Без рубрики

60 метр қашықтыққа жүгіру

БҚО, Казталов ауданы, Нұрсай ауылы
Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебінің
дене шынықтыру пәні мұғалімі Габдулов Дархан Абайұлы

Өтетін орны: Спорт алаңы
Сабақтың тақырыбы: 60 метр қашықтыққа жүгіру
Сабақтың мақсаты: а) Денсаулықты жақсарту, ептілікті, төзімділікті дамыту б) Білім беру, сауықтыру, дене бұлшық еттерін шынықтыру
в) Тәрбиелеу, достықты, мейрімділікті нығайту
Сабақ әдісі: Жаңа сабақты түсіндіру, баяндау, машық жұмыстар
Сабақ түрі: Жаңа білім алу
Пән аралық байланыс: Волеология, Биология.
Көрнекі құралдар: Денсаулық, спортқа байланысты суреттер. Денсаулық, мектептегі дене шынықтыру журналдары. Секундамер
Сабақ барысы: Ұйымдастыру
Дайындық бөлім: Оқушыларды сапқа тұрғызып, сынып түзеліңдер, тік  тұрындар деген бұйрық беріп сәләматсыздарма оқушылар деп сәлемдесу. Кезекшінің баяндамасын тыңдап сабақта жок оқушыларды журналға белгілеу.

Жүру кезінде орындалатын жаттығулар

Қол жоғарда аяқ ұшымен жүреміз;

Қол желкеде өкшемен журеміз;

Қол алда жартылай отырып жүреміз;

Қол желкеде толықтай отырып жүреміз;

Жүгіру кезінде орындалатын жаттығулар

Бір қалыпты алаңды айналып жүгіреміз;

Қол белде, оң жақ сол жағымызбен ауысып жүгіреміз;

Қол алда тізені қолға тигізіп жүргіземіз;

Қол артта өкшені қолға тигізіп жүгіреміз.

Бір орында жасалатын жаттығулар

1. Б.Қ-қол белде аяқ иық денгеиінде басты оңға 4рет,солға 4рет
Айналдырамыз;

2. Б.Қ: Аяқ иық деңгейінде, қолды иыққа қойып алға, артқа иығымызды айналдырамыз;

3. Б.Қ Қол кеуде тұсында аяқ иық көлемінде 1,2 алға, 3,4 оңға. 1,2 алға 3,4 солға қолды ашып жаямыз;

4. Б.Қ сол қол белде, оң қолды жоғары көтереміз 1,2 оңға 3,4 солға иілеміз.

5.Б.Қ Қолымыз белімізде, аяқ иық көлемінде белімізді оңға 4 – рет, солға 4- рет айналдырамыз

6. Б.Қ.Н.Т.
1.Қол жоғары шалқайамыз
2.Қол едеңде еңкиеміз.
3.Қол алда отырамыз
4.Б.Қ.

7. Б.Қ Қолымызды алдымызда созамыз,сол аяқты оң қолды,оң аяқты сол қолға тигіземіз.
8. Б.Қ аяқ денгиінде,тіземізді 1,2,3,4 ішке қарай 1,2,3,4сыртқа қарай айналдырамыз.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:Өтілген сабақтан сұрақтар қойып үй тапсырмасын текскру.

1.    Қозғалмалы ойындардың түрлерін атаңыз?
2.    Қозғалмалы ойындардың ішіндегі, оймен ойнайтын ойын түрі? (тоғызқұмалақ,шахмат)
3.    Көкпар ойынын неше топ, немен ойнайды?
4.    Қазақ халқын әлемге таратқан қазақ балуаны

Жаңа сабақ:

Қысқа қашықтыққа жүгірмес бұрын 20-30 метр қашықтыққа  жүгіру керек. Қысқа қашықтыққа төменгі сөреден жүгіреді. Қысқа қашықтыққа аяқты сілтей әрі кең адымдап жүгіру керек және шапшандықты біртіндеп арта берген дұрыс. Қысқа қашықтыққа (60,80,100,200 метр) жүгірген кезде аяқты сермей ұшымен басу керек. Жүгіру кезінде денені дұрыс және еркін ұстаған жөн.
Қысқа қашықтыққа жүгіудің ерекшеліктері, жүгіруші жүгірер алдында түрегеліп тұрмай, бір тізесін жерге тигіз қалпында болады, яғни төменгі сөреден жүгіреді. Жүгірер алдында жерге бір тізелеп, екі қолын сөре сызығына тіреп отырады. Сөре сызығынан 30-35 см кейін жерге кішкене шұңқыр қазалады. Ал екінші аяғын сөре сызығыан 70-85 см ұзындығындай қашықтыққа екінші шұңқыр қазылады. Шұңқырдың терендігі жүгірушінің табаның үштен бір бөліндей болуы керек. ,,Сөреге ‘’- деген пәрмен естілген бетте екі қолды жерге тейгізіп, екі иық сөре сызығының үстінде немесе сәл алға шыққан қалыпта бір тізелеп отырады. ,,Дайындал’’- деген пәрмен берілгенде жүгіруші, артта  тұрған тізесін сәл көтеріп, жамбас иықтан сәл жоғары болу керек, дәл уақытында әрі дұрыс бстауга өзін жинақтап, ден шығаруды кідірте тұрады ,, Жүгір’- деген пәрмен берілгенде жүгіруші қолды сермей тез әрі қуатты қимыл жасайды. Жүгіру кезінде жүрек қан тамырлары, бұлшық ет буынга күш түседі.

IV. Машықтық жұмыс:Қысқа қашықтыққа 60 метірге жүгіруді, уақыт есептей орындау.

V. Бекіту: Өтілген сұрақтан сұрақтар қойып оқушылардын білімдерін тексеру.
1. Сөреге деген пәрмен берілгенде не істейміз?
2. Жүгіру кезінде адамның қай жеріне күш түседі?
3. 60 метрге жүгірмес бұрын не істейміз?
4. Сөренің қандай түрлері бар?
5. Жүгіру шапшандығы неге байланысты?

VI. Үйге тапсырма: Өтілген сабақты үйден оқып, әдіс тәсілдерді бірнеше рет қайталап, дайындалу.

VII. Қортынды: Оқушыларды сапқа тұрғызып, организмдерін бастапқы қалыпқа келтіру, жақсы көрсеткіш көрсеткен сабақты жақсы меңгерген оқушыларда атап өту, бағалау. Сабақты аяқтау, оқушылармен қоштасу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.