Туған елім
Менің туған жерім –қасиетті Қаратөбе ауданы. «Әркімнің туған жері-Мысыр шаһары»- деп бекерге айтылмаған. Маған өзімнің туған жерім оттай ыстық. Мен елімді мақтан етемін. Өйткені біздің елден атақты ақын-жазушылар, әншілер көп шыққан. Мені олардың еңбек жолдары қызықтырады. Елге сыйлы азаматтарды өзіме үлгі етемін. Атап айтқанда Қ. Жұмалиев, Г.Құрманғалиев, М.Мералыұлы, Қ. Аманжолов тағы басқалары. Туған жерімнің топырағы құнарлы, суының емдік қасиеті бар, сімірсең суы шарбат, көк шалғынына мал тойынады.
Туған жердің сағынғанда түтіні де ыстық екен. Сондықтан туған жерді, туған елді құрмет тұтып, қадірлей білейік, достар!
Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы
№ 42 «Ақ ниет» гимназиясының
3 «Д» сынып оқушысы
Уксукбаев Алихан Куанышбаевич
Сынып жетекшісі: Ахметова Злиха Базарбаевна
