Күз. М.Дулатұлы. 3 сынып

Астана қаласы, №64 мектеп-лицейі бастауыш сынып мұғалімі
Байболова Сағыныш Сағындыққызы

Сабақтың тақырыбы: Күз. М.Дулатұлы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: күз мезгілінің ерекшеліктері туралы білімдерін нығайту, сипаттай білуге үйрету, теңеу сөздерді дұрыс қолдана білу.
Дамытушылық: сөйлеу тілдерін жетілдіру, есте сақтау, ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
Тәрбиелік: еңбексүйгіштікке, табиғатты сүюге, өзіндік пікірін білдіруге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: күз көріністері, альбомдар, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылығын ояту.
Сұраққа жауап бере отырып, оқушылар күз мезгілін суреттейді.
Топтастыру.

ІІ. Мағынаны тану.
1. Күзгі суреттерді көру.
2. М.Дулатұлының «Күз» шығармасын өздері оқиды.
3. Сөздік жұмысы жүргізіледі.
4. Шумақпен бөліп оқу.
5. Өлең жолдарын қара сөзбен баяндату.
Тапсырма.
• Күз мезгілінің ерекшеліктерін жаз.
• Жыл құстарын жаз, олар туралы білетініңді айт.
• Күзде жапырақтың түсу себебін түсіндір.
• Жұмбақты шешіңдер. Тақырыпқа сәйкес қандай жұмбақ білесіңдер?
ІІІ. Ой толғаныс.
5 жолды өлең жаз.
ІV. Үйге тапсырма
1. Күз тақырыбына сурет сал.
2. Күз көріністерінен шағын кітапша жаса.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше