КОНКУРСТЫҚ ЖҰМЫС: Елін сүйген Елбасы

Алматы сервистік қызмет

көрсету колледжінің

12 – топ студенті

Алимағамбет Алина

Пән оқытушысы: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Ағманова Раушан Рамазанқызы

Қазақ елі жерге де, кенге де бай ел. Сол байлықты ата-бабаларымыз бізге аманат етті. Ата-бабаларымызыдың санғасырлық арманы жүзеге асып, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан елі тәуелсіздік алды. Еліміздің тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды. Елбасы Н.Ә. Назарбаев бар тұлғасымен әлемге танылды.

«Тәуелсіздік – азаттықтың алтын діңгегі, ұлттық өрлеудің ұлы күші. Тәуелсіздік – киелі ұғым. Демек, тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Елі үшін қанша аға-апаларымыз шаһид кетті. Солардың құдіреті, ой-арманы арқасында биыл 24-рет Тәуелсіздік таңы атты.Осы жылдар ішінде қазақ елі әлемдегі алпауыт елдермен терезесі тең мемлекетке айналды.

Қазақ елі бірлігі мен ынтымағы жарасқан көп ұлтты мемлекет. Елбасының үнемі назарында болған маңызды мәселенің бірі – ұлтаралық қатынастар. Тіл туралы алғашқы заңның жобасы ұлтаралық қатынастарды реттеудің шешуші қадамы болды. 1989 жылы қабылданған Тіл туралы заң ұлтаралық қатынастағы тұрақтылықтың нығаюына ықпалын тигізді.

Тұңғыш Президент Назарбаев «қазақ ұлтының нағы қайта өрлеуі Қазақстан халқын құрайтын барлық этностар бір мезгілде ұлттық мәдени тұрғыдан жан-жақты дамыған жағдайда ғана жүзеге асатынын» атап көрсетті. Қазақстан басшысы жүргізген ұлт саясатының нәтижесінде республикада 1989 жылдан бастап ұлттық мәдени орталықтар ашылып, 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Республикамызда тұратын басқа халықтардың өкілдері өздерінің тарихи отанымен байланыс жасай алады. Қазақстан қазақ халқының ежелгі әрі нағыз атамекені болғандықтан 1992 жылы Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы ұйымы құрылды. Мақсаты дүниежүзіне тарыдай шашылған қазақ диаспорасын жинау болды.

Елбасымыздың Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін нығайту үшін жасаған табанды қызметі зор.

Атап өтсек, 1991 жылы 29 тамызда Семей ядролық полигоны жабылды. Сол жылы тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.

Қазақстан Республикасының негізін қалаушы, Тұңғыш Президентіміз содан бері кемел білімі мен мол тәжірибесін қоғамдық құрылымды жақсартуға, басқару үлгілерін жетілдіруге арнады. Қазақстан нарығын халық тұтынатын тауармен қамтамасыз ету қажет болды. Елбасы шағын және орта бизнесті өрістетуге, бірлескен кәсіпорындар құруға көп көңіл бөлді. Елімізде халықаралық сауда күрт өркендеді. Қазақстан нарығы неше түрлі тауарлармен толықты. Дағдарысқа байланысты тоқтап қалған кәсіпорындарға жан бітіп, шетел инвестицияларын тартуға бағыт ұстады.

Н.Әбішұлы өз елінің ядросыз болашағына бастайтын жолды таңдады. Мұндай шешім экологиялық қауіпсіздік пен қазақстандықтарды денсаулығын сақтауға жол ашады.

Ядролық қарудан өз еркімен бас тарту бүкіл халық үшін маңызды қадам болды. Бұл шешім шетелдермен байланысты жолға қою ісін жеңілдетті. Бүгінде Қазақстан 169 елмен дипломатиялық қатынас орнатқан.

Қазақстан тек қазақтардың ғана емес, тағдырдың жазуымен осы жерде тұрып жатқан өзге ұлттың да Отаны болып саналады. 130 этностан тұратын қазақстандықтар бейбітшілік, ынтымақтастық жағдайда өмір сүріп жатыр. Бұл бүкіл халықтың көшбасшысы бола білген тұңғыш Президентіміздің арқасы. Осыдан кейін қазақстандықтар қалайша өз Отанының жалынды патриоты болмасын!

2003 жылдан бастап елімізде, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Бұл бағдарлама даму мен білім беру саласындағы ұлттық жоба болып саналады.

Елімізді әлемге танытатын кәсіби біліктілігі жоғары кадрлар қажет болғандықтан, 1993 жылы Президентіміз «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындады. Еліміздің дарынды жастарына мемлекет есебінен шетелде жоғары білім алу мүмкіндігі берілді. «Болашақтың» көптеген түлектері бүгінде мемлекеттік басқару органдарында, ұлттық компанияларда, халықаралық ұйымдарда табысты еңбек етуде.

Елбасымыз әлемдік деңгейдегі көшбасшы ретінде танылды. Ол игі істері, жетістіктері мен еңбектері үшін көптеген марапаттарға ие болды.

Н.Әбішұлы – шетелдің 14 қаласының, еліміздің 6 қаласы мен облысының құрметті азаматы. Оған көптеген отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының құрметті профессоры атағы берілген. Шетелдерде Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне ескерткіш мүсіндер орнатылған, қала көшелері оның есімімен аталған. Мұның өзі Президентіміздің еңбегінің мойындалғанын куәландыратын деректер. Қазақта «Еңбегіне қарай құрметі» деген мәтел бар емес пе! Адам құрметке де, даңққа да ең алдымен өзінің халық игілігі жолындағы адал еңбегімен қол жеткізеді.

Елбасымыз халқына Мәңгілік Ел идеясын ұсынды. «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену жолындағы біздің ауқымды қадамымыз екенін айтты. Бұл идеялар шетел сарапшыларының тарапыныан жоғары бағаға ие болды.

Біз тәуелсіз елде туылып, тәуелсіз елде білім алған ұрпақтың өкіліміз. «Біздің бүгінігі атқарып жатқан қыруар щаруаларымыз тек сендер үшін жасалуда», – деп Елбасымыз халыққа жолдауында атап көрсеткендей, біз жастар еш қиындыққа мойымай, еліміздің дамуына, көркеюіне өз үлесімізді қосуымыз керек деп ойлаймын.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше