Амангалиева Адина Асановна
Туған қалам-Оралым
Қазақстанның батыс аймағында орналасқан әсем де көркем болып, кең байтақ жері ұлан ғайыр далаға созылған Орал менің қалам. Мен қаламды әркез мақтан етемін. Жас баладай өлкем де жыл сайын көркейіп, гүлденіп келеді. Ұзын даңғыл көшелер, жаңа үлгіде салынған балабақшалар мен мектептер, зәулім қабатты үйлер салынуда.
Адамдардың денсаулығы да жақсы болсын ниетпен іші ақ халатты абзал жандарға толы ауруханалар мен емханаларда қаншама. Қаламызда жерлес ақынымыз Қадыр Мырза Әлі атындағы мұражай, қазақ драма театры, «Жайық самал» жүзу бассейні, теннис орталығы, «Бәйтерек», «Орал» сияқты ірі сауда орталықтарының сыртықы келбетінің өзі тамаша.
Міне осындай әсем де жас қаламның әрқашан көркеюі тоқтамасын деп тілеймін. Себебі мен де өскен кезде қаламның нұрлануына ат салысамын. Қазірден бастап көмегімді тигізіп келемін. Өйткені сабағымды жақсы оқып жүрсем соның өзі арманымның жүзуге асуыны деп білемін. Сонымен қатар арманымның орындалып, Оралымның әсем, бақытты қала болатынына сенемін.
Амангалиева Адина Асановна
Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы
№ 46 ЖОББМ.
3 «Д» сынып оқушысы
Сынып жетекшісі: Рахметова Ақгүл Жәрдемқызы
