Математикалық интермедиялар
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы,
Аманкелді орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Абилова Гаухар Балташқызы
Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алу: Математикалық интермедиялар
Математикалық интермедиялар
Мектеп өмірінде пайданылатын қысқа пьеса математикалық интермедия деп аталады. Математикалық интермедияларда көпшілік қатыстырыла отырып, екі не бірнеше роль ойналады. Интермедия математика мағлұматтарын оқушыларға қарапайым тілмен жеткізу керек. Мектеп өмірінде оқушы ойын ретінде бірін-бірі сынау арқылы көпшілік алдында өздерінде кездесетін түрлі математикалық мәселелерге байланысты кемшіліктерді келемеж еткен интермедиялар жоғары бағаланады. Ойын арқылы айтылған сындар оқушыларға әсерлі болады, естерінде ұзақ сақталады.
