Биология пәні мұғалімі Л.Байнияз
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылы
Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебінің жоғары санатты биология пәні мұғалімі Л.Байнияз
Сабақтың тақырыбы: Тыныс алу мүшелерінің аурулары:тұмау,өкпе туберкулезі-ауа арқылы берілетін аурулар. Кох таяқшасы – туберкулездің қоздырушысы. Өкпе рагы. Тынысалу гигиенасы. Жасанды тыныс алдыру
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: тыныс алу және тыныс шығару механизмдерін түсіну; Тыныс алу мүшелерінің аурулары туралы танып білу; Тынысалу гигиенасы және жасанды тыныс алдыру техникаларымен таныстыру
2.Дамытушылық: оқушылардың талдау, синтез, салыстыру, қортындылау қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік: ауа мен бөлме тазалығын сақтауды бақылау дағдысын қалыптастыру. Өзінің, өзін қоршаған адамдардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, спиртті ішімдік пен темекіге әуес болмауға үйрету. Тыныс алу мүшелерінің санитарлық-гигиеналық әдеттеріне үйрету.
Сабақтың типі: аралас сипатта
Сабақтың түрі: ізденіс және ұжымдық оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: өкпенің құрастырмалы үлгісі, оқулықтағы суреттер, электронды көрсетілімдер.
Пәнаралық байланыс: медицина, тарих, математика.
