Оқу іс-әрекеттері арқылы оқушының шығармашылығы н дамыту
Атырауоблысы, Атырау қаласы
№34 лингвистикалық мектеп-гимназиясының
бастауыш сыныптың І санатты мұғалімі
Әбішова Разия Құдреттуләқызы
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы-тарихи маңызы, қоғамда алатын орны ерекше стратегиялық құжат. Себебі, бұл Жолдауда елімізді одан әрі дамыту, әрбір отбасының, әрбір азаматтың жағдайын одан әрі жақсарту, халқымыздың бірлігін, тыныштығын қорғау жолдары нақты атап көрсетті.
Қазақстанның өркениетті әлемге қол созып, бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына кіруінің негізгі тетігі-білім. Білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Ол шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметтің барлық келеңді-келеңсіз жақтарын зерттеп меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез келген педагогикалық жағдайды өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениетті, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жаңарта алатын мұғалім болуы керек. Осы орайда ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің « Мұғалім- мектептің жүрегі» деген сөзі жүрекке оралады. Мектептің тірегі де, жүрегі де, білімнің тұтқасы да – мұғалім. Бала тағдыры қолына сеніп тапсырылып отырған басты тұлға да ұстаз екені де баршаға белгілі.
Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ, өркениет біткеннің өзегі – білім, ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының барлығының бастауы – бастауыш мектеп. Ал бастауыш буынның негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін дамыту, адамзаттың асыл қасиеттерін оқушы бойына сіңіру. Бүгінгі жас ұрпақты оқытып қана қою аз, оны жан-жақты дамыту,жаңаша оқыту, тәрбиелеу қажет. Сондықтан да қазіргі білім беру саласындағы өзгерістерді дұрыс қабылдап, оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, бүгінгі заман талабына сай ұстаз болу мүмкін емес.
Шығармашылық тақырыбым:
Мақсатым: Оқу іс-әрекеттері арқылы оқушының шығармашылығын дамыту.
Міндетім:
-Баланы ынталандыру, көкірегіне сенім ұялата білу
-Әрбір оқушының жеке – дара ерекшелігін ескеру
-Оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтарын қалыптастыру
-Оқушылардың тілін дамытып, сөздік қорын молайту
-Берілген тапсырманың тәрбиелік мәніне, ол тапсырманың түсінікті болуын қадағалау.
Мұндай мақсат пен міндеттерді қоюыма ықпал еткен балалардың өз бойындағы қабілеттері мен ынталары десе де болады. Мен тек сол қасиеттерді одан әрі дамыту жолдарын іздестірдім. Жалпы педогогика пікірі бойынша қабілетсіз бала жоқ. Барлық баланың да бір нәрсеге қабілеті болады. Тек соны дұрыс бағытта жетілдіру керек. Сондықтан бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін жасалатын жұмыстарды да дұрыс талдау қажет.
Оқушының шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын. «Ойлау жанның өте бір қиын , терең ісі»- деп атап көрсете келе, мұғалім баланы ойлап үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертеді.
Шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың төмендегідей түрлері бар:
Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау;
Арнайы бір тақырыпқа пікірталас тудыру;
Шығарма ,шағын әңгіме құру;
Сөзжұмбақ құру, шешу;
Қиялдау арқылы сурет салу;
Ой шапшандығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.
Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып тілін байыту қиялын ұштаумен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.
Ал сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың жұмыс түрлері.
1.Әр түрлі кездесулер өткізу.
2.Әр түрлі тақырыптарда сайыс, пікірталастар өткізіп, алған әсерлері бойынша шығарма жазу.
3.Балаларға арналған журналдарға жаздырып, оны сабақ кезінде үнемі пайдалану.
4.Әрбір оқылып отырған шығармалардың авторлары туралы толық мағлұмат жинау,реферат жазу.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Бала бойындағы қабілетті ашу оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады.
Осы орайда мен өзімнің іс-тәжірибемнің негізгі мәселесі етіп, бүкіл оқыту барысында оқушының тілін дамытып,сөз байлығын арттыруды қолға алдым. Оның басты себебі ақпараттық технология кең етек алып, космостық жылдамдықпен даму заманында оқушылардың тіл байлығының төмендеп, сабаққа зейіні азайып, қызығушылығы төмендеп, жаттанды білім алуына жол бермеу қажеттілігінен туып отыр. Оқушылардың ой- қиялын дамытуға, өз ойын еркін айтуға, сөздік қорын молайтуға, өз ойына қорытынды жасап, жүйелі сөйлеуін үйлестіруге және де оқушыларды ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, сауатты оқу мен жазуға төселдіруге баулу.
Тіл сабақтарында оқушылардың шығармашылығын дамытатын тапсырмалар
Жазбаша тапсырмалар Ауызша тапсырмалар деп екіге бөлдім.
Жазбаша тапсырмалар ( кезінде)
-Сөз мағыналарын анықтауда ұғымның белгілерін санайтындай жаттығулар (жаттығу жұмыстары)
-шығарма, эссе немесе хат жазу, өлең құрастыру.
-Жазбаша грамматикалық тапсырмалар.
-Сұрақтарға жазбаша жауап беру.
Ауызша тапсырмалар (да)
-Тірек сөздер беру арқылы және суреттерге қарап әңгіме құрастыру
-Ребустар мен сөзжұмбақтар құрастыру
– Символикалық белгілерге қарай отырып, жұмбақтар құрастыру
-жаңылтпаш, мақал- мәтел, өтірік өлең
Жазбаша тапсырмаларды орындау кезінде оқушылар нені үйренеді?
-Сөздердің жазылу заңдылықтарын үйренеді;
-Емілесі қиын әріптер мен графикалық дыбыстардың ұқсастықтары бар әріптердің айырмашылықтарын таниды;
-Қатесіз, көркем жазуға дағдыланады;
Ауызша орындалатын тапсырмалар барысында оқушылар нені үйренеді?
-Логикалық ойлау, есте сақтау, елестету қабілеттері дамиды;
-Тіл байлығы дамып, өз ойын ауызша жеткізе білуге үйренеді;
Мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарының нәтижесі немен көрінеді?
Баспасөз беттерінен.
Ашық сабақтарда.
Олимпиадаларда.
Байқауда.
Ұстаз еңбегі оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі әрбір оқушы жүрегінен жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр
Бүгінгі күнде оқытудың жаңа технологиялары балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту негізінде білім беруді көздейді.
Құрметті әріптестерім! Жаңа қоғамға жаңа көзқараспен қарап, жас ұрпақ тәрбиесіне жігерлі күш жұмсайық. Тәлім – тәрбие мен білімнің алғашқы іргетасы берік қалануы үшін бастауыш сыныптағы мұғалімдер мықты болуы керек деп есептеймін.
Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі.
Бұлақ көрсең – көзін аш.
Пайдаланылған әдебиеттер:
И.Бикирова Шығармашылық – нәтижелі оқыту негізі Бастауыш мектеп, 2006 №1
С.Мирсеитова, Ә.Іргебаева «Әрекеттегі PWCTфилософиясы мен әдістері» Алматы, 2006

