Тәрбие сағаты.Күмбірлеген күй-құдірет,күй-арман

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы
№ 17 кәсіптік лицей Математика-информатика және
арнаулы пән мұғалімі : Ақшабақова Кульзипа Амирхановна

Мақсаты:   Егіндібұлақ аулының 100 жыл толу мерейтойына байланысты жерлес  шертпе күйдің шебері Тәттімбет Қазанғапұлының    өмірімен таныстыру. Туған  жерді, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл, адамгершілігі мол  азамат   етіп  тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:          Буклет, плакаттар, қанатты сөздер,

компьютер, экран /слайд-шоу/

Барысы:

Құрметті оқушылар ,қонақтар , Тәттімбеттің туысы Тұрысбек аға!

« Күмбірлеген күй- құдірет, күй- арман» -атты тәрбие сағатымызға хош келдіңіздер!.

Бүгінгі  сабақта жарқ етіп сөнген жасындай ,аз ғана ғұмыр кешсе де, өмірдің бар қызығын тәрк етіп, бүкіл күш-қуатын, жастық-жігерін, махаббатын туған халқына арнаған қазақ халқының  ұлы компазиторы, әрі асқан домбрашы, аспапты музыкада романтикалық дәстүр қалыптастырып, шертпе күй орындаушылық мектептің негізін салған Тәттімбеттің өмірі мен творчествасына тоқталғалы отырмыз.. Ежелден-ақ батыры мен биі, ақыны мен серісі, ақылманы, данышпаны көп халық едік қой.

Ендеше  сөз кезегін Айнұрға берейік.

Баяндама: « Күй төресі- Тәттімбет».

Біз бүгін ата-бабаларымыздыңдан қалған мол мұра-киелі күй өнерінің адам жанын не бір әсерге бөлейтін құдіретті де ғажайып күшін ес білгеннен сезініп, бойына дарытқан, ел таныған шертпе күйдің шеберіТәттімбет Қазанғапұлының жігерлі насихаттаушысы, белгілі домбырашы, жерлесіміз Тұрысбек Түсіпбековпен кездесіп отырмыз.

Тұрысбек аға бала кезінен Тәттімбеттің күйлерін тартып үйреніп,әр күйдің  өз ерекшелігіне қарай орындау мәнерін сақтап, тыңдаушының құлағына әсерлі етіп жеткізе білуге үйренеді.Әр күйдің өз орындау шеберлігі бар,ендеше сөз кезегін Тұрысбек ағаға берейік.

Жүргізуші:Бүгінгі белгілі ақын, қоғам қайраткері Кәкімбек Салыков ағамыз:

-Нұрлы сәуле шақырғандай гүл-арман,

Денең балқып, көңіл шығар құмардан.

Дана десек Тәттімбетті қазағым,

«Сарыжайлау» ғой төр, төбеге шығарған

Жүргізуші:Оқушыларымыздың орындауында «Саржайлау» күйін тыңдайық.

Жүргізуші:Өздерің тыңдаған «Саржайлау» күйінің шығу тарихына тоқтала кетейік.

Санкт-Петербургте ақпатша ІІ Александр таққа отыру тойында Сібір қазақтары өкілі ретінде Шыңғыс Уалиханов, Бегали Қоңырқұлжин, Мұса Шорманов, тәттімбет Қазанғапұлыменбірге сегіз адамды қабылдаған.Қабылдауға барған Тәттімбетөзінің өзек жардышығармасы «Сарыжайлау» мен «Көкейкесті» күйін орындап беріп, патшаның өз қолынан күміс медаль белгісін алады.

Домбырамда бір күй бар көкей кескен,

Көкей кескен, ұға алсаң,шықпайды естеп,

Бір кезде сол көкей і алмас қылыш,

Жан қайғысын ағызып,шаншып тескен – дей келе

Жүргізуші:Тұрысбек ағадан «Көкейкесті» күйін орындап беруін сұрайық.

Жүргізуші:

Билеп бір күй сана-сезім,есімді,

Одан өзге естіртпейді еш үнді.

Күңіренген күй секілді гуілдеп,

Сарыарқаның самал желі есілді.

 

Әлдеқайдан  құстар үні сұңқылдап,

Жүрегімді шымырлатты шым-шымдап.

«Көкейкесті» көңіл күйін арбаса,

Сылдыр қақты құлағымда «Сылқылдақ»

 

Жүргізуші:Оқушылардың орындауында «Сылқылдақ» күйін тыңдайық.

 

Жүргізуші:

Көп іздеген көңіл емін таптым деп,

Тұнық ойдың теңізіне баттым көп.

Күй сарыны күмбірлесе құлақта.

Көз алдымда көптің ұлы Тәттімбет.

 

Дарындардан дара шығып сый алған,

Күмбірлеген күй тудырған қиялдан.

О, Тәтті аға, талантыңа табындық,

Күмбірлеген күй-құдірет, күй-арман.

Құрметті Тұрысбек аға! Бізге келіп жас ұрпаққа ұлағатты да, мазмұнды әңгімеңіз үшін көп-көп рахмет айтамыз!. Тәттімбеттің өмірі мен творчествасын зерттеп,насихаттау жұмыстарында тағы да осылай жемісті еңбек етіп,жаңа табыстарға жете беруіңізге тілектестік белдіреміз!. Әрқашан аспанымыз ашық болып, көк аспанда көк туымыз желбірей берсін деген тілекпен «Күмбірлеген күй-құдірет,күй-арман» -атты тәрбие  сабағымызды аяқтаймыз.

Келіп тамшалағандарыңызға көп, көп рахмет!

 

Қарағанды облысы

Қарқаралы ауданы

Егіндібұлақ ауылы

№ 17 кәсіптік лицей

Математика-информатика және арнаулы пән мұғалімі : Ақшабақова Кульзипа Амирхановна

Мақсаты: Егіндібұлақ аулының 100 жыл толу мерейтойына байланысты жерлес шертпе күйдің шебері Тәттімбет Қазанғапұлының өмірімен таныстыру. Туған жерді, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл,

адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Буклет, плакаттар, қанатты сөздер,

компьютер, экран /слайд-шоу/

Барысы:

Құрметті оқушылар ,қонақтар , Тәттімбеттің туысы Тұрысбек аға!

« Күмбірлеген күй- құдірет, күй- арман» -атты тәрбие сағатымызға хош келдіңіздер!.

Бүгінгі сабақта жарқ етіп сөнген жасындай ,аз ғана ғұмыр кешсе де, өмірдің бар қызығын тәрк етіп, бүкіл күш-қуатын, жастық-жігерін, махаббатын туған халқына арнаған қазақ халқының ұлы компазиторы, әрі асқан домбрашы, аспапты музыкада романтикалық дәстүр қалыптастырып, шертпе күй орындаушылық мектептің негізін салған Тәттімбеттің өмірі мен творчествасына тоқталғалы отырмыз.. Ежелден-ақ батыры мен биі, ақыны мен серісі, ақылманы, данышпаны көп халық едік қой.

Ендеше сөз кезегін Айнұрға берейік.

Баяндама: « Күй төресі- Тәттімбет».

Біз бүгін ата-бабаларымыздыңдан қалған мол мұра-киелі күй өнерінің адам жанын не бір әсерге бөлейтін құдіретті де ғажайып күшін ес білгеннен сезініп, бойына дарытқан, ел таныған шертпе күйдің шеберіТәттімбет Қазанғапұлының жігерлі насихаттаушысы, белгілі домбырашы, жерлесіміз Тұрысбек Түсіпбековпен кездесіп отырмыз.

Тұрысбек аға бала кезінен Тәттімбеттің күйлерін тартып үйреніп,әр күйдің өз ерекшелігіне қарай орындау мәнерін сақтап, тыңдаушының құлағына әсерлі етіп жеткізе білуге үйренеді.Әр күйдің өз орындау шеберлігі бар,ендеше сөз кезегін Тұрысбек ағаға берейік.

Жүргізуші:Бүгінгі белгілі ақын, қоғам қайраткері Кәкімбек Салыков ағамыз:

-Нұрлы сәуле шақырғандай гүл-арман,

Денең балқып, көңіл шығар құмардан.

Дана десек Тәттімбетті қазағым,

«Сарыжайлау» ғой төр, төбеге шығарған

Жүргізуші:Оқушыларымыздың орындауында «Саржайлау» күйін тыңдайық.

Жүргізуші:Өздерің тыңдаған «Саржайлау» күйінің шығу тарихына тоқтала кетейік.

Санкт-Петербургте ақпатша ІІ Александр таққа отыру тойында Сібір қазақтары өкілі ретінде Шыңғыс Уалиханов, Бегали Қоңырқұлжин, Мұса Шорманов, тәттімбет Қазанғапұлыменбірге сегіз адамды қабылдаған.Қабылдауға барған Тәттімбетөзінің өзек жардышығармасы «Сарыжайлау» мен «Көкейкесті» күйін орындап беріп, патшаның өз қолынан күміс медаль белгісін алады.

Домбырамда бір күй бар көкей кескен,

Көкей кескен, ұға алсаң,шықпайды естеп,

Бір кезде сол көкей і алмас қылыш,

Жан қайғысын ағызып,шаншып тескен – дей келе

Жүргізуші:Тұрысбек ағадан «Көкейкесті» күйін орындап беруін сұрайық.

Жүргізуші:

Билеп бір күй сана-сезім,есімді,

Одан өзге естіртпейді еш үнді.

Күңіренген күй секілді гуілдеп,

Сарыарқаның самал желі есілді.

 

Әлдеқайдан құстар үні сұңқылдап,

Жүрегімді шымырлатты шым-шымдап.

«Көкейкесті» көңіл күйін арбаса,

Сылдыр қақты құлағымда «Сылқылдақ»

 

Жүргізуші:Оқушылардың орындауында «Сылқылдақ» күйін тыңдайық.

 

Жүргізуші:

Көп іздеген көңіл емін таптым деп,

Тұнық ойдың теңізіне баттым көп.

Күй сарыны күмбірлесе құлақта.

Көз алдымда көптің ұлы Тәттімбет.

 

Дарындардан дара шығып сый алған,

Күмбірлеген күй тудырған қиялдан.

О, Тәтті аға, талантыңа табындық,

Күмбірлеген күй-құдірет, күй-арман.

Құрметті Тұрысбек аға! Бізге келіп жас ұрпаққа ұлағатты да, мазмұнды әңгімеңіз үшін көп-көп рахмет айтамыз!. Тәттімбеттің өмірі мен творчествасын зерттеп,насихаттау жұмыстарында тағы да осылай жемісті еңбек етіп,жаңа табыстарға жете беруіңізге тілектестік белдіреміз!. Әрқашан аспанымыз ашық болып, көк аспанда көк туымыз желбірей берсін деген тілекпен «Күмбірлеген күй-құдірет,күй-арман» -атты тәрбие сабағымызды аяқтаймыз.

Келіп тамшалағандарыңызға көп, көп рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше