Без рубрики

Сүйіспеншілік

Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы,  Қалбатау ауылы
Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия психологы
Ибраева Дана Манарбековна

Тақырыбы: Сүйіспеншілік

Жалпы сүйіспеншілік ұғымы — бүкіл жарық дүниені сүю. Егер адам баласының сүйіспеншілігі бүкіл әлемге, яғни жанды, жансыз дүниеге (тау, тал, адам, отан, тіл, дін) бірдей болса, нұр үстіне нұр.

Адам баласының достық сезімі адаммен бірге жаратылған. Ал бірлігін сақтау жолы, яғни, кілті, ол сүйіспеншілік пен сенімде. Егер осы сенім адам өмірінен алыстай бастаса, қоғам әлсірей түсетіні сөзсіз. Біздегі тыныш та бейбіт өмір әлемнің өзге елдерінде сирек. Бірі ұлтаралық даумен басы қатса, енді бірі лаңкестік арандатушылыққа бой алдырды, тағы бірі, тойғанын көтере алмай, енді біреуі түрлі табиғат апатына ұшырауда. Еліміздің мұндай жағдайға ұшырамауының басты себебі, халықтың бір-біріне  деген сүйіспеншілігі мен сенімінің молдығы, бірлігіміздің жарастығының арқасында.
Адамдар  әртүрлі мінез-құлықпен, яғни өмірді түсініп, сүюдегі дәрежесін әртүрлі етіп жаратылған. Біреудің өмірге деген сүйіспеншілігінің аздығы, бұл орайда дәл осы кемшіліктің өз бойымызда бар екендігін көбіне мойындамаймыз.
Жаратылысымызда мәңгілік ештеңе жоқ. Жер бетіндегі жалпы құбылыс үнемі өзгеріске ұшырап, қозғалысқа түсіп, ол мәңгілік жоғалып кетпесе де, бір күйден, екінші бір күйге ауысып отырады. Осы сияқты жер бетіндегі адам баласының тыныс-тіршілігі де үнемі қозғалыста. Сондықтан адамзат, қоғам, дәуір, заман алмасуын қанша рет бастан өткізгені белігісіз. Сол бір қиын-қыстау кезеңде елімізде өмір сүру, дүниені танып білу сезімінде мейірімсіздік пайда болып, бір-біріне деген сүйіспеншілігі кеми бастады.       Мәселен, баланың ата-анасына деген сүйіспеншілігінің жоғалуынан, көптеген қариялар балалары бола тұра, қарттар үйін паналады. Ананың іштен шыққан нәрестесіне деген сүпіспеншілігінің жоғалуы салдарынан балалар үйі тастандыларға толды. Халқына, ағайын-жұртына деген сүйіспеншілігінің жоғалуынан кейбір шенеуніктер дүниеқоңыздыққа салынып, елге шығын әкелді. Осының барлығы адам баласының, бір – біріне  мейірім шапағатына деген сенім, сезімінің аздығынан болып отыр.
Кешегі өткен қоғамымызда еларалық достық, сүйіспеншілікті сақтау жолында көптеген жұмыстар атқарылғанымен, өміршең болмады. Оның себебі, ол кезде сүйіспеншілік, достық қатынастарда жасандылық басым еді.

Ол үшін адамдардың бір – біріне, жер бетіне деген мейірім шапағатын мойындап, күнделікті тұрмысымызда бір-бірімізге деген достық, сүйіспеншілігімізді, сыйластығымызды  нығайтуға, кемшілігімізге үлкен кешірімділікпен қарауға тиіспіз. Болмашы нәрсеге бола бір-бірімізбен араздаспауымыз керек. Досыңның басындағы түрлі тағдыр істеріне достықпен, аяушылықпен қарауға дағдыланайық. Сондай-ақ «Күлме досқа, келер басқа»,- деген халық даналығын естен шығармағанымыз абзал.
Cүйіспеншілік, сыйластық, мейірім сезімін адамға жас күнінен бастап тәрбие арқылы бала бойына сіңіру қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойына отанға, айналасына деген сүйіспеншілік ұялары анық.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.