Без рубрики

Есімшенің сөйлемдегі қызметі

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы
№9 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі Мырзашева Гүлсім

Сабақтың    тақырыбы: Есімшенің сөйлемдегі қызметі
Сыныбы: 
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға есімшенің сөйлемдегі қызметі туралы түсінік беру.
2. Жаңа білім алуға мотивация туғызу.
3. Оқушылардың  топпен жұмыс  істеу дағдыларын дамыту, олардың өз көзқарастарын дәйектеп, тұжырымдап айта білу  біліктіліктерін жетілдіру
Сабақтың формасы: топтық
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру: 1) оқушылардың топқа бөлінуі «Жасыңда жалықпасаң , қартайғанда тарықпайсың» мақалын тармақтарға бөліп, сол арқылы топтастырылады. 2) сарапшыларды тағайындау.

2.    Кіріспе. (Сабақтың мақсаты,жоспары, тақырыптың маңызы туралы мұғалімнің сөзі)
3.    Сабақтың барысы.   Топтық жұмыс:

1*Тапсырма.Есімшенің сөйлемдегі қызметі дегенді қалай түсінесіңдер, анықтама етіп жаз.

Мақсаты : тақырыпты меңгеруғе мотивация туғызу.

2* Тапсырма. Тақырыппен ұштастыра отырып , топқа ат қойыңдар , оны дәлелдеңдер, топ мүшелерін таныстырыңдар
.
Мақсаты: оқушылардың ассосациялық қабілеттерін шыңдау.

3* Тапсырма. Өздерің күнделікті өмірде кездесіп жүрген есімшелерді жазыңдар.

Мақсаты: тақырыптың өмірмен байланысын таныту.

4* Тапсырма.Сол есімшелермен сөйлем ойлап, қай мүше қызметін атқарып тұрғанын айт
.
Мақсаты : есімшенің қандай сөйлем мүшесі қызметін атқаратынын  таныстыру.

5* Тапсырма..188- жаттығудағы есімшелер қай сөйлем мүшесі  болып тұрғанын айтыңдар. (әр топқа 2 сөйлемнен)

Мақсаты: есімшелерді сөйлем мүшелеріне талдай білуге үйрену.

6*.Тапсырма. 189- жаттығу.Есімшелерге тұлғалық талдау жасап , қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын анықтау.( 1,2-топқа 2,3,4-сөйлемдер, 3,4-топқа 5,6,7-сөйлемдер)

Мақсаты: Алған білімдеріне сүйене отырып , талдай білуге үйрету.

7* Тапсырма  .Сөйлемді тиянақтау . Есімшелерді қою, сөйлем мүшесіне талдау , шығарма атын, авторын айту.
Әлі күнге бір рет жадырап ойнап  …  емес. Арашаламасаң, әлдеқашан өлтіріп  … еді. Бұрынырақ кезде бұндайда  асын тастап , кісіге қарап  жалтақтап шығып  …   ол   енді зор дауыспен «гүрр» етіп, қара ала төбетті  алқымынан  ала түсті.
Даладан қойшы алдынан  қойды тартып   …   ,  жайлаудағы сиырға шауып, тайыншадан бастап үлкен сиырға шейін  …   —   осы екеуі.

Мақсаты:   жаңа алған білімдерін әдебиетпен  байланыстыра отырып , практикада қолдана білуге үйрету
.
8* тапсырма
.
«Зерделі сұрақ, дәлелді жауап.»   Мысал ережеге сай не сай емес екендігін дәлелдейді
.

Мысалдар
ереже

1.Шоқпарды ұстай білмеген өзіне тигізер
————          ———-
2.Қаңғыған басқа білім жұқпас
—————                  ———-..
3.Шашылғанды бірлесіп жинасқанға не жетсін.
——————               —————-
4.Жаста оқыған оқуың тасқа жазғанмен бірдей
———                         ————-.
5.Ашынғанның тілі ащы.
——————-
Бастауыш,анықтауыш

Анықтауыш, баяндауыш

Пысықтауыш

Бастауыш, баяндауыш

Анықтауыш

Мақсаты: алған білімдерін дәлелдей білуге үйрету.

9*.Тапсырма.Өз ойларына сүйене отырып, есімшенің сөйлемдегі қызметінің  маңызы туралы сабақ қорытындысын жазу.

Мақсаты: сабақта алған білімдерін қорыту.
4.    Бағалау.
5.   Үйге тапсырма: Есімшенің сөйлемдегі қызметі туралы оқу .191- жаттығу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.