«Түбір және туынды сөздер»

Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, №2 Мәртөк мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі Калиева Шаттыкгул

3 – класс. Қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы: «Түбір және туынды сөздер»

Сабақтың білімдік мақсаты: Бір түбірден әр түрлі жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөздердің түбірлес сөздер деп аталатынын түсіндіру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Сөздерді сөз құрамына талдай отырып, түбірлес сөздерді таба білуге, оларды сауатты әрі көркем жазуға үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін,тілін дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мәні: Эстетикалық талғамын жетілдіре отырып, өнерге, спортқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, қысқы ойындар суреттері, ребус, жаңылтпаштар, сызбалар, т.б.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:     Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.

 

  1. Кіріспе бөлім:    Интерактивті тақта арқылы

 

                               Басты жаңалықтар

        2011 жыл 30 қаңтарда қысқы спорт түрлерінен Азияда  ойындары

басталады.

Бір апта бойы Азия спортшылары бас жүлделерді сарапқа салады.

Азия ойындарына Қазақстаннан қатысушы спортшылар саны – 167.

Азияда әнұранын жазу байқауында қазақ сазгері, әрі әншісі Ескендір

Хасанғалиевтің «Азиада алауы» әні үздік деп танылды.

(Сөзін жазған Өтеген Оралбаев)

Алматыда Азия ойындарында жәрдем көрсететін дәрігерлер ағылшын

тілі үйренді.

Қысқы Азиада ойындары өткен елдер: Жапония, Қытай, Оңтүстік 

              Корея, енді Қазақстанда өтеді.

Ең басты жаңалық – эстафета Алауы бірінші рет бізде ұйымдастырылды.

 

Тапсырма: қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау.

 

Қорытынды сұрақтар:    —  Түбір сөз деген не?

–         Туынды сөз дегеніміз не?

–         Түбірлес сөз дегеніміз не?

–         Қосымшалар түрлерін ата.

  1. 3.       Негізгі бөлім:

                          Қаңтардың жиырма бірі.

                                                    Класс жұмысы

Көркем жазу:    хоккей      коньки         шаңғы       мәнерлеп сырғанау

 

 

 

Суретпен жұмыс:    * Суреттегі кімдер?

*  Суреттерге қандай тақырып қоюға болады? т.б.құрастыру

Кітаппен жұмыс:

41 – жаттығу. Түбірлес сөздерді теріп жаз.

 Өнер, өнерпаз, өнерлі.  

Қосымша сұрақ: Тағы қай сөздерге түбірлес сөздер ойлайсыңдар?

Мүмкін жағдай: Бас, басқы, баспа, басшы, басқар, басқарма, т.б.

 

42 – жаттығу. Өлеңді жатқа жаз:  Тасты жонып қашаған,

Әсем мүсін жасаған.

Мүсінші аға өнерін

Өте жақсы көремін.

Түбірлес сөздер: мүсін, мүсінші.

 

43 – жаттығу. Әңгімені түсініп оқып, мазмұнын әңгімелеу, түбірлес сөздерді табу.

Түбірлес сөздер: ән, әнші.   

 

Сергіту сәті:                         – Хоккейші қақпаға шайбаны дәл салса, не дейміз?

–         Шайба! Шайба! Шайба!

–         Футболшы қақпаға доп салса, не дейміз?

–         Гооооооооооооооооооооооооооооол!

–         Азиада ойынында қазақстандық спортшыларға

жанкүйер болғанда не деп ұрандаймыз?

-Алға, Қазақстан! Алға, Қазақстан! Алға, Қазақстан!

 

44-жаттығу. Өзіндік жұмыс. Білім, сый, сән сөздеріне кім түбірлес сөздерді көбірек ойлап жазады?

Білім, білімді, білімпаз, білгіш, білгір,т.б

Сый, сыйлық, сәнқой, сыйластық, сыйлы, сыйлау, т.б.

Сән, сәнді, сәнқой, сәнгер, сәндік, т.б

 

45 – жаттығу. Артық сөзді тап, түбірлес сөздерді тауып жаз.

  1. Еңбек, еңбекқор, (бейнетқор), еңбекші, (еңбектен).
  2. Тәрбие, тәрбиеші,(тәлімгер),тәрбиелі, (тәрбиеле).

 

Білгішбек: – Мағынасы жақын сөздер бір сөз табынан болады, ал түбірлес сөздер әр түрлі сөз табынан бола береді.

Мысалы: Әдемі, көркем, сұлу, т.б.

               Бас, бастық, баста, басқар, басты, басқар, басты, басқарма, басшы, т.б

46 – жаттығу. Сурет бойынша жұмыс. Шаңғышы, шалғышы.

47 – жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жаз: Шалғышы

                                                                     Шалғы алды.

                                                                     Шаңғышы

                                                                     Шаңғы алды.     

  Түбірлес сөздердің астын сызу.                         

Өлең құрастырайық:   …………..   бала әрқашан

                                          Қуантады ………………….

                                          Балақай деп анасы,

                                          …………..  баласын.

Қорытынды:  – Сызба бойынша сөздер ойлаңдар.

 

                       – Бағалау, үйге тапсырма.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше