Т е с т
1. Негізгі қызмет бойынша бұйрықта басқару бөлімінің мәтінің қайсы дұрыс көркемделген ?
А) жоспарлау бөлімінде өткізілсін.
В) жоспарлау бөлімінде өткізу керек
С) жоспарлау бөлімінде өткізу мақсатында.
Д) жоспарлау бөлімінде өткізу үшін.
Е) барлық жауап дұрыс.
2. Анықтама да қай ұғымға арналып берген туралы мәліметінің мәтінін қайсы дұрыс көркемделген ?
А) талап еткен жерге
В) сұратқан жерге
С) әскери комессариатқа
Д) көрсету үшін
Е) барлық жауап дұрыс.
3.Сенімхатта сеніп тапсырған құнды зат немесе ақшаны алуда мына мәтіннің қайсы дұрыс жазылған ?
А) 12-ші айдың 1300 теңге.
В) желтоқсан айының 1300 теңге.
С) желтоқсан айының 1300 (мың үш жүз) теңге.
Д)желтоқсан айының 1300 (бір мың үш жүз) теңге
Е) Сенімхат жазушының байланысты.
4. Жеке құрамды бұйрықта аты, жөні, тегінің қайсысы дұрыс көркемделген ?
А) АСҚАРОВА АЙГЕРІМ ТАЛҒАТҚЫЗЫ
В) Асқарова Айгерім Талғатқызы
С) АСҚАРОВА Айгерім Талғатқызы
Д) Айгерім Асқарова Талғатқызы
Е) Барлық жауап дұрыс.
5. Өмірбаян мәтінің алғашқы сөйлемінің соңғы сөзі қалай аяқталды ?
А) тудым.
В) дүниеге келдім.
С) шыр етіп жарыққа келдім.
Д) жылғымын.
Е) барлық жауа дұрыс.
6. Қолхат құжатында адам ақша немесе құнды зат алғанда қандай сөзбен аяқтайды ?
А) алдым
В) бердім
С) алайын деп отырмын
Д) бір күннен кейін аламын.
Е) дұрыс жауап жоқ.
7.Маңызды мәселелер жөнінде мәлімет беру үшін қай құрылымдағы мәтінді қолданамыз?
А) шешімнің қабылдануына байланысты
В) Аса қажетті болғандықтан сұраймын
С) Орын алған кемшіліктер жайында
Д) Қосымша мүмкіндіктер қарастырылды
Е) Күшіне енетіндігін ескертемін.
8. Хаттаманын негізгі бөлімдерін ата.
А) Мәжіліс түрі.
В) Төраға, хатшы, қатысқандар.
С) Күн тәртібіндегі мәселелер
Д) Тыңдалды, сөз алушылар, қаулы қабылданды.
Е) Барлық жауап дұрыс.
9. Жұмысқа қабылданып отырған адам өтініш жазады, өз өтінішін қалай білдіреді.
А) Жұмысқақабылдаңыз.
В) Жұмысқа қабылдауыңызды сұраймын
С) Бір жұмадан кейін жұмысқа қабылдауыңызды сұраймын.
Д) Жұмыс болса , жұмысқа қабылдаңыз.
Е) Барлық жауап дұрыс.
10.Баяндау хат мәтінін мына сөйлемдердің қайсымен бастаған дұрыс.
А) …… төмендегідей хабарлаймын.
В)……. қамтамасыз етуді сұраймыын
С) ….. қамтамасыз етуіңізді өтінемін
Д) Компьтердің жетіспейтіндігін баяндаймын
Е) ….. төмендегідей мәлімдеймін.
11.Айтылатын мәселеге байланысты дәлелдер келтіру себебін түсіндіру мәтіні қайсы?
А) …. тәжірбие алмастыру мақсатында жіберіліп отыр.
В) … тапсырманы орындауға қазір мүмкіншілігі жоқ
С) Қосымша мүмкіндіктер қарастырылсын
Д) Мәліметтер құпиясы сақталады.
Е) Барлық жауап дұрыс.
12. Негізгі қызмет бойынша бұйрықта «бұйырамын» сөзінің көркемделуі.
А) «БҰЙЫРАМЫН»
В) БҰЙЫРАМЫН:
С) БҰҚЙЫРАМЫН
Д) « Бұйрамын»
Е) Бұйырамын
13. Қызметтік хаттың мәтіні қалай аяқталуы керек?
А) ….. қаражат бөлуіңізді сұраймын.
В) …. тез арада қаражат бөліңіз
С) ….. қашан қаражат бөлесін
Д) ….. қаражатты көп кешіктірмеңіз
Е) Дұрыс жауап жоқ.
14. Жеделхаттың ашық рай тұлғасындағы мәтінің көркемделуі.
А) 5 мамырда жіберілген темірді алғандарыңызды хабарлаңыздар.
В) Бесінші мамырда жіберілген темірді алғандарыңызды хабарлаңыздар
С) 5 мамырда жіберілген темір жеткізілді
Д) Бесінші мамырда жіберілген темір жеткізілді
Е) Дұрыс жауап жоқ.
15. Мәселенің шешілмейтіндігін немесе орындалмайтындығын білдіру үшін қай мәтінді қолданамыз?
А) Өкінішке орай сізге қажетті ақпаратты бере алмаймыз, себебі ол өте құпия.
В) Қосымша мүмкіндіктер қарастырылсын.
С) Құжаттар сіздің мекен жайға жіберіледі
Д) Ол туралы сізге мәлімет жіберемін
Е) Дұрыс жауап жоқ.