Ұстаз-қасиетті адам. Жас ұрпақтың қамын ойлап, әр үйдің еркесіне сапалы білім мен саналы тәрбие беруде саналы ғұмырын сарп етеді. Біздің ұстазымыз көп жылдан бері үзіліссіз еңбек еткен ұлағатты жан. Менің сүйікті де ардақты ұстазым Ахметова Злиха Базарбаевна. Апайым әркез үйретуден жалыққан емес. Ол – білікті маман.
Ұстазым-ақылшы досым, сырласым. Оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, табандылыққа, білімді болуға шақырады. Жүрегінде мейірім шуағы бар әр адам, алғашқы ұстазын құрметтейді деп есептеймін. Мен ұстазымды мақтан етемін.
Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы
№ 42 «Ақ ниет» гимназиясының
3 «Д» сынып оқушысы
Талапқали Альбина Жанайдаровна
Сынып жетекшісі: Ахметова Злиха Базарбаевна