“Үздiк сабақ” конкурсына. Таспамен гүл жасау тәсі лдері.
Алматы облысы, Талдықорған қаласы,
«Мойнақ ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар
№23 орта мектеп» КММ-ң технология пән мұғалімі
Медетбекова Бахтыгул Кабдиловна
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
| Пән :технология | Мерзімі:07.03.2015ж. | Сабақ реті: 25 | Сынып 8 «А» | Пән мұғалімі: Медетбекова Б.К. | |||
| Сабақтың тақырыбы. Таспамен гүл жасау тәсілдері. | |||||||
| Сабақтың мақсаты: оқушыларды өз бетімен жұмыс жасата отырып, таспамен гүл жасау шеберлігін арттыру. | |||||||
| Күтілетін нәтиже: деректерді өз бетінше оқып пайдалану дағдысын дамыту, топтапсып жұмыс жасау, таспамен гүл жасау техникасын меңгеру. | |||||||
| Сабақтың әдіс – тәсілі: топпен, сыныппен жұмыс, жеке жұмыс. | |||||||
| Ақпарат көздері : видео роликтер, оқулық, суреттер, үлгілер, таспа, желім, қайшы, пинцет, сіріңке. | |||||||
| Кезеңдер | Уақыты | Мұғаліміс-әрекеті | Оқушыіс-әрекеті | ||||
| Алғашқы рефлексия (ұйымдастыру кезеңі) | 2
минут |
1.Сәлемдесу, психологиялық ахуал шаттық шеңбер, гүл ұстап тілек айту.
2.Оқушыларға екі түрлі гүлді таңдау ұсынылады, сол арқылы топқа бөлемін. 3.Бағалау парақтарын таратамын . 4.Лидер сайлайды |
1.Сәлемдесу, тілек айтады.
2.Гүлдің түсіне қарай топқа бөленеді. 3.Әр оқушы жеке бағалау парағын алады. 4.Лидер сайлайды |
||||
| Қайталау | 3 минут | Үйге берілген тапсырма оқушыларға құрақ құрауға берілді. Әр топ өздерінің жақсы деген құрақты ортаға шығып қорғаныздар. | Үй тапсырмасы бойынша құрақты қорғайды. | ||||
| Ой шақыру | 8минут | Мұғалімнің кіріспе сөз: қазақ халқы ежелден өз жерінің табиғатын аялап, қорғай білген. Біздің табиғатымызда даламызға көрік беретін қаншама түрлі әдемі әсем гүлдер өседі. Гүл өмірдің сәні деп бекер айтылмаған. Себебі гүл қуаныштың, адалдықтың, әдеміліктің, сұлулықтың белгісі. Енді шеберлеріміздің осы гүлді , таспадан, матадан жасаған гүлдерін тұрмыста қолданып жүрміз. Яғни біздің сабағымыздың тақырыбы «Таспамен гүл жасау тәсілдері».
1. Слайд көрсетіледі Алдыларына таспа беріледі Кластер арқылы көрсет. І-топ Үй интеррерінде таспадан жасалған гүлді қай жерде қолдануға болады. ІІ-топ Әшекей ретінде таспадан қандай бұйымдар жасауға болады. |
Әр оқушы өз ойларын ортаға салып , жұпта, топта талқылап, екі оқушы шығып қорғайды. | ||||
| Түсіну
(жаңа сабақты меңгеру). |
7 -минут | Видео ролик көрсету.
Роза гүлінің жасалу техникасын меңгерту. Жеке, жұппен, топпен жұмыс . Жұмысты өздері бөліп алады |
Мағлұматты мұқият тыңдау, меңгеру. | ||||
| Қолдау | 10 минут | Cарамандық жұмыс
Алдыларына таспа беріп, гүлдің жасалу техникасы беріледі, сол бойынша балалар топтасып гүл жасап, өз ойларынан қайда қолдануға болатынын (картинка, заколка, т.б.) жасалу ретін айтып жұмыстарын қорғайды. |
Жасаған гүлдерінің жасалу жолдарын айтып, қай жерде қолданатындарын айтып қорғайды | ||||
| Cергіту сәті | 5 минут | Музыка қосылады, видео ролик . | Жаттығуды видео роликтегідей қайталап билейді. | ||||
| Жинақтау | 5 минут | Инсерт кестесі бойынша тақырыпты қорытындылатамын (әр оқушыға кесте таратамын «білемін, білдім, білгім келеді»). | Оқушылар ауызша жауап береді. | ||||
| Бағалау | 3 минут
Критерилер бойынша бағалаймын |
Берілген критерийлер бойынша өздерін бағалайды. | |||||
| Рефлексия | Стикерлер арқылы өз лебіздерін білдіреді. 3 мин | ||||||
| Үйге тапсырма: | Сарамандық жұмысты жалғастыру 2 мин
Бірнеше роза гүлдерін жасап әкелу. Желім, газет, жіп, гүлге арналған ыдыс әкелу. |
||||||
Формативті бағалау
Оқушының ата –жөні:
| Критерийлер | Дескрипторлар | Ұпай | |
| А | Үй тапсырмасын орындай алдың
ба ? |
1.Үй тапсырмасын орындадым, сапасы жақсы, әдемі болды.
2. Үй тапсырмасын орындадым, бірақ сапасы аса жақсы болмады. 3.Үй тапсырмасын толық орындамадым. |
3
2 1 |
| Ә | Топтық жұмысқа қатысып, өз ойыңды айта алдың ба? | 1. Қатыстым, өз ойымды айта алдым.
2. Қатыспадым. |
3
1 |
| Б | Таспадан гүл жасау тетенхникасын меңгердің бе? | 1.Таспадан гүл жасау техникасын толық меңгердім, гүл жасай аламын.
2. Таспадан гүл жасау техникасын түсіндім, бірақ гүл жасай алмаймын 3. Таспадан гүл жасау техникасын түсінбедім, гүл жасай алмаймын |
3
2 1 |
| В | Қосымша мәліметтер | 1. Нақты көрсете алдым
2. Ойымды толық жеткізе алмадым 3. Ойымды жеткізе алмадым |
3
2 1 |
10-12 ұпай «5»
7-9 ұпай «4»
6-дан төмен «3»
Слайд
Қайталау
- Құрақ дегеніміз не?
- Қандай құрақ түрлерін білесіңдер?
- Құрақ қандай фигуралардан тұрады?
- Құрақ қандай өнерге жатады?
Таспа жолағынан гүл жасау
Қосымша
І-топқа
Үй интеррерінде таспадан жасалған гүлді қай жерде қолдануға болады.






