Арнаулы пән
Сабақтың тақырыбы:: Акт
Мақсаты:
Білімділік:. Оқушыларды істі тапсыру – қабылдау актісі мен өндірістегі жазатайым оқиғалар актісі т.б актілердің үлгісімен таныстыру.
Дамытушылық:Алған білімін одан әрі дамыту
Тәрбиелік:Ізгілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі:: Оқулық, үлгі.
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру
ІІ.Өткен сабақты қайталау
- Бұйрықтың көшірмесінің реквизиттерін айт.
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.
Акт – анықталған оқиғалар мен деректерді растайтын бірнеше адамның қатысуымен жазылатын іс қағазы. Акт міндетіне қарай әр мазмұнды болып келеді:
басшылар немесе жұмыскерлер қызметтен ауысқанда, істерді өткізу, қабылдау жөнінде;
кәсіпорынның жұмысын тексергенде – ревизияның немесе тексерудің қорытындылары жөнінде жасалады.
Акт істелген жұмыстар бойынша, ескірген немесе мерзімі өткен заттарды есептен шығару туралы жасалады.Кейде актілерге жоғарғы кәсіпорынның бекіту грифі қойылады. Актіні жасауға негіз болған құжат көрсетілуі керек.
Мысалы: 17.04.92. № 16 Бұйрық
Актінің мазмұны бойынша ескертуі бар адам, қолын қойғанда келіспейтіндігін көрсетуі керек және өз ойын бөлек қосымша бетке жазуы керек. Егер ескерту қысқа болса, онда актіге қойылған қолдардың төменгі жағына жазуға болады.
Актіге тексеруге қатысқан бар адам қолдарын қоюлары керек. Актіні жазғанда оның мазмұнымен міндетті түрде басшыны таныстыру керек.
Актінің тексті екі бөлімнен тұрады: кіріспе жіне баяндау бөлімдері.
Кіріспе бөлімінде мекеменің толық аты, негіз болған құжаттың нөмері мен датасы, комиссия құрамы және қатысушылар жазылады. Кейбір деректер кенеттен анықталғанда, комиссия құрамының орнына тек қатысушылар ғана жазылады.( аты –жөні, фамилиясы, қызметі)
Баяндау бөлімінде жасалған жұмыстар мен анықталған деректер, сонымен қатар комиссияның қорытындылары жазылады. Егер актіде бірнеше деректер анықталған болса, онда оның мазмұнын бірнеше бөлімге бөліп жазуға болады.
Кейбір жағдайда акт неше данамен жасалғаны және қайда жіберілгені туралы жазылуы керек болады, онда текстің соңында қосымшаға дейін 0 –ші жағдайдан былай жазу керек:
3 – данада құрастырылды
1 – ші данасы – қамсыздандыру бөліміне
2 – ші данасы бас бухгалтерге
3 – ші іске
Актінің негізгі реквизиттері: мекеменің аты, құжаттың аты, датасы, индексі, жасалған жері, текстің тақырыбы, текст, қосымшасы бары туралы белгі, қолы, келісім грифі.
ІҮ.Жаңа сабақты пысықтау.
- тапсырманы орындау, машинкада басып тапсыру.
Оқушыларды бағалау
Ү. Үйге тапсырма : 90-91 бет
- тапсырманы жазып келу.
