«Армандарым көп менің»

Арман адамға қанат бітіреді емес пе? Құстың қанаты болмаса ұша алмайды. Сол сияқты армандай алмаған адам да мақсатына жете алмайтын шығар деп ойлаймын. Мен қазір 4-сыныпта оқимын. Әсіресе терезеге қарап, табиғаттың ғажабына таңырқап, қиялдарға қол созамын. Кейде ұшатын кілемге мініп, елді шарлап, сан тараулы мекендерді, шаһарларды көрсем бе деп те армандаймын. Кей кезде жерге түсіп, мектебіме ораламын. Сабағымды үздік бітіріп, ата-анамның жүзіне қуаныш сепсем, жоғары оқу орнына түсіп, аға-апаларымдай маман иесі болып, туған жерімді гүлдендіруге ат салыссам деп қиялға берілемін. Осы арманым дұрыс шығар?! Себебі бұл қолымнан келетін іс қой! Міне, сан қилы қиялға беріліп, өлең шығарамын, сурет салып, ақ парақты да безендіремін.

Ең басты арманым әлемде балалар мен ата-аналар шаттыққа бөленіп, елім тыныш болса екен!


Батыс Қазақстан облысы.

Теректі ауданы, Ақжайық ауылы
Ақжайық ЖОББМ-нің
4 «Б» сынып оқушысы Шайдрахманов Мерей Кадырович
Сынып жетекшісі: Кунусова Анаргуль Кобландиевна

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше