«Тәуелсіздік-теңдігім!» атты мерекелік кешінің с ценарийі
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы
Аудандық оқушылар үйі
«Тәуелсіздік-теңдігім!» атты мерекелік кешінің сценарийі
Дайындаған: «Көркем өнер» үйірмесінің жетекшісі С.Сериева
Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл – әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру. Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.
Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Сценарий Көрнекіліктері:Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова,
Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттері.Қанатты сөздер.
1 – жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік-теңдігім» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі – Әнұраны!
1.Әнұран
Тәуелсіздік мерекемізге Құттықтау сөз кезегін оқушылар үйінің директоры Наурызбаева Нұршат апайға береміз.
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз.Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 24 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаев тай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздіккүні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата – бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан – жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан – Гүлстан!
Аудандық оқушылар үйінің «жас эколог»үйірмесінің өнерлі оқушыларының шағын мерекелік сыйын қабыл алыңыздар!
Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,
Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік,
Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді,
Артпақты олар, өрен жасқа көлдей ғып ….
Орыны ағалардың бізбен толсын,
Сәбилер ағалардың жолын қусын.
1минут үнсіздікпен еске алайық,
Аруақ ағалардың ырза болсын.
2.Видеоролик(Желтоқсан көрінісі)
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
3.Ерке қыздар дуеті «Сәлем саған туған ел»
Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып
4.Боханова Гүлжахан «Желтоқсан ізі»атты көркем сөзін қабыл алыңыздар
Бақытым – Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.
Таң қалады тергеуші де бел кетіп,,
Неткен қайтпас, біз мұндайды көрмедік!!!
Барлық қазақ осындай ма.? білмедім,
Жоқ әлде сен оқшау ма едің, не ерлік?….
Барлық қазақ осындай, бар қанында,
Сол ерлікпен ұстаған, сар даламды,
Кіргізбеген жауларын, бір сүйем де,
Ұрпағы үшін жан берген, өр бабам да!!!…
5.Ордабек Гүлназ «Киелі мекен Қармақшы»әнін жырға қосып айтпақшы.Қабыл алыңыздар.
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, – деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз – өзінен жүрегім ән салады.
6.Түлегенова Мөлдір «Бұлқынды жүрек»
Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
7.Мүсілімова Гаухар «Тәуелсіздік»
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты
8. «Шаттық» биі. Орындайтын «Жұлдыз» би тобы
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе – тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы – құт, жері – дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
9.Ән: «Қазақ елі осындай!» Коммунаева Фариза
Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ – дәулетім,
Болашағым, өнер – білім, өркенім.
10.Мұханбетқали Бейбарыс Алға Қазақстан
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
11.Мұханбетқали Раида «Мереке»
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, Бүгінде 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына 24 жыл
толуда. Ел іргесі тыныш, халқымыз бай-қуатты болсын!
Қорытынды
Мерекелік кешке қатысқан баршаңызға мың алғыс!
Аудандық оқушылар үйіндегі «Көркем өнер» үйірмесінің ұйымдастыруымен өтетін «Тәуелсіздік-теңдігім!»атты мерекелік кешінің
ЖОСПАРЫ
Мақсаты:1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл – әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру. Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.
Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Өтетін күні:15.12.2015 жыл, сағат 15.00 де
Өтетін орны: Аудандық оқушылар үйі
І.Кіріспе
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Келген қонақтармен таныстыру
ІІ.Негізгі бөлім
1.Мерекелік кештің ашылуы.Әнұран
2.Желтоқсан көрінісі(видеоролик)
3.«Ерке қыздар»дуеті «Сәлем саған туған ел»
4. Желтоқсан ізі(көркем сөз)
5.Киелі мекен Қармақшым ән
6. Бұлқынды жүрек(ән)
7.Тәуелсіздік (көркем сөз)
8.Би (Шаттық)
9.Қазақ елі осындай (ән)
10. Алға Қазақстан ән
11.Мереке(ән)
ІІІ. Қорытынды бөлім
1.Мерекелік кешке қатысқан оқушыларды аудандық оқушылар үйінің димломдарымен марапаттау
