Тұрдыбаев Медет
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласындағы
№18 М. Сатыбалдиев атындағы жалпы орта білім беретін
мектептің 8-сынып оқушысы Тұрдыбаев Медет
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бейшева Ментай Идрисовна
1. «2015 жылы «Казахстанская ассоциация сохранения биоразнообразия» РОО-ның ұйымдастыруымен өткен «Ақбөкен – қазақ даласының символы» І Республикалық байқауына «Киігім–киелім» атты төл шығармасын ұсынып, белсенділікпен қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
«Киігім-киелім»
Атам қазақ ежелден,
Киіктерін киеліге санаған.
Сүйіктісін, сұлуын,
«Елігіне» балаған.
Түз төресі – саяқ жортқан жануар
Неге азайып бара жатыр,
Біздің сайын даладан?!
Ей, Адамзат!
Соның бәрі өзіңнен.
Енжарлықпен, қомағайлық сезіммен,
Таптадыңдар табиғатты,
Ал, енді,
Қайтара алсаң, қайтарып көр
Сұлулықты сар далаңнан безінген.
2. «Теріс ағымға телінбе»
Бұл күндері қаратқан әлем назарын,
Қайсар елім, қалың елім – қазағым.
Ұрпақтарың дін мен тілге берік боп,
Экстремизм шаша алмасын тозаңын.
Теріс ағымдар уламасын аңғал санаңды,
Терроризмнің қасіреті, баспасын Ғазиз даламды.
Экстремизмнің жетегіне еріп жеткіншек,
Қарғыс алып халықтан, жылатпасын анаңды.
Қазақ елім, айдарынан жел ескен,
Талай мықты елдерменен теңескен.
Бабалар салған сара жолдан адаспай,
Ұрпақтарың көрінсін биік белестен!
