Төлепова Самал Нұртайқызы
№34 лингвистикалық мектеп-гимназиясы
химия пәні мұғалімі Төлепова Самал Нұртайқызы
Алғы сөз
«Сабақ беру- үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер»- деп Ж.Аймауытов айтқандай, оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы мұғалімнің қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты. «Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң тереңдей береді. Қол созсаң қарсы алдында, айналсаң артында тұрғандай» деп айтқандай Егеменді еліміздің болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді. Әр оқушының жүрегіне жол тауып, білімді жүйелі де түсінікті жолмен берудің негізі оқу-тәрбие үрдісін технологияландыруда жатыр. Қазіргі ұсынып отырған сабағым 8-сыныптың «Химиялық реакция теңдеулері» тақырыбы
| Сабақтың тақырыбы | Химиялық реакция теңдеулері | ||
| Сабақтың мақсаты | Білімділік:Химиялық реакция теңдеулерін жазу, коэффициент қою,жазылған реакция теңдеулерін білу икемділіктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: реакция теңдеулерін теңестіре отырып логикалық ойларын дамыту. Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу. |
||
| Сабақтың әдісі | Жазбаша, ауызша, есептер шығару, дәріс, сынақ | ||
| Сабақтың көрнекіліктері | Үлестірме қағаздар, жеке тапсырмалар,электронды оқулық, слайд, кеспе қағаздардағы формулалар | ||
| Пайдаланылған әдебиеттер |
|
||
| Сабақтың жүру барысы | |||
| Жоспар мазмұны | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекетінен күтілетін нәтиже | |
| Кіріспе бөлім
Психологиялық ахуал «Ыстық алақан» тренинг. Мақсаты:тұлғааралық байланысты орнату. |
Сабаққа қызығушылықтары артады. Химия пәнінен элементтердің валенттілігіне байланысты топқа бөлу. Яғни кеспе қағаздардағы формулаларды І,ІІ,ІІІ валентті элементтерге жіктеп, белгіленген валенттілік бойынша топқа бөлінеді. |
||
| Үй тапсырмасын сұрау
Мақсаты:Оқушылардың өткен материалдар бойынша алған білімдерін тексеру. |
1-топ. 1) Мына құбылыстардың қайсысы химиялық құбылысқа жатады: а)қар қиыршықтарының түзілуі; ә) қанттың көмірленуі.
2) Зат құрамының тұрақтылық заңын кім ашты?
|
Берілген тапсырмалар бойынша оқушылар өткен тақырыптарды біледі; | |
| Жаңа сабақ | |||
Жад жазуы/кесте толтыру/ 2. Химиялық теңдеу. 3.Химиялық теңдеуді жазудың ережесі. Негізгі ұғымдар: Химиялық теңдеу.
|
Судың айырылу реакциясын мысалға ала отырып теңдеудің сол жағы мен оң жағындағы формулаларды, қойылатын таңбаларды, индекстерді жазып көрсеткеннен кейін химиялық реакция теңдеуінің коэффициенті деген жаңа ұғымды түсіндіреді. Оқушы коэффициенттің не үшін керектігін білу қажет. Осы мақсатта оқушыларға мынадай сұрақ беріледі:
1. Химиялық реакциялардың мәні неде? Реакцияны коэффициент арқылы теңестіруді көрсету. Химиялық теңдеу коэффициенті жөніндегі білімін бекіту мақсатымен оқушыларға бірнеше теңдеуді теңестіру тапсырылады . 1/ AL + S = AL2S3 2/ Ca + O2 = CaO 3/ Fe + O2 = Fe2O3 Химиялық теңдеуді қалай оқуға болатындығын көрсеткеннен кейін тақтадағы реакция теңдеулерін оқушыларға оқыту . Тақтада берілген заттарды есте сақтап, берілген кестеге АВ, АВ2, АВ3, А2В3, АВ4 бөліп жазу. HCl, CaF2, NH3, Al2O3, CH4 NaCl, CO2, AlCl3, Fe2O3, SiH4 1. Химиялықтеңдеу дегеніміз – химиялықреакцияныхимиялықтаңбаларжәнеформулаларарқылышарттытүрдежазу. Әрекеттесушізаттар – реакцияғакіріскенреакцияласушызаттарнеқысқаша реагенттердепаталады. Жаңадантүзілгензаттарреакцияданшыққанзаттарнемесе өнімдердепаталады. 2. Химиялықтеңдеудіжазудыңережесі: 1.Реагенттердіңформуласынжазу: 2. Өнімніңформуласы: 3.Химиялықтеңдеудітеңестіру: Оқушыларданмұндайхимиялықреакцияныңтолықтеңдеуінқалайоқылуынсұрау: «екі – аш – екі плюс – о – екі» тең «екі – аш – екі – о». Енді алюминий мен оттек қосылып, алюминий оксидін Al2O3 түзетін реакцияның теңдеуін жазып жаттығайық. Бірден реагенттер мен өнімдердің формулаларын бағдаршамен бөліп жазайық: Al + O2 → Al2O3 Оттектің коэффициентін табу үшін, олардың ең кіші ортақ еселігін пайдаланайық. Теңдеудің сол және оң жағындағы оттек атомдарына ортақ ең кіші еселік 2*3꞊6 екенін біле отырып, реагенттің және өнімнің құрамындағы оттек атомдарының санын теңестіру үшін біріншісіне 6:2꞊3, екіншісіне 6:3꞊2 коэффициенттерін қоямыз: Al + 3O2 → 2Al2O3 Алюминий атомдарының саны 4 болатынын өнімнің алдындағы коэффициентінен көрініп тұр, олай болса толық химиялық реакция теңдеуі төмендегідей болады: 4АІ + 3О2 ꞊ 2АІ2О3 |
|
|
| Сабақты бекіту | |||
| «Кім жылдам» аукционы /теңдеу құрып, теңестіру/ | 1-топ. Мына реакция теңдеулерінің коэффициенттерін қойыңыз:
а) N2 + H2 NH3 ә) CO + O2 CO2 б) Al + Cl2 AlCl3 2-топ. Реакция нәтижесінде шыққан заттардың формуласын валенттігі бойынша құрыңыз, және реакция теңдеулерінің коэффициенттері қойып теңестіріңіз: III II а) Al+SAlS IIII ә) Ba + O2 Ba O V II б) P + S P S 3-топ Ca + O2 → Na + Cl2 → Al + S → Al + Cl2 → Li + O2 → Zn + Cl2 → S + O2 → Сергіту сәті |
бұл тапсырмада оқушылардың жылдам ойлау, жылдам жауап беру, жылдам әрекет ету қабілеттері артады | |
| Ойлан, тап! /тақтамен жұмыс/ | Төмендегі химиялық реакция теңдеулеріндегі қажетті заттардың формуласын тауып, коэффициенттерін қойыңдар:
А) ………… + О2 → ZnO; Ә) ……… + O2 → CaO; Б) ……… + O2 → Cr2O3 В) …………+ О2 → MgO Г) ………… + О2 → Р2О5 Д) ………… + О2 → N2O3 Е) ………….. + О2 → СО2 |
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері артады. Теңестіре білу дағдылары қалыптасады. | |
Үйге тапсырма
5,6,8 тапсырмалар, 42 бет. |
|||
| Бағалау | |||
Қорытынды пікір:Осы сабағымды қорытындылай келе, мынадай нәтижеге жеттім. Химия сабақтарында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқу идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, өздік жұмыстың көлемін көбейтуге болады. Сабақты топқа бөліп оқытқанда оқушылардың талпынысы артады, әр оқушы өзін жеке тұлға ретінде сезінеді және өз үлесін қосуға талпынады. «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші, менің ұстаз ретінде де, еліміздің ұлтжанды азаматшасы ретінде де арманым еліміздің әрбір азаматы терең білімді, интеллектуалды, заманауи технологияларды еркін меңгере алатын, әрқайсысы еліміздің дамуына өз үлесін қосса деймін. Сондықтан, білімімді одан әрі жетілдіре отырып, талантты да талапты оқушылар оқытып тәрбиелеу- негізгі мақсатым болып саналады. Осы сабағым өз мақсатына жетті деп ойлаймын.


