Сын есімдерден өткенді қайталау

Солтүстік Қазақстан  облысы, Тайынша  ауданы И. М. Бережной  атындағы
Келлер  орта  мектебі қазақ  тілі  және  әдебиеті  пәнінің
мұғалімі: Бикенова  Алмагуль. Ф.

6-сынып   қазақ  тілі

Сабақтың тақырыбы: Сын есімдерден өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  сын есімнің мағыналық,тұлғалық,құрамдық түрлері,   сын есім тудырушы жұрнақтар  бойынша оқушылар  ізденісіне бағдар беру.

Тәрбиелік:   қабылдау түйсігі, салыстыру және ой жүйелеу қабілеттерін дамыту.

Дамытушылық: сынау мәдениетін қалыптастыру,  өрелі ой еркіндігіне баулу.

 Сабақтың көрнекілігі: түрлі сызбалар, дидактикалық материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет пәнімен байланыстыру.

Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ.

Әдіс-тәсілдері: ізденісті-зерттеу, салыстыру   т.б.

 

Сабақ  барысы:

I     Ұйымдастыру   кезеңі.

ІІ   Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ  Психологиялық  дайындық

IV  Сын есімді қайталауға арналған сабақ

Сызбамен жұмыс.Сызбаға қарап ереже шығарыңдар,

мысалдар арқылы ережелерді дәлелдеңдер.

V   Өткен  тақырыпты  бекітуге  арналған  тапсырмалар

VI  Бағалау

 

VII  Үй  тапсырмасы

Мұғалім  сөзі:

-Балалар, мектебімізде  өтіп  жатқан  іс-шаралар  неге  арналады?

-Еліміздің  тәуелсіздігінің  20жылдығына  арналады.

-Отанға, тәуелсіздікке  байланысты  қандай  өлең-шумақтарын  білесіңдер?

Бейсенова  Динара  «Ғасыр  шежіресі» өлеңінен  үзінді  Ақаев  Арлан

 

Тәуелсіздік-тірлігімнің  айғағы,

Татулығым-бірлігімнің  айғағы.

Сөгілмесін  еліміздің  іргесі,

Әлі  де  бар  ұрпағыңның  арманы.

Бейбіт өмір  тілеймін  мен  халқыма,

Туған  тілім  шұбарланба,  жарқыра!

Тарихымда  таланттылар  көбейсін,

Бас  иемін  ата-баба  рухына!

 

 

Бойымда  әлі  бұлақ  жатыр  бұрқырап,

Сол  бұлақтан  сыр  ағыздым  жыр  құрап.

Тілейтінім  барша  жұртқа  бір  ғана-

Ырыс, бақыт,  татулық  пен  ынтымақ!

 

Қазақ  тіліне  төселу  сәті:

-Қазақ  тіл  білімінің  неше  саласы  бар?

-Морфология  саласы  нені  зерттейді?

-Қазақ  тілінде  неше  сөз  табы  бар?

Сызба  қарап  ережені  айтыңдар,  мысалдар  арқылы  дәлелдеңдер

1-тапсырма. Тақтаға екі ағаштың суреті ілінеді.Оқушыларға жапырақтар таратылып,тапсырма беріледі: 1- адамның жақсы қасиеттерін, 2-топ жаман мінез-құлықтарды жазып шығыңдар.Жақсы мінез-құлықтарды түзу ағашқа,жаман мінез-құлықтарды қисық ағашқа іліңдер.Әр топ өз жұмыстарың туралы түсініктеме айтыңдар.

 2-тапсырма. Негізгі сын есімдерді бір бөлек,туынды сын есімдерді бір бөлек жазыңдар.Негізгі  сын есімдерді бір бөлек,туынды сын есімдерді бір бөлек жазыңдар. Сын есім жасайтын жұрнақтарды пайдалана отырып, туынды сын есімдер жасаңдар.

 а) есім сөздерден сын есім жасайтын жұрнақтар:    лі, лы, ды, ді, ты, ті, сыз, сіз, ғы, гі, қы, кі, лық, лік, дық, дік, тық, тік, шыл, шіл, шың, шің, шаң, шең, дай, дей, тай, тей, қой, қор, паз, кер, ген, и, ы, і

 ә) Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақтар: ғақ, гек, кек, ақ, ек, ық, ік, қ, ғыш, гіш, қыш, кіш, ғыр, гір, қыр, кір, шақ, шек, ынды, інді, нды, нід, малы, мелі, палы, пелі, балы, белі, ымды, імді, мды, мді, аған, еген, улы, улі, ма, ме, ба, бе, па, пе, ың қы, ің кі, ңқы, ңкі.

 3-тапсырма. Берілген зат есімдерден қатыстық сын есім жасаңдар.

Темір, су, меірім, ою, тау, ақыл, өнер, сөз

Қазақстан  қандай  мемлекет?

4-тапсырма.Адасқан сөздерді лайықты сөзбне тіркестіріңдер.

Өнерпаз            сөйлем

Түйінді              бала

Жасанды           жазушы

Басыңқы            әнші

Әуезқой             сөз

Атақты              көл
 

5-тапсырма.   Берілген  сын  есімдерді  тұлғасына, құрамына,  мағынасына  қарай  талда .

 

  дара күрделі негізгі туынды сапалық қатыстық
Ақ            
Тершең            
Асыл            
Тоңғақ            
Айлакер            
Жылы            
Өнерлі            

 

6-тапсырма.Әуезді тіркестер құраңдар.

Үлгі:Теңіздей терең,…

Теңіз,      күн,        ай,         дала,       су,       көңіл,      талап.

 

7-тапсырма.Сын есімдердің бірінші синонимдарін  одан кейін антонимдерін табыңдар

Сұлу-

Батыр-

Жылдам-

Сабырлы-

 

8-тапсырма.

Төмендегі мақал-мәтелдерден сын есімдерді табыңдар.

Қатты  жерге қақ тұрар, қайратты ерге бақ тұрар. Жақсы кеңес-жарты ырыс.Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ. Қысқа жіп күрмеуге келмес. Өткір пышақ қынға қас,өтірік сөз жанға қас. Тез қасында қисық ағаш жатпас.

 

9-тапсырма.Жаман мен жақсы туралы ата-бабаларымыздың айтқандарын оқи отырып,өздерің қандай мінез-құлықтарды жаман,қандай мінез құлықтарды жақсы деп есептейсіңзед,өз ойларыңды ортаға салып көріңдер.

Жамандар-өтірікші өсегі көп,

Ер жұрттың іріткі салар арасына-ай

Жалған сөзбен бықсытар ел арасын

Жанбай қалған ағаштың шаласындай

Жақсы адам елдің басшы серкесіндей

Жұнғымды болар елдің еркесіндей

Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады,

Қыранның қырдан байқар баласындай  (Сүйінбай)

Өңкей жақсы қосылса

Бітіреді кеңесті

Өңкей жаман қосылса

Шығарады егесті

Мәмілемен іс бітер

Бас қосып қалса көп есті

Жақсының жолы жарық күн

Жаманның жолы көмескі.  (Майлыққожа)

 

10-тапсырма. Мәтіннен сын есімдерді тауып, құрамына талдау жасаңдар. Сын есім тудырушы жұрнақтарды естеріңде сақтаңдар.

 

Қарап отырғанша,  бір нәрсеге    жарап отыр.

Белгілі батыр әрі шешен Шақшақ Жәнібек Төле биге сәлем бере келіп:

-Түзу мылтық,ұшқыр құс,жүйрік ат мақтаншақ жігіт,ұрыншақ ат жидым.Боз бала болып ерлік қылайынба,үлгі алып билік құрайынба?Еліңде кәрің болсаң жазулы хатың деуші еді,ақыл сұрай келдім депті сонда Төле би: «Өгізді өрге салмақанатың талар,наданға көзіңді салма сағың  сынар.Досыңа өтірік айтпа сенімің кетер,дұшпанға сырыңды айтпа түбіңе жетер.Жақсының жағасынан алма өрісің тарылар.Қару жисаң,мылтық жи,жаяу жүрсең таяқ,қарның асша тамақ.Ит жүгіртіп құс салсаң әуеиі боларсың.Әйел алсаң көркіне қызықпа,тектіні ал.Тұмау түбі-құрт болар,тұман түбі-жұт болар.Қарап отырғанша бір нәрсеге жарап отыр.Кәсіп болмай нәсіп болмас.Менен ақыл сұрасаң,айтарым осы» деген екен.

ІV. Рефлексия.

V .Үйге тапсырма

VІ.Сабақты қорытындылау.

Білімдерін бағалау

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше