Асылбек Лунара Мақсатқызы
Асыл арманым
Адамға тән қасиет-болашақты армандау. Адамның мақсаты болмаса, ештеңені тындыра алмайды. Болашақты армандай білу де ұлы даналық. Себебі арман алға жетелейді емес пе? Адамды қияға өрлететін де, ғарышқа қол создыратын да арман.
Арман-адамның жарық жұлдызы. Менің де армандарым өте көп. Басты арманым сабағымды жақсы оқып, ата-анамды қуанту. Мен қосымша теннис, футбол үйірмесіне де барамын. Спортпен шұғылдану маған ұнайды. Болашақта футболдан құрама командамен жарысқа дайындалып жатырмыз. Сол жарыста үздік ойыншы болатыныма сенемін. Әркез армандарым әбіретті болуға жетелейді. Ең бастысы армандарымның орындалуы мектепте үлгілі оқушы болып, ұстаздарымның үмітін ақтап, жетекшімнің сенімін орындау. Армандарымыз таусылмай, орындала берсін, достар!
Асылбек Лунара Мақсатқызы
Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы
№ 46 ЖОББМ.
3 «Д» сынып оқушысы
Сынып жетекшісі: Рахметова Ақгүл Жәрдемқызы
