7 жасар Нұрзаттың Тәуелсіздіктің 20 жылдығына тартуы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,
№249 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі
Ермағамбет Мереке Зейнуллақызы
Тақырыбы: 7 жасар Нұрзаттың Тәуелсіздіктің 20 жылдығына тартуы
Барысы:
Хор: Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!
Ақниет: Бүгін бізге Үлкен мереке!
Нұрсаәт: Бүгін бізде үлкен той!
Гауһар: Себебі 7 жасар Нұрзаттың Тәуелсіздіктің 20 жылдығына өнер тартуын қабыл алыңыздар!
Хор: Сонымен
Ақниет: Республикалық «Ақ көгершін»байқауының жеңімпазы
Нұрсәт: Республикалық «Ғұмыр Дария»байқауының бас жүлдегері
Гауһар: Халықаралық Ғұмыр Дария байқауының жеңімпазы
Хор: Сахнада 7 жасар Нұзат
Мәнерлеп оқу.
Көк аспандай тауарлардың
Елжірейтін күні бұл
Елім дейтін ұлдардың
Елжірейтін күні бұл
Атамекен ақ үйдің
Азамат болған күні бұл
Құндақтағы сәбидің
Қазақ болған күні бұл
Бір-бірімен жарасып
Қауымдасқан күні бұл
Дүрілдетіп өңірді
Дүрілдетсін өмірді
Баршаңызды Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!
Ән: Өз елім
Ақниет: Жұпар иісі аңқыған туған жердің намысын қорғайтын
Да қолдайтын да мына біз.
Нұрсәт: Дұрыс айтылған сөз.
Әркімнің туған жері өзіне ыстық
Туған жер-баршаңызға ыстық.
Гауһар: 7 жасар Нұрзат туған жерін жырлап сахна төрінде орындап, Бас жүлдеге ие болған әні «Бес қопа»
Ақниет: Нұрсәт сен білесің бе? « Қаражорға» биі бұрын қалай аталған?
Нұрсәт: Естуімше «Қаражорға» биі бүрын «Буын» биі деп аталған. Бұл биді билегенде адамның он екі мүшесіндегі бүкіл сүйек қимылдайды.Бидің қасиеті де осында.
Гауһар: «Қаражорға» биін Арыстан Қажы Шәдетұлы 7 жасынан бастап 65 жыл бойы, әлемнің 56 елінде билеп насихаттап шыққан.
Нұрсәт: Еділ үшін егесіп.
Ақниет: Жайық үшін жандасқан.
Гауһар: Махамбеттей марқасқаның
Мен,мен едім ,мен едім өлеңін қабыл алыңыздар
Ақниет: Менің анам алтын.
Нұрсәт: Сенің анаң алтын.
Гауһар: Білдім,білдім сендер досымыз Нұржігіттің айтқалы тұрсыңдар ма?
Ақниет: Оны қайдан біліп қойдың?
Гауһар: Өйткені, Нұржігіт осы әнді орындағаннан кейін оны барлық ұстаздар «Менің анам алтын» деп атап кеткен
Нұрсәт: Осы Гауһардан ештеңе жасыра алмайсың
Ақниет: Халықаралық «Ақ көгершін»байқауының жеңімпазы Байқара Нұржігіттің қарсы алыңыздар!
Нұржігіт: Әнімді барша « Алтын аналарға»арнайымын.
Нұрзаттың әжесіне гүл беру.
Нұрсәт: Ақниет,сенің ойыңша ең ақылды,ең көрікті әжем, анам, әрине, ұстаздарым деп ойлаймын.
Гауһар: «Сіз көріктісіз» әнін қабыл алыңыздар!
Нұрзат: Лицей ұстаздары, әсіресе, Сіздер ақылдысыздар, Сіздер көріктісіздер.
Ән соңында Күләш апайға гүл беру
Нұрзат: Менің бүгінгі ән кешіме ұйытқы болған
Атам-Әбілқасым
Әжем-Сақыпжамал
Атам, Әжем, мен сіздерді жақсы көрем
Темірхан: Ата,Әже әні орындалады.
Ақниет: Нұрсәт сен білесің бе? 7 жасар Нұрзат бас жүлде алған соң. Ол Гала концертке ән айту құрметіне ие болған.
Нұрсәт: Иә,Нұрзат Гала концертте «Детство»әнін орындаған екен.
Гауһар: Олай болса, «Детство»әнін қабыл алыңыздар.
Ақниет: Нұрсәт,Гауһардың киімі сені ойландырмай ма?
Нұрсәт: Әрине, ойланындар.
Ақниет: Гауһардың өзінен сұрап көрсек қалай болады? Гауһар біз саған қарап ойланып тұрамыз.
Гауһар: А,а… Шіркін,Үнді әнін тыңдасам ғой!
Хор:Тыңдайсын,тыңдайсың!
Үнді әні «Ча-лия»
Нұрсәт: Ақниет, сен Нұрзаттың ән айтудан басқа қандай өнері бар екенін білесің бе?
Ақниет: Ойланып көрейін.А.Нұрзат музыка мектебінде Баян апайдан пианино ойнаудан дәріс алады.
Гауһар: Нұрзаттың тағы бір өнеріне куә болайық. Экранға назар аударыңыздар!Пианино!
Ақниет: Нұрсәт, білесің бе? Нұрзат би билеп те сахна сәнін келтіреді екен.
Нұрсәт: Солай ма?
Нұрсәт: Баршаңызды Халықтар достығы – 1 мамыр Ынтымақ
Гауһар:Мерекесімен құтттықтаймыз!
Хор: Сіздердің құрметтеріңізге Кавказ биі.
Темірхан мен Алтынай
Нұрсәт: Жігітке 7 өнер де аз.
Ақниет: 7 жасар Нұрзат спорт мектебінде Ердәулет ағайы жетекшілік ететін таэквондомен де шұғылданады.
Гауһар:Назарларыңызға спорттық көрініс
Нұрзат:Атам да жақсы
Әжем де жақсы
Әрине ұстазға ешкім жетпейді.
Ән: Ұстаз бен оқушы
Нұрсәт: Ақниет сен қалай ойлайсың біздер қандай баламыз?
Ақниет: Әрине бақытты баламыз! Балдырған,балдаурен балалық шағымыз осындай керемет білім ордасында оқып жатқан бізден бақытты бала жоқ шығар,сірә!
Гауһар: Лицейлік балдаурен, бақытты, балдырғандар «Балдаурен» әні сіздерге арналады.
Гауһар: Құрметті көрермендер, сыныптас досымыз 7 жасар Нұрзаттың ән кеші мәресіне жетіп қалды.
Нұрсәт:Тоқта-тоқта Гауһар!Бүгінгі керемет ән кешінде көрермендердің жылы лебізін тыңдасақ
Ақниет: Күләш Бердікенқызы сіз бүгінгі 7 жасар Нұрзаттың ән кешінен қандай әсер алдыңыз?
Гауһар: Нұрзат мектепке дейін «Балдырған» балабақшасында тәрбиеленіп келген. «Балдырған» бала –бақшасынын басшысы Бағым Шарапқызвы, Нұрзаттың бүгінгі ән кешіне не айтар едіңіз?
Нұрсәт: Осы ән кешімізге Нұрзаттың өнер сахынасында ән айтуына ұйытқы болған Аудандық оқушылар үйінің ұжымы келіп отыр екен. Сөз кезегі өздеріңізде
Ақниет: Нұрзаттың атасы да, папасы да, мамасы да ауданымыздағы іргелі №216 мектепте дәріс алған. №216 мектептің Алима апай бастаған қауымы сөз кезегі өздеріңізде.
Нұрсәт: Аудандық білім бөлімі жанындағы кәсіподақ комитетінің төрайымы Ермек апай да Нұрзат баласының өнеріне куә болып ортамызда отыр. Ермек апай, Сізді сахына төріне шақырамыз.
Гауһар: Жігіттің жақсысы нағашысынан дегендей, Нұрзаттың ән кешіне келген нағашылары сіздердің лебіздеріңіз қандай?
Ақниет: Өзі 7 жасар болса да үлкен сахна төріне өнер көрсетіп ән құдіретімен сусындатқан Нұрзатқа бата сұраймыз.
