«Киіктің айласы» (Ә. Қоңыратбаев)
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, №2 Мәртөк мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі Калиева Шаттыкгул
3 – класс Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: «Киіктің айласы» (Ә. Қоңыратбаев)
Сабақтың білімдік мәні: *киіктің тіршілігімен және басқа жануарлардан дара ерекшілігімен танысу; *әңгімедегі жануарлардың жануарлардың іс – әрекетін жүйелі, әсерлі әңгімелеу.
Сабақтың тәрбиелік мәні: * жануарларды сүю, қорғау, қамқор болу; *жануарлардың пайдасын түсіне білу.
Дамытушылық мақсаты: * мағұлматтар жинау; *әрбір жануардың тіршілік ортасы мен іс – әрекет ерекшеліктерін бақылау, зерттеу немесе іздеп оқу.
Сабақ әдістері: сұрақ – жауап, көрнекілік, дамыта оқыту, талдау, жинақтау.
Сабақ көрнекілігі: киік суреті, Қазақстандағы жануарлар әлемі кітабы, «Табиғат» тақырыбына сөзжұмбақ, Венн диаграммасы, сөздіктер, т.б.
Сабақ барысы:
Ι. Ұйымдастыру кезеңі.
– Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.
Ι Ι. Үй тапсырмасын сұрау: «Қайырымдылық» ( М. Сүндетов)
Сөзжұмбақ шешу.
- 1. Тегіс, қатты жер.
- 2. «Торғайды көзімен арбап жейтін жануар»
- 3. «Ей, жолаушы, болсаң, осы таза бұлақтай бол!» деген жазуы бар тас қойылған. Қай мәтіннен?
- 4. «Ақысыз аш адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ» Қай мәтіннен?
- 5. Ер Махамбеттен бата алған бала күйші.
- 6. Жаяу Мұса көк қаршығасын кімге сыйламақшы?
- 7. «Аққұс туралы аңыздағы» (О. Бодықов) Аққұс шырқай жөнелгенде көкірегі қарс айырылып, аһ ұрған тау.
Қоссөздер қай мәтіннен?
1.
| таяу – таяу | тиіп – қашып | жалаң – жалаң | шыр – шыр |
Жауап: Ж. Аймауытов «Торғай» әңгімесінен.
2.
| сатпақ – сатпақ | жылт – жылт | балшық – балшық |
Жауап: Мазғұм Сүндетов «Қайырымдылық» әңгімесінен.
3.
| алуан – алуан |
Жауап: Ы. Алтынсарин «Өзен» өлеңінен.
Үй тапсырмасы бойынша жауаптар алу.
– Оқиға неден басталады?
– Балалар әрекетін әңгімелеу.
– Мұхтарға мінездеме беру.
– Оқиға қалай аяқталды?
Мұхтарды жығады
ду – ду күледі тас атады,қиқулайды
даурығып, әкіреңдейді
тәртіпті
қайырымды ұқыпты
мейірімді
Үй тапсырмасын қорытындылау.
– Мәтіндегі негізгі ой неде?
– Күшіктің халі әрі қарай не болуы мүмкін?
– «Қайырымдылық» сөзіне қарама – қарсы сөздер ойлап көріңдерші.
Мағыналас сөздер ойлап көріңдерші.
– Мәтіннен өзіңе қандай тұстар ұнады?
ΙΙΙ. Жаңа сабақ. «Киіктің айласы» ( Ә. Қоңыратбаев)
Кіріспе.
– Киік туралы естіген, білгендерің бар ма?
– Мәтінді мұғалімнің оқуы.
– Оқиғаны оқушылармен бірге әңгімелеу.
– Мәтіннен сөздерге қатысты сөйлемдерді тауып оқу.
Кітаппен жұмыс.
– Қасқырлар әрекетін тауып оқу.
– Киіктер не істеді?
– Олардың текесі қандай айла қолданды?
– Қасқырлар мен киіктердің бір – бірінен ерекшеліктерін, ортақ қасиеттерін анықтайық.
«Венн диаграммасы»
Жыртқыш,етқұмар,
аң аулап жейді,
азулы,тісті,
|
қауіпті,арам…
аңдып күтті-
тап берісті-
лап қойды-
шаршады-
талықси бастады-
қуды-
тілдері салақтады-
діңкелері құрыды-
шоқиып отырып қалды-
Айлалы, сұлу, еті адал,
мүйізі ем, ұйымшыл,
шөп жейді,
зияны жоқ, табиғат сәні…
Мәтіндегі мына сөздерді басқаша қалай қолдануға болады? Сөйлемдерде пайдаланып көр:
| таяқ сілтем жер | діңкесі құрыған | буыны қатаймаған |
– Мәтіндегі оқиғаны бөліктерге бөліп, ат қоялық.
Мысалы: «Суатқа келген киіктер»
«Аш қасқырлар»
«Ақсақ теке айласы»
– Киіктер туралы мағұлматтар тарату.
| 1 – нұсқа: «Киіктер» | 2 – нұсқа: «Ақбөкен» |
| Киік – дала жануары. Ақбөкендер, қарақұйрықтар өте ұқсас. Қорегі – өсімдік. Ағаштар мен бұталардың жапырақтарын жейді. Топтпасып тіршілік етеді. Тұяқты, дәрілік қасиеті бар, мүйізді. Еті дәмді, адам ағзасына пайдалы заттарға бай. Терісінен былғары иленеді. Су іздеп талай шақырымдар жүру тән әдет. Осындай қасиетті жануар көп ауланып, азайып бара жатыр. | Ақбөкендер ен даланы мекендейді. Олар топ – тобымен жайылады. Төнген қауіпке пысқырып дыбыс береді.
Ақбөкендер қойға ұқсайды. Олардың тұмсығы жалпақтау, басы үлкен болып келеді. Артқы аяқтарынан алдыңғы аяқтары қысқалау. Көздері қайнар суындай тұп – тұнық. Өте сақ жануар. Дәрілік мүйізі үшін көптеп ауланып, саны азайып кетті. |
Әр нұсқалар мәліметтермен танысып, келесі нұсқамен ақпарат алмасады.
ΙѴ. Қорытынды. – Аң мен жануарлардың жауларынан сақтанатын қару – құралдарын, айла – тәсілдерін ата.
– Негізгі ойды неде?
Ѵ. Бағалау, үйге тапсырма
