КОНКУРСТЫҚ ЖҰМЫС «Менің Отаным – Қазақстан»
Алматы қаласы №57 жалпы білім беретін мектебінің
10 сынып оқушысы Шигаева Екатерина
Пән мұғалімі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Калыгулова Багыйлаш Талимовна
Менің Отаным-Қазақстан Республикасы. Қазақстан- тәуелсіз мемлекет.Елдің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстаның мемлекет қайраткері, ғалым,тұңғыш президент. Ол өте ақылды,адал адам. Менің елімде әр түрлі ұлт өкілдері тату -тәтті өмір сүреді.Олар бір-бірімен сондай жақсы дос,сыйластықты жақсы көреді.Менің сыныптастарымның ішінде де әр-түрлі ұлттың өкілдері бар.Біз достықты бағалаймыз, жақсы көреміз,киноға бірге барамыз,сабақққа бірге дайындаламыз. Мен бейбіт елімді, жерімді, Елбасын өте жақсы көремін.
Менің Отаным –Қазақстан. Ол өте әдемі гүлденген,үлкен мемлекет. Бұл ел Еуразияның орталығында орналасқан. Көрші елдермен тату-тәтті тұрамыз.Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін құрметтеймін. Еліміздің басты қалалары Алматы мен Астана.Қазақстанның үшінші астанасы Алматы өте әдемі,сұлу қала.ОлАлатаудың етегінді орналасқан.Алатаудың басында қысы-жазы аппақ қар жатады.Онда әлемге әйгілі «Шымбұлақ шыңы»мен «Медеу мұз айдыны»бар.Ол жерлерде әлемдік және республикалық жарыстар өтіп тұрады.
Астана-Қазақстан тарихында төртінші астана.Ол Сарыарқа жерінде орналасқан.Астана соңғы жылдары кереметтей өзгерген.Онда небір ғажап,сұлу ғимараттар ,Үкімет үйі,«Бәйтерек»,Конгресс-Хол», «Хан шатыры»және өте сұлу Опера және балет театры бой көтерген. Қазақстан жері таңғаларлық әдемі .Мұнда жеміс-жидек,қара алтын,мұнай және әртүрлі пайдалы қазбалар бар. Менделеев кестесіндегі 99 элементтің барлығы біздің жерімізден табылады.
Мен Алматы қаласында дүниеге келдім.Алматы менің сүйікті де сүйкімді қалам.Мен Қазақстан жерінде тұрғаныма,туғанымды мақтан етемін. Әрбір Қазақстан азаматтары да мен сияқты өз елін мақтан тұтады деп ойлаймын Алматы қаласын өте жақсы көремін себебі ол менің туған жерім,Қазақстан менің-Отаным.
