    Қиыр – огурец
7.    Қызанақ – помидор
–    Балалар, біз бүгін қандай тақырып өттік. «Көкөніс» көкөністі қайда егеді?
–    Бақшада
ҮІІ Бағалау
ҮІІІ Үйге тапсырма: «Көкөніс» суретін салу

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше