Paint графикалық редакторының құралдары
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Көптоғай селосы
С. Мұқанов атындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Исатаева Шынар Сүйіндікқызы
Информатика 7 сынып 1.02.2012 ж
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторының құралдары.
Бүріккіш құралын қолдану. Қылқаламмен сурет салу
Өшіргіш құралын қолдану.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік. Графикалық редактормен жұмысқа үйрету. Құю, бүріккіш, өшіргіш құралын қолдану дағдысын қалыптастыру. Редактордың құрал- саймандарын дұрыс пайдалана отырып, өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық. Оқушылардың бояу, бүріккіштің дағының өлшемін өзгертуді, өшіргіштің өлшемін өзгерте білу қабілеттерін дамыту. Оқушыларды логикалық және фантазиялық, ойлау қабілеттерін арттыру, танымдық белсенділіктерін дамыту, іздендіру.
Тәрбиелік. Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: теориялық-практикалық
Сабақтың принциптері: біртұтастық, жүйелілік, белсенділік, саналылық.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: сұрақ- жауап, көрнекілік, ажырату, жинақтау, ізденушілік.
Пәнаралық байланыс: геометрия, сызу, бейнелеу, үнтаспа.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақтаға дайындалған слайдтар
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Қызығушылығын ояту.
Sin электронды окулығы бойынша жұмыс
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1.Paint программасын іске қалай қосамыз?
2. Үшбұрыш салу үшін қандай құрал қолданылады?
3.Қисық сызық салу үшін қандай құрал қолданылады?
4.Жасыру, үлкейту- кішірейту жабу батырмалары терезенің қандай жолында орналасқан?
5.Палитра не үшін қолданылады?
6.Ерекшелеу (выделение) құралының қызметі?
7.Прямоугольник (Тіктөртбұрыш) құралының қызметі?
ІҮ. Мағынаны тану
ҚҰЮ (Заливка) ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ
1. Құю құралының батырмасын шертеміз.
2. Түстер палитрасынан түс таңдаймыз.
3. Бояғымыз келетін тұйық контурдың ішін тышқанмен
БҮРІККІШ ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ
Бүріккіш құралы бояуды бүрку эффектісін жасау үшін қолданылады.
Ол үшін:
1. құралын шертеміз.
Палитрадан түсті таңдаймыз.
Бүркі құралының өлшеу дағын таңдаймыз.
Тышқан батырмасының сол жағы арқылы бүркі керек.
Қылқалам пайдалану
Өшіргішті пайдалану:
Өшіргіш құралын пайдаланып, өлшемін таңдаймыз.
Тышқанның сол жағын басып отырып өшіреміз.
ІV.Оқулықпен жұмыс
4.12, 4. 14, 4.15 суретті салу
Ү. «Кім жылдам» ойыны
Интерактивті тақтадан көрсетілген суретті салу
ҮІ. Сергіту сәті
Қол саусақтарына арналған жаттығулар
• Алақанды уқалау.
• Қолды қысу
• Білезіктен айналдыру
Көзге арналған жаттығулар.
• Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
• Көзіңмен ақырын оң жаққа қарай 3-4 рет айналым жаса.
• Соншалықты айналым солға қарай
ҮІІ. Шығармашылық жұмыс
1.Біздің ауыл
2. Әрқашан бұлт төнбесін
3. Біздің мектеп тақырыптарында сурет салу .
«Ой толғаныс»
Тест тапсырмасы:
1. Графиктік редактор Paint-ті іске қосу жолы.
а) Іске қосу-программалар-стандартты-Paint графикалық редакторы
ә) Іске қосу-Paint графикалық редакторы
б) Іске қосу-Документтер-Без имени
2.Тік төртбұрышты салу құралы.
а) түзу сайманы; ә) тіктөртбұрыш сайманы; б) көпбұрыш сайманы
3. Фигуралардың іштерін бояу сайманы.
а) қарындаш сайманы; ә) бүріккіш сайманы; б) құю сайманы;
4.Экранға қисық сызықтарды шығару үшін:
а) қарындашты пайдаланамыз; ә) қисық құралын пайдаланамыз;
б) көпбұрыш құралын пайдаланамыз;
5.Экранда жоқ саймандар тақтасын қалай орнатамыз?
а) Түр-аспаптар панелі-белгі қоямыз; ә) Экраннан іздейміз;
б) компьютерді жүктейміз;
6.Экранға қисық сызықтарды шығару үшін:
а) қарындашты пайдаланамыз; ә) қисық құралын пайдаланамыз;
б) көпбұрыш құралын пайдаланамыз;
7. Суретті құйып бояу үшін:
а) бүріккіш құралы ә) құю құралы б) өшіргіш құралы
8. Суретті өшіру үшін:
а) өшіргіш ә) карандаш б) бүріккіш
9. Түс таңдау палитрасы терезенің қай жерінде орналасқан?
а) сол жақ төменгі бөлігінде ә) Оң жақ төменгі бөлігінде
б) сол жақ жоғарғы бөлігінде
10. Сурет салу программасы:
а) Paint ә) WordPad б) Блокнот
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау
Бүгінгі сабақтағы көңіл күйлерін смайликтер салу арқылы көрсету.
ІХ. Үйге тапсырма
4. 2 тақырыпты оку Ерікті тақырыпқа сурет салып келу
Х.Бағалау
Тапсырма.
(Күй тыңдала отырып, тапсырма орныдалады)
Күшік пен мысық дос. Олар сурет салғанды ұнатады.
Күшік қатарынан бірнеше күн Paint графикалық редакторында сурет салды. Ол оны мысықтың туған күнінен сыйламақшы. Сурет дайын болар кезде, күшіктің бояуы төгіліп, барлық суретін жауып кетті. Басқа сурет салуға күшіктің уақыты жоқ. Ол қатты ренжіді. Оған қалай көмектесеміз?
Дене шынықтыру минуттары
«3,13,33» деп аталады.
3 дегенде қолды созамыз.
13 десе қолды екі жаққа, ал 33 десе қолды жоғары көтеруіміз керек.
Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей
а) Кез келген радиусты шеңбер сызыңыз. Қара сызықпен сызып ішін қызылға бояңыз
ІІ деңгей
а) 3 шеңбер,4 төртбұрыш, құю құралдарын пайдаланып,салынатын суретті ойлап тап.
ІІІ деңгей
Жұмбақтың шешуінің бейнесін сал
Көкшіл айна үйдегі,
Көрсетеді киноны.
Өз бетімен жұмыс. Мына суретті сала отырып, атын қой.
V. «Ой толғаныс»
Тест тапсырмасы:
1. Графиктік редактор Paint-ті іске қосу жолы.
а) Іске қосу-программалар-стандартты-Paint графикалық редакторы*
ә) Іске қосу-Paint графикалық редакторы
б) Іске қосу-Документтер-Без имени
2.Тік төртбұрышты салу құралы.
а) түзу сайманы; ә) тіктөртбұрыш сайманы;* б) көпбұрыш сайманы
3. Фигуралардың іштерін бояу сайманы.
а) қарындаш сайманы; ә) бүріккіш сайманы; б) құю сайманы;*
4.Экранға қисық сызықтарды шығару үшін:
а) қарындашты пайдаланамыз; ә) қисық құралын пайдаланамыз;*
б) көпбұрыш құралын пайдаланамыз;
5.Экранда жоқ саймандар тақтасын қалай орнатамыз?
а) Түр-аспаптар панелі-белгі қоямыз;* ә) Экраннан іздейміз;
б) компьютерді жүктейміз;
6.Экранға қисық сызықтарды шығару үшін:
а) қарындашты пайдаланамыз; ә) қисық құралын пайдаланамыз;*
б) көпбұрыш құралын пайдаланамыз;
7. Суретті құйып бояу үшін:
а) бүріккіш құралы ә) құю құралы* б) өшіргіш құралы
8. Суретті өшіру үшін:
а) өшіргіш* ә) карандаш б) бүріккіш
9. Түс таңдау палитрасы терезенің қай жерінде орналасқан?
а) сол жақ төменгі бөлігінде ә) Оң жақ төменгі бөлігінде
б) сол жақ жоғарғы бөлігінде
10. Сурет салу программасы:
а) Paint* ә) WordPad б) Блокнот
VІ. Үйге тапсырмалары:
Кітаптан графикалық редакторының құралдарының қызметін оқу;
Қағазда және компьютерде сурет салу айырмашылықтарын жазу.
VІІ. Бағалау.
Пәні : Информатика
Мерзімі: 19 ақпан 2011жыл .
Сабақтың тақырыбы : Paint графикалық редакторында сурет салу.
Сабақтың мақсаты :
• Оқушылардың пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыра отырып, білімін бағалау.
• Оқушының белсенділігін, ой-өрісін, дүниетанымын, тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту.
• Оқушыны кішіпейілділікке, адамгершілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : қайталау сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілі: ойын элементі бар практикум әдісі.
Сабақтың формасы : топтық, жұптық (2 топқа бөлінеді).
Сабақтың жоспары:
«Бақытты сәт» ойыны :
1. «Бой сергіту»
2. «Бөшкедегі бас қатырғылар»
3. «Көкпар»
4. «Шығармашылық тапсырма»:
• 1-топ : «Гүлдер әлемі»
• 2-топ: «Құстар әлемі»
5. «ЭССЕ» жазу
6. «Топ басшыларының сайысы» . Техникалық диктант.
Сабақтың барысы :
Пайдаланылған көрнекіліктер :
«Бой сергіту» сұрақтары:
1. Графикалық редакторды іске қосу жолын ата.
2. Салынған суретті сақтау үшін қандай әрекет орындалады?
3. Тұйық контурдың ішін бояу үшін қандай құрал пайдаланылады?
4. Түстер тақтсын жұмыс алаңына шақыру үшін қандай әрекет орындалады?
5. Құралдар тақтасын шақыру қандай пернелер комбинациясы көмегімен орындалады?
6. Жұмыс үстеліндегі суретті бірден жою үшін қандай әрекет орындалады?
7. Жаңа бет ашу үшін қандай әрекет орындалады?
«Бөшкедегі бас қатырғылар» ойының тапсырмасы :
«Көкпар» ойынының тапсырмасы :
Редактордың терезе элеметтерінен сұрақтар қойылады. Жауап жылдам берілуі керек.
«Техникалық диктант» :
Графикалық редактор ____________ сурет салуға, графикалық объектілерді өңдеуге арналған бағдарлама.
Бағдарлама мынадай терезе элеметтерінен тұрады ________________________________________________________________________.
Негізгі түсті таңдау үшін мауыстың _____________ батырмасын, фонды таңдау үшін _____________батырмасын шертеміз.
Мәзір қатары мынады әрекеттерден тұрады ………………………………………………………………………… 7 сынып.
