ИНформатиктерге көмек
Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы
Ы.Алтынсарин ШЖЖОМ информатика пәні мұғалімі
Заитова Гульмира Рахмановна
10 а сыныбы
Сабақтың тақырыбы: Массивтермен жұмыс
Сабақтың мақсаты:
А) Оқушыларға VB-те массивтерді түрлендіру жолдарын қарастыра отырып массивтермен жұмыс тәртібін түсіндіру
Б) Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа баулу
В) Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын, математикалық ойлау қабілетін дамыту
Сабақтың өту әдісі: иллюстративті
Сабақтың көрнекілігі: компьютер
Сабақтың түрі: өкілетті
Сабақтың пәнаралық байланысы: математика
Сабақтың құрылымы :
1.Ұйымдастыру/зейіндерін тұрақтандыру /
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру / Сұрақтар арқылы бекіту/
3. Негізгі бөлім . Жаңа сабақты түсіндіру.
4. Машықтық жұмыстар орындау
5. Пысықтау
6. Бағалау
7. Үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
– Сыныпты әзірлеу ;
– Оқушылардың сабаққа даярлануын қадағалау ;
– Оқушылардың зейіндерін тұрақтандыру ;
/Ауыстырмақ, жұбын табу ойындары/
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
Үйге . Сөздерді біріктіру және қиып алу функцияларын қолдану арқылы бағдарлама түзу берілген .
Мысалы:
Берілгені: Нәтижесі:
а та ата
санау ана
заттың зат
“Кім жылдам ” ойыны
1. Шама дегеніміз не?
2.Шаманың неше түрі бар?
3.Айнымалы шама дегеніміз не?
4.Тұрақты шама/константа/ дегеніміз не?
5. Айнымалы шаманы сипаттау үшін қандай деректер типін қолдануға болады?
6. Сипаттау командасы қандай?
7. Символдық шама дегеніміз не? ол қалай сипатталады?
8. Символдық шамаларға қандай амалдар/функциялар/ қолдануға болады?
9. Қандай бағдарламалау тілін білесің?
10. VВ қандай бағдарламалау тілі ?
3.Негізгі бөлім
Массивтермен жұмыс
Бір атау арқылы байланыстырылған бір типті айнымалылар (не олардың мәндерінің) жиынтығы массив/жиым/ деп аталады. Массивтермен жұмыс істеу негіздері QBasic’ тегі сияқты.
Массивті бағдарламада қолдану үшін ең алдымен сипаттап алу керек/элементтер санын белгілеу міндетті/.
Массивтермен жұмыс істеу тәртібі
Массивтермен жұмыс істеу функциялары да QBasic’ тегі сияқты.
Мысалы:
+ (қосу); – (азайту); * (көбейту); / (бөлу); (бүтін бөлу); ^ (дәрежелеу); Mod (қалдықты есептеу);
Abs(x); Sin(x); Cos(x); Atn(x); Sqr(x); Exp(x); Int(x); Rnd(x); Mid, Left, Right,
Str(x) – сандық мәнді жолдық типті ету;
Val (x) – цифрлармен берілген жолдық мәнді сандық типтіге алмастыру, т.б.
Visual Basic’те құрылымдық программа құру үшін Qbasic’те қолданылатын құрылымдар пайдаланылады.
5 элементтен тұратын а(і) массивін енгізіп, к(і) жұп элементтері мен т(і) тақ элементтерінен тұратын жаңа массивтер құру қажет болсын
1. VВ-ті іске қосып, жаңа форма терезесін құрамыз.
2. Қажет құралдар:
1. List1 – енгізілген массивті экранда көрсету үшін
2. List2 – Жұп элементтерден құралған массивті экранда көсрету үшін
3. List3 – Тақ элементтерден құралған массивті экранда көрсет у үшін
4. Command1 – Бағдарламаны орындату үшін
3. Command1 обьектісін екі рет шерту арқылы код терезесін шақырамыз.
Берілген тапсырманың шартына орай бағдарлама түземіз
Private Sub Command1_Click()
Dim a(5), k(5), t(5) As Integer
For i = 1 To 5
a(i) = InputBox(a(i))
List1.AddItem a(i)
Next i
For i = 1 To 5
If a(i) Mod 2 = 0 Then k(i) = a(i)
List2.AddItem k(i)
Next i
For i = 1 To 5
If a(i) Mod 2 <> 0 Then t(i) = a(i)
List3.AddItem t(i)
Next i
End Sub
4. Машықтық тапсырмалар
Тапсырма№1
«Массивті кездейсоқ сандармен толтыру »
Формаға келесі обьектілерді орналастыру керек
1. ListBox1
2. CommandButton1 Caption Қосу
Private Sub Command1_Click()
Dim N(4) As Integer
For i = 1 To 3
N(i) = Rnd * 50
List1.AddItem N(i)
Next i
End Sub
Бұл бағдарлама бойынша массив элементтерін Rnd функциясы арқылы компьютер өзі таңдайды.
Мұнда массив элементтері енгізілмейді.
Іс-тәжірибеде бұл әдіс, лотареяларды ойнатуда қолданылады. Мысалы: Бинго ойынында кездейсоқ таңдалатын билет нөмірлері
Тапсырма№2
«Берілген 5 элементтен тұратын массивтегі жұп элементерінің қосындысын, тақ элементтерінің көбейтіндісін табатын бағдарлама құру»
Формаға келесі обьектілерді орналастыру керек
1. CommandButton2 Caption жұп,тақ элементерімен жұмыс
Private Sub Command2_Click()
Dim a(5) As Long
For i = 1 To 5
a(i) = InputBox(a(i), ” 5 san”)
List1.AddItem a(i)
Next i
s = 0
v = 1
For i = 1 To 5
If a(i) Mod 2 = 0 Then s = s + a(i) Else v = v * a(i)
Next i
Print “Жұп элементтерінің қосындысы=”; s
Print “Тақ элементтерінің көбейтіндісі=”; v
End Sub
Тапсырма№3
«Берілген массивтегі нөлдік емес элементерін кубтайтын бағдарлама құру»
Формаға келесі обьектілерді орналастыру керек
1. ListBox1
2. CommandButton3 Caption жиым
Private Sub Command2_Click()
Dim a(5) As Long
For i = 1 To 5
a(i) = InputBox(a(i), ” 5 san”)
List1.AddItem a(i)
Next i
For i = 1 To 5
If a(i) <> 0 Then a(i) = a(i) ^ 3
List2.AddItem a(i)
Next i
End Sub
Берілген тапсырманы бағдарламалау тілінде орындау сауттылықтарын тексеру.
5.Пысықтау сұрақтары /венн Диаграммасы арқылы Символдық шамалар мен сандық шамалардың жеке –жеке қасиеттеріне тоқтала отырып ортақ қасиеттерінде табу/
6.Бағалау парағы арқылы оқушыларғы баға қою
7.Үйге тапсырма:
Массивтың қосындысы және көбейтіндісін есептеу бағдарламасын құру
8.02.2011жыл
