“Ең үздік сабақ” байқауына
Мұнайлы ауданы №10 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі Марал Оразчаева
| Әдебиеттік оқу | 4- сынып | ||||
| Сабақ тақырыбы: | Сәбит Мұқанов. «Жылқы» | ||||
| Жалпы мақсат: | Автор туралы түсінік алады.Мәтінің мазмұнын түсінеді.Көркем шығармадағы негізгі ойды анықтай білуге үйренеді. | ||||
| Сілтеме: | Жалпы білім беретін мектептің 4 – сыныбына арналған «Әдебиеттік оқу» оқулығы Алматы «Атамұра» 2011 жыл | ||||
| Оқушылар үшін оқу нәтижелері: | Балалар бір – бірін оқыта отырып, орындалған тапсырмаларды тексереді.Оқушылардың ой-өрісін дүниетанымы кеңейеді,көркем сөзді өз сөздік қорларын пайдалана алады,ауызша сөйлеуге дағдыланады,шығармашылықпен жұмыс жасауға үйренеді.Табиғатты сүюге,жан-жануарларды күтуге,қомқорлық жасауға үйренеді. | ||||
| Негізгі идеялар: | Сыни тұрғыдан ойлау арқылы диалогтік оқыту жүзеге асады. Зерттеушілік әңгімеге төселеді. Ынтымақтаса жұмыс істеуге дағдыланады. Өз бетімен білімді меңгереді. | ||||
| Сабақта қолданылатын материалдар: | 1.А-3, А-4 парақтары 2.Стикерлер 3. Желім 4.Оқулық 5. Маркерлер, қарандаштар. | ||||
| Оқыту әдістері: | Жаңа әдістер, СТО, АКТ, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, Талантты және дарынды балаларды анықтау. | 1. Диалог
2. Топтық жұмыс. |
|||
| Дерек көздері: | 4 – сыныпқа арналған «Әдебиеттік оқу» оқулығы, Оқушы анықтамалығы (Алматы «Кітап» 2012ж), ғаламтор мәліметтері. | ||||
| Тапсырмалар: | Бағытталған оқу, қарама – қарсы стратегиясы, топтастыру, түртіп алу, мәтінді іштей оқу. | ||||
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
| І. Ұйымдастыру
10 минут |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| А) Психологиялық дайындық. 2 минут. | 1. «Тыныштық сәті»
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір – біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рақмет! Ендеше сабағымызды бастайық. |
1. Оқушылар мұғалімнің шынайы сөздерін тыңдап, тыныштық сәтін орнатады.
2. Көңіл – күйлерін айтады. |
| Ә) Өткен сабақты еске түсіру. 5 минут. | Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?Көктемде қандай мерекелер бар?Табиғат- тал бесігім тарауындағы қайсы тақырып ұнады? (Төрт түлік туралы сабақ) | Берілген сұрақтарға
жауап береді. |
| ІІ. Тұсау кесер. 5мин
(Жаңа сабақтың тақырыбын ашу) |
Қызығушылықты ояту. 5 минут.
– Сәбит Мұқанов туралы не білеміз? – Жылқы қандай жануар? – Ол қайда, қандай жерге бейімдеседі?- Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Қазақ халқына жақын жануар бұл –жылқы.Жылқыны ерте кезден бастап –ақ ата-бабамыз жылқы жануарына қадір тұтып қараған. |
Жаңа тақырыпқа мақсат жасауға үйренеді. |
| ІІІ. Жаңа тақырып.
Негізгі бөлім. 20 мин. |
Мұғалімнің іс – әрекеті | Оқушының іс – әрекеті |
| Мағынаны ашу.
Ой қозғау. |
Топтық тапсырма: Әрбір топ:
1- топ: С. Мұқанов өмірімен таныстырады. 2-топ:Мәтінді іштей оқып, төмендегі сұрақтарға жауап береді. 3- топ: «Жылқы» әңгімесінің желісініе сурет салып, постер қорғайды. Оқулықпен жұмыс. Әңгімені түсіндіріп, жалғастырып оқу. Әр топтан 3 оқушыдан тізбектеп оқиды. Түсінгендерін тексеру: Әңгімеде қай кездегі оқиға баяндалады? Әңгімеде жылқының аналық мейірімі туралы не айтылады?Жылқының қандай пайдасы бар деп ойлайсың?Батырлар жырындағы жылқының қасиеттерін есіңе түсір.Әңгімені оқып шыққанда қандай сезімде болдың?Әңгімеден Мақанның сөзін тауып оқы.Өзіңше қорытынды жаса. Шығармашылық тапсырма: Төрт түліктің пайдасы бойынша эссе жазу. |
Дәптермен жұмыс жүргізеді.
Жуан және жіңішке сұрақтарға жауап береді. Сергіту сәтінде қимыл қозғалыс жаттығуларын жасайды. Диалготтік оқыту жүзеге асады. Оқушылардың шығармашылығы, тапқырлығы танылады. |
| ІV. Қорытынды | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| (кері байланыс, не білдім?) | Бүгін не жайлы өттік? | Не біліп, үйренгендерін пысықтайды.
Әрбір оқушы өздеріне ұнайтын жылқылар туралы әңгімелейді. |
| Ә) Бағалау | Формативті бағалау.
Бірін-бірі критериалды бағалауға мүмкіндік беру. |
Критерийлер бойынша барлық топтың оқушыларының ұпай санын есептеліп, бағаланады. |
| Б) Үй жұмысын беру | Мәтінді мазмұндау.Қымыз туралы мәлімет дайындайды. | Тапсырманы күнделікке түртіп алады. |
