Ғарышкерлер

 БҚО, Казталов ауданы, Нұрсай ауылы
Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебінің мектепалды
даярлық тобының тәрбиешісі Жумагулова Фариза Қалиханқызы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім аумағы: “Қатынас”
Білім бөлімі: “Көркем әдебиет”
Тақырыбы: “Ғарышкерлер”
Б/M   Балаларға ғарыш әлемі жайлы түсінік беру,Еліміздің ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мүсабаев жайлы әңгімелеу.
Д/М  Сурет бойынша әңгімелей отырып тілдік қорын жетілдіру.Ойлау, есте сақтау   қабілеттерін дамыту.
Т/М   Балаларды ептілікке,шыдамдылыққа,шығармашылыққа баулу.
Көрнекілігі: 
Ғарышкерлердің суреттері,Байқоңырдың суретті.
Сөздік-жұмыс:  Космодром,скафандр.

Әдіс-тәсілдері:  көрсету ,түсіндіру,сұрақ-жауап,жұмбақ,жаңылтпаш,ойын,мадақтау.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті  Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдастырушы-қозғаушы қызметі
Тілек шеңбері:
Армысың,асыл күн!
Армысың,асыл жыр!
Армысың, көк аспан!
Армысың,жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Міне,менің қолым.
Шеңбер жасаған балалар бір-біріне ертеңгілік жылы лебіздерін білдіреді
Ұйымдастырушы-ізденушілік
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілінде қандай табиғи құбылыстарды байқадыңдар?
-Көктем мезгілінде неше ай бар?
-Сәуір айында қандай мейрам бар?
-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Күміс қанат сұңқары,
Көкке еркін сүңгиді.
Бұлттан да тым әрі
Кеткен жанды кім дейді
Шешуін табыңыздар.
-Айға ұшып,айға сапар шеккен  адамдарды ғарышкерлер дейміз
-Балалар,кәне сендер ғарышкерлерді білесіңдер ме?
Ең алғаш ғарышқа көтерілген Ресей азаматы Ю.А.Гагарин болды
Ең бірінші айға адамдар ұшпас бұрын
Тірі дененің баруы үшін итті ғарышқа ұшырған.Жерге қонғаннан кейін оның денесіне ,қанына тексеру жүргізіп,ғарышқа адамның да баруға болатынын білген.
Ал Қазақстаннан алғаш ғарышқа ұшқан ғарышкер 1991жТоқтар Әубәкіров ұшты.

Екінші болып ғарышқа қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев.

Біздің Қазақстанда ғарыш айлағы Байқоңыр деген жерде орналасқан.

Ғарышқа ұшар алдында олар әр түрлі дайындықтан өтіп, арнайы білім алды. Ғарышта адам дем алатын ауа жоқ, көлеңке жақта қатты суық, күн түсіп тұрған жағы өте ыстық болады.
Сөздік жұмыс:
Космодром-зымырандар ұшатын орынды ғарыш айлағы.
Скафандр-арнайы киім.
Сергіту сәті.
Бір,екі,үш,
Қарлығаш боп ұш.
Төрт,бес,алты,
Қарлығаш боп қалқы,
Жеті,сегіз,тоғыз,он,
Қарлығаш боп қон.
Оқулықпен жұмыс
-Ғарышкер  мен  ұшқыштың айырмашылығы неде?
-Суреттегі кім?
-Сендер оларды қайдан білесіндер?
Жаңылтпаш
Ғарышкер ұшты ғарышқа,
Ғарышқа ұшты ғарышкер
Айтшы,ғарыш,алыс па?
Ойын: «Ұшты-ұшты»
«Ұшты-ұшты» зымыран ұшты.
«Ұшты-ұшты» қалам ұшты.
«Ұшты-ұшты» торғай ұшты.
«Ұшты-ұшты» кітап ұшты.
Сұрақ-жауап
-Ең бірінші Қазақстаннан ғарышқа ұшқан кім?
-Ғарышкердің киімі қалай деп аталады?
-Қазақстанда ғарыш айлағы қай жерде орналасқан?
Жарайсыңдар бүгін сендер жақсы жауап бердіңдер!
Сабаққа өте белсенділік танытқан балаларды жұлдызшамен,жақсы қатысқан балаларды төртбұрыш таңбаларымен мадақталды.
-Көктем
-Күн жылынады,айнала тегіс көгеріп.Талдар бүршік жарады
-Наурыз,сәуір,мамыр.
-12сәуір ғарышкерлер күні.

Балалар зейін қойып тыңдап,жұмбақтың шешуін дұрыс табуға тырысты
Балалардың жауабы
Ғарышкерлер
Балалар тыңдайды,

Қолдарын жанға көтереді.Қолдарын жанға көтеріп қалқиды.Қайта орындарына отырады.

Балалдардың жауабы

-Ғарышкер
-Теледидардан, суреттен көрдік.
Балалар қайталайды.

Балалар қолдарын көтереді.Балалар ойын шартын түсініп,ойынға қызығушылық танытып,белсенді қатысады.
-Тоқтар Әубәкіров
-Скафандр
-Байқонырда

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Ғарыш әлемі,Қазақтың ғарышкерлерімен танысып,атай білуі.
Игеру керек: Ғарыш әлеміне байланысты жаңа сөздерді меңгерді
Үйрену керек: Ғарышкерлер мен ұшқышты ажырата білуі, зейіні, есте сақтау қабілеті артады. Ғарышкерлер туралы жаңылтпашты жаңылмай айта алады. Ойын шартын түсініп ойнай білді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше