"45minut - Vox populi"

Мен – “Президенттің ұлымын”

Түркістан қаласы,  Ататүрік атындағы
№17мектеп-гимназияның
ағылшын тілі
пәнінің мұғалімі Санжар ҒҰЛАМОВ

“ХХІ ғасырдың Қазақстаны – талантты, еңбекқор, толеранты халықтың небәрі екі онжылдықта нөлден бастап құрған елі.  Бұл – біздің бәріміз мақтан тұтатын ортақ жемісіміз. Бұл – біздің шексіз ұлы ортақ туындымыз…” Мен бүгін сөзімді Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған осы бір мәні терең үндеумен бастағым келіп отыр.
Мен, Ғұламов Санжар Пархатұлы, Түркістаның төл тумасымын. Еңбек жолын енді бастаған жас маманмын. Бүгінгі күнде қаламыздағы Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясында мұғалім болып жұмыс істеп келемін. Келешегінен үміт күттірер Қазақстаның жалын атқан жастарының бірімін. Жастар — елдің болашағы, деп атап өткен Елбасымыз бүгінде жастарға арнап жаңа бағдарламалар жасап, жаңа мүмкіншіліктер тудыруда. Кезінде “Мен жастарға сенемін”, деп Мағжанның жырлап өткен жастарына бүгінде Елбасымыз да ерекше сенім артып отырғаны ақиқат.  Содан болар жастарға деген қамқорлық жыл өткен сайын жоғары деңгейде жүзеге асырылып келе жатыр. Елбасымыздың жастарға деген ерекше қамқорлығын бүгін мен теориялық тұрғыда емес практикалық тұрғыда дәлелдеп өткім келеді.  Оған менің өмірім анық куә.  Елбасымыздың аты аталған кезде ойыма оралатын жәйт те осы…

Мен өзім бала кезден тума жүрек ауруымен ауырдым.  Отбасылық жағдайымыз төмен болғандықтан жүрегіме ота жасатудың сәті түспеді. Тоғызыншы сынып оқып жүрген кезім болатын. Жиі дем жетпей ентігетінмін. Шыбын жаныма ем іздеп анам екекеуіміздің бармаған тауымыз, баспаған жеріміз қалмады. Сол бір қысылтаяң кезде бүкіл Қазақстан жастарының жанаямас қамқоршысы біліп, Елбасымызға хат жолдағаным бар еді. Мен тек теледидардан ғана көріп жүретін осы бір тұлғаның ерекше қамқор, ерекше мейірімді екенін іштей сезетінмін. Бала жүрегім алдамапты. Көп ұзамай жазылған хатқа жауап алдым. Қамқор Елбасымыз мені Астанадағы 2004 жылы енді ғана ашылған жаңа Кордиологиялық Орталыққа жолдады. Осылайша Кореядан арнайы шақыртырылған Пья атты дәрігерге жүрегіме тегін ота жасату бақытына ие болдым. Елбасымыздың ерекше қолдауымен жасалған ота сәтті аяқталды. Жаңадан өмірге келгендей сезіндім. Ауылға оралғанда көрші-қолаң, дос-жарандар айналамды қоршап алып “Назарбаев папаңның жағдайы қалай екен, отаны сылтауратып “Әкеңді” бір көріп келдің бе?”, деп мені қалжың аралас сөзге тартатын. Елбасымен жиі хат алмасып тұратынымды естіген ел мені “Президентің баласы” деп өздерінше әзілдеп қоятынды шығарды. Көпшіліктің олай деп айтатыны, мен екі сөздің бірінде Елбасымыз бүкіл Казақстан жастарының әкесі болып есептеледі, деп айтып отыратынмын. Кең мағыналы бұл сөзімді қысқа түсінген кейбір алыпұшарлар Назарбаев Санжардың әкесі екен дегенді шығарды. Содан болар, әйтеуір, “Президенттің баласы” аталып кеттім… Міне, бүгін адам болып, жер басып жүруімнің өзі әуелі Алланың қалауы болса, содан соң қамқор Елбасымыздың арқасы. Менің жаңа өмір есігін қайта ашып, жер басып жүруіме себепші болған бірден-бір адам сол кісі. Елбасымызды ерекше жақсы көретінімнің сыры да сонда жатыр.

Ота сәтті аяқталып, ауылыма дін аман оралғанда қолыма қалам алып Елбасымызға алғысымды білдіріп тағы да хат жаздым, ол хатқа қоса арнайы Елбасымызға арнап жазған мына бір жүрекжарды өлеңімді де жолдаған болатынмын:

Ер Нұрсұлтан, Нұр аға,

Ел-жұртына бір аға.

Сол еліңнің бақытына

Аман-есен жүр, аға!

Елін жүретін сүйеп

Бойында бар қасиет.

Алдыңызда Нұр аға

Бүгін халқың бас иед.

Зұлымдық күні батып,

Елге орнады бақыт.

Сіз – бақытты, Біз – бақытты,

Азаттық таңы атып.

Ел үшін һәм жер үшін,

Аямаған бар күшін.

Сіз, аға, Ел басына

Қондырған бақыт құсын.

Көп кешікпей бұл хатқа да жауап алдым. Бұл жолғы Елбасыдан келген жауап менің өмірге деген құштарлығымды арттырып, бойыма таусылмас күш-жігер бітірді. Бала көңіліме ерекше сенім ұялатты. Елбасымыз ол хатта маған өзінің бар ыстық лебізін білдіре келе, алдағы өмір жолымда сәттілік тілеген болатын. Хаттағы мәтін ішіндегі мынадай жолдар назарымды өзіне ерекше аудырған еді; “…Құрметті Санжар өзіңдей таудай талап иесі келешекте Тәуелсіз еліміз Қазақстаның дамуына өз үлесін қосады деп сенім артамын…” Сол күнен бастап өз-өзіме Елбасымыздың үмітін ақтаймын деп серт бердім… Міне, Елбасымыздың менің өміріммен тұтасып жатқан тұстары… “Менің ЕЛБАСЫМ” деп ерекше леппен айтатыным да содан.

Бұл – менің Елбасым. Бұл – менің Президентім.

Санжар ҒҰЛАМА

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.