Менің сыныбым өте тату. Сыныпта барлығы 25 оқушы бар. Оның ұлы – 12, қызы – 13. Біз үнемі жұмыстарды бірлесіп атқарамыз. Сынып жетекшіміз Гульфайруз Гайнуллиновна. Ұстазымыз бізге білім беріп, әдепті болуды үйретеді. Сыныпта достарым да баршылық .Олар: Мақсат, Нұралы, Қуаныш. Үзілісте бір-бірімізбен тату болып, түрлі ойындар ойнаймыз. Туған күндерімізде жақсы тілектер айтып, қуанамыз. Сыныбымда бәрі де әдепті, сабақтарын күнде оқып жүреді. Демалыстарда апайымыз бізді демалыс орындарына, театрға апарады. Мектептегі түрлі шараларға қатысамыз. Жетістіктерге де жетіп жүрміз. Біздің сынып үнемі алда жүреді. Болашақта да көп жетістіктерге жететінімізге сенемін.
Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы
№ 46 ЖОББМ-нің
1 «В» сынып оқушысы Кайсенов Азамат Мирболулы
Сынып жетекшісі: Ахметова Гульфайруз Гайнуллиновна