Жай сандар, құрама сандар
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Северный
орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі
ЖАЛГАСБАЕВА МИРАМКУЛ ТАЖИБАЕВНА
Пәні: математика Класы: 5
Сабақтың тақырыбы: Жай сандар, құрама сандар.
Сабақтың мақсаты: 1) Жай сандар және құрама сандарды ажырата білуге үйрету. Оқушылардың тақырып бойынша білімдерін кеңейту.
2) Жай сандар және құрама сандардың қасиеттерін қолданып, алған білімдерін есептер шығаруда қолдануға үйрету.
3) Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа, зейінділікке, ойын дәл жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сайыс сабақ
Сабақтың типі: Бекіту
Сакбақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру бөлімі. Амандасу тренингі.
Оқушылар:
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.
Саламатсыздар ма оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жай сандар, құрама сандар». Бұл тақырыпты өткенімізге ІІІ күн. Алған білімдерімізді тексеру мақсатында есептер шығарамыз. Ол үшін класс оқушылары «Жай сандар» және «Құрама сандар» деп екі топқа бөлінді.
Әр топ өзара ақылдасып топ басшыларын сайлап алайық. Топ басшыларына бағалау парақтарын ұсынамын.
Тренинг. Тақтада сандар көрсетіледі. Егер сан жай сан болса, «Жай сандар» тобы қолдарымен шапалақтайды. Егер сан құрама сан болса, онда «Құрама сандар» тобы қолдарымен шапалақтайды.
3;25;10; 13; 6; 17.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.Топ жетекшілері берілген есептердің дұрыстығын тексеріп, бағалау парағына бағаларын қояды.
ІІІ. Бекіту кезеңі.
А) «Қоян қайда секіреді» ойынын ойнаймыз.
Ойынның шарты: Кестедегі торлардың ішіне дөңгелек сызып, оған есеп жазылған. Ойын барысында қоян сол дөңгелектің ішінде тұрып, дұрыс жауапқа секіреді. Нәтижесінде теңдеудің түбірі шығады.Түбірдің құрама сан, әлде жай сан екенін айту керек. Қай топтың қояны тез және дұрыс секіреді, сол топ жеңіске жетеді.
«Жай сандар» тобы
|
в=11 |
х=9 |
с=4 |
|
|
а=7 |
х+5=14 |
В-5=6 |
|
|
С+4=8
|
У+6=21 |
|
у=15 |
|
|
а-4=3 |
а=7 |
|
«Құрама сандар» тобы
|
в=5 |
х=12 |
с=3 |
|
|
а=1 |
х+6=18 |
В+3=8 |
|
|
С+5=8
|
У+3=15 |
|
у=12 |
|
|
а-4=3 |
а=7 |
|
Теңсіздіктің жай сан болатын шешімдерін табыңдар:
|
І топ |
ІІ топ |
|
І деңгей |
І деңгей |
|
1<х<15 |
5<х<29 |
|
ІІ деңгей |
ІІ деңгей |
|
175<а<225 |
100<а<150 |
|
ІІІ деңгей |
ІІІ деңгей |
|
377<в<437 |
223<в<225 |
Төмендегі сандардың ішінен жай сандарды кему ретімен, құрама сандарды өсу ретімен орналастыр
|
І топ |
ІІ топ |
|
5, 12, 19, 89, 97, 102, 277, 125 |
9, 7, 21, 23, 41, 45, 58, 113 |
Оқулықпен жұмыс №267, №268
ІҮ.Үйге тапсырма.№278
Ү. Қорытындылау.
_________________ тобының бағалау парағы
| № |
Аты -жөні |
Үй тапсырмасын тексеру | «Қоян қайда секіреді» ойыны | Теңсіздік-
ті шешу |
Есептер шығару | Қорытынды баға |
| 1 | Тоймағанбет Нұрмира | |||||
| 2 | Тұрмағанбет Дәуренбек | |||||
| 3 | Алимкулова Аманқыз | |||||
| 4 | Сағат Досболат | |||||
| 5 | Жайшылық Айжан | |||||
| 6 | Сарманбаев Теміржан | |||||
| 7 | Қажығали Айым | |||||
| 8 | Темірғалиқызы Салтанат |
Топ жетекшісі: ______________________________
___________________ тобының бағалау парағы
|
№ |
Аты -жөні |
Үй тапсырмасын тексеру | «Қоян қайда секіреді» ойыны | Теңсіздік-
ті шешу |
Есептер шығару | Қорытынды баға |
| 1 | Нұрғиса Әліби | |||||
| 2 | Жақсылықов Самұрат | |||||
| 3 | Жәкібай Зарина | |||||
| 4 | Қажығали Айым | |||||
| 5 | Бәрімбет Жанболат | |||||
| 6 | Саябырова Салтанат | |||||
| 7 | Жұмашева Салтанат | |||||
| 8 | Алиева Диана |
Топ жетекшісі: ______________________________
