Айтбай Әмина Болатқызы
Асқақ арманым
Қай адамның да өзінің асқақ арманы болады. Менің де сондай арманым бар. Мен болашақта көркемсурет саласында қызмет еткім келеді.
Біздің еліміз өзінің мәдениетімен, атақты спортшыларымен, тіпті көп елде жоқ пайдалы қазбаларымен әлемге танылуда. Ал, мен біздің елді анимация жанрында танытқым келеді. Себебі бүгінгі таңда түсіріліп жатқан мультфильмдерге көңілім толмайды. Достарым шет елдік мультфильмдерді қызыға қарайды. Сондықтан мен қазақи болмысымызды, салт-дәстүрімізді бейнелейтін көркем ертегілерімізді әдемі етіп шығарсам деймін.
Болашақта мен түсірген мультфильмдер шет елде де танымал болса деп армандаймын және сол арманыма жету үшін еңбектенемін.
Айтбай Әмина Болатқызы
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
№ 46 ЖОББМ.
3 «Г» сынып оқушысы
Сынып жетекшісі:Утебалиева Гулбарам Магжановна
