Без рубрики

Интеллектуалды сайыс сұрақтары

1. «Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы». Сөзінің авторы

(К.Гаусс)

2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика. Сөзінің авторы

(М.В.Ломоносов)

3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.        Сөзінің авторы                                                                                    (Р.Бэкон)

1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)

2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)

3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)

4. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).

5. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)

6. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)

7. Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр.әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)

8. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)

9. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)

10. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу. (жанама)

11. Бұрышты тең екі бөлік кебөлінетін сәуле. (биссектриса)

12. Жазықтықтағы қандай түзулер ешқашан қиылыспайды? (параллель)

13. 1800-қа тең бұрыш қалай аталады? (жазыңқы)

14. Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жататын қабырғасының аты. (гипотенуза).

15. 700-қа тең бұрыш қалай аталады? (сүйір)

16. Төртбұрыштың қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінді. (диогональ)

17. Шеңбердің центрінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі қашықтық. (радиус)

18. Екі қатынастың теңдігі. (пропроция)

19. Үшбұрыштың тік бұрыш жасап тұрған қабырғаларының аты. (катеттері)

20. 1200-қа тең бұрыш қалай аталады? (доғал)

21. Параллелограмның 600-қа тең бұрышымен іргелес бұрышы неше градусқа тең. (1200)

22. Бір нүктеден таралған екі сәуледен құралған фигура. (бұрыш)

23. Перпендикуляр түзулер неше градус жасап қиылысады? (900)

24. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)

25. Бойы екі қарыс, сиып тұр 25 арыс. (сызғыш)

26. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (0)

27. 30 санын үш 6-ны пайдаланып шығар. (6*6-6)

28. Аты шулы айқас сызық. Өзі толған мағына қызық. (координаталар осі)

29. Қиылыспайтын екі түзу. (параллель)

30. Ұзындықтың өлшем бірлігі (метр)

31. Дәлелденбейтін ұйғарым. (аксиома)

32. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)

33. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда. (диаметр)

34. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)

35. 225 нешенің квадраты? (15)

36. Нәрселерді  санау үшін қажет сандар? (натурал сандар)

37. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды . Олардың қаншасы қалды?(түйеқұс ұшпайды)

38. 1 сағатта  неше секунд бар?(3600)

39. 50 ді ½ -ге бөліп оған 3 ті қосқанда  нәтижесі  қандай болады? (103)

40. Математик , әрі дәрігер, ақын,  музыкант , ғалым кім? (Әл-Фараби)

41.Құлаш  деген сөз нені білдіреді? (екі қолдың ұшы)

 

1001 мақал, 101 жұмбақ

1. 30 тістен шыққан сөз… Рулы елге тарайды. (30 рулы елге тарайды)

2. Ат баспайын деген жерін… басады. (3 рет басады)

3. Жұт …. ағайынды (7 )

 

Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.