konkurs

«Туған өлкем-мақтанышым»

Туған өлке, туған жер деген тіркестердің өзі әркімге ыстық естіледі. Себебі туған жердің тезегі де дәрі демей ме? Менің де туған елім Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданы Ақжайық ауылы. Мен үшін ауылымның әрбір жері үлкен елдің мекеніндей көрінеді. Ұлан ғайыр жасыл жайлау даласы, сылдырап аққан мөлдір, тұнық суы, көгілдірлене ашық жарқын көк аспаны, күлімдеген күн нұры, бақшада сайраған әнші құстар-бәрі де елімнің байлығы. Осынау қазынаға толы жерімді сағынбасқа болмайды.

Егеменді еліміздің ертеңі біздер. Сондықтан да ертеңгі туған жерімнің байлығы осы күйінде дамып, көркейе беруіне ат салысу-біздің парызымыз. Ендеше жақсы оқып, өлкемнің тылсым табиғатын қорғап, әбіретке толы, құймақұлақ бала болып, Ақжайығымды нұрландыра берейік, достар дегім келеді.

Туған өлкем, Ақжайығым мен сені мақтан етемін.

Батыс Қазақстан облысы.

Теректі ауданы, Ақжайық ауылы

Ақжайық ЖОББМ-нің

4 «Б» сынып оқушысы

Марленова Айсана Муратовна

Сынып жетекшісі: Кунусова Анаргуль Кобландиевна

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.