Ашық рай

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Нұрсай ауылы
Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Бектенова Лаззат Базарбайқызы

Сабақтың тақырыбы: Ашық рай

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:  Оқушылардың ашық рай категориясы туралы білімдерін практикамен ұштастыру, өз беттерімен білім алғызу.

ә) Дамытушылық : Ойлау, қабылдау қабілеттерін  жетілдіру,    шығармашылық қабілеттерін арттыру, өз ойларын жүйелі жеткізе білуге баулу.

б) Тәрбиелік: Туған елін,жерін сүюге,рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау сабағы

Сабақтың әдісі:  Семантикалық картамен жұмыс,

құрылымдалған шолу,категориялық топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Семантикалық карта, интерактивті тақта,

оқушылар салған суреттер.

 

 

I.Қызығушылықты ояту.  Семантикалық картамен жұмыс.

 

Р/с Мысалдар Нақ осы шақ Ауыспалы осы шақ Болжалды келер шақ Мақсатты келер шақ Ауыспалы келер шақ Бұрынғы өткен шақ Жедел өткен шақ Ауыспалы өткен шақ
1 Мен барғанмын.
2 Мен келермін.
3 Ол жазды.
4 Сен кеше оқып па едің?
5 Біз күнде демаламыз.
6 Сіз жазып отырсыз.
7 Ол тұр.
8 Ол көлге шомылатын.
9 Қыс суық болды.
10 Ол тез санайтын.
11 Қар жауып тұр.
12 Түсте той болады.
13 Ауылға кетпекшіміз.
14 Ол түсінген жоқ.
15 Мұны енді естімессің.
16 Кітапты оқырсыз.
17 Шай ішпекпіз.
18 Ол ойнағалы жүр.
19 Күнде ерте тұратын.
20 Жазда мұнда келмейді.
21 Ол бұлай жүрмейтін.
22 Ол келе жатыр.
23 Сұрақ қиын болмады.
24 Жел күшейді.
25 Көктем шықты.
26 Ол кеш қалған емес.
27 Ол келмей жүр.
28 Ол сонда оқымаған.
29 Біз осында қалармыз.
30 Ол жерде жатыр.

 

/Бұл семантикалық кестемен жұмыс   өткен тақырыптарды бекіту,  жаңа сабақтың кіріспесі, етістіктің 3 шағы етістіктің ашық рай категориясын көрсетететіндіктен оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында қолдандым. Оқушылар бұл тапсырманы 2-3 минутта орындап, бір-бірін тексереді, толықтырады./

 

II. а/ Мағынаны тану. Құрылымдалған шолу

  1. Мәтінді мәнерлеп оқимын. Етістіктерді теріп жазып отырады.
  2.  Берілген сұрақтар бойынша оқушылар ықтимал жауаптар дайындайды, өз пікірлерін қорғайды,ой айтады./ уақыт беріледі,жазбаша жауапқа/
  3. Мәтін жалғастырылып оқылады.

 

 

 

Сонау көне заманда, бүгінгі  қазақ елінің төрінде, Ергенеқон елінде ай мүйізді, аққу қанатты қос Пырақ өмір сүріпті. Сол қос Пырақты бүгінгі қазақтың, кешегі Көк Түріктің, ертедегі Ғұн мен Сақтың ата-бабалары алғаш рет ауыздықтап, жанына серік етіпті. Сөйтіп «Ат-ердің қанаты» деп, желден жүйрік тұлпар мінген, тұлпар емес-ау, Пырақ мінген Ерлердің рухы биіктеп, бойларына желік  бітіпті. Сонымен олар ұшса – қайыспас қанат, ұмтылса-қайырылмас қару болып жер-дүниені кезіп, шарлапты.

˝Бергеннің қолынан,бермегеннің жолынан˝деп, ел мен жерді жаулапты. Шығыста сонау Амурдан, Батыста сонау Дунайға, тіпті Римге дейін саулапты. Бірақ, бір уақыттарда « Ел аралаған сыншы болар»дегендей, Ерлер есін жиыпты. Өзге елдің ерге құт болмайтынын біліп, «Отан- оттан да ыстық», «Өз елім-өлең төсегім» деп Ергенеқон еліне қайтып оралыпты. Олар қайтып оралғанда, алдарынан қалқып Қыран шығыпты.

-Иә, не көрдіңдер, не түйдіңдер ?- депті қыран.

Сонда қос Пырақ: / Ықтимал жауап./

Мәтінді жалғастырып оқимын.

– Көргенімізді айтсақ- көп сөз,түйгенімізді айтсақ«Әркімнің өз жері жұмақ» екен депті.

– «Туған жер- тұғырың, туған ел-қыдырың»  ,-деп қостапты қыран.

– «Кісі елінде күркірегенше, өз елінде дүркіре» дегендей, Алтын шаңырағымызды өз еліміздің төріне тігуге бел байладық .

Сонда қыран: Онда алдарыңнан жарылқасын, -дейді.

– Сол шаңырағымыз биік, берекелі болсын, нұр шашсын шайқалмасын деп, қанатыңның  астына алып,  Жұлдызымыз әрдайым жоғары болсын деп, қырағы қорғаны болмақпыз.

– Онда,˝Төртеу түгел болса,төбедегі келеді˝ деп мен де  Көк төрінде төбелеріңнен қалықтаймын, алтын нұрлы күн астында айбарымды асқақтатайын.

– Тауып айттың, Қыран! «Ынтымақ түбі- игілік»-дейді. Сол игіліктің арқасында Қазақстан атты елдің мәңгілік  (ықтимал жауап)  рәмізіне айналсақ, біз үшін бақыт емес пе?

ә/ Топпен жұмыс

(Жауаптарын жазбаша түрде береді)

I  топ. Мәтінде кездескен мақал-мәтелдерді есіне түсіріп жазу.

II топ. Мәтін бойынша сурет  салады.

III топ.Теріп жазған етістіктерін қай шақта тұрғанын ажыратып айту;

(Қалып қойған жауаптарын басқа топтар толықтыруға болады.)

 

– Сонымен,  ашық райдың ережесі,білетіндеріңізге сәйкес келе ме?

III.Толғаныс /Интерактивті тақтада талдаудың үлгісі көрсетіледі/

I топ. 162-жаттығу

1. Ашық  райлы етістіктерді теріп жазып, тізбектеп оқу .

2. Сүйреп алып келеді  етістігіне морфологиялық талдау.

1.Тұлғасына қарай:

2. Құрылысына қарай:

3.  Құрамы:

4. Мағынасына қарай:

 

II топ. 163-жаттығу

1. Ашық  райлы етістіктерді теріп жазып, тізбектеп оқу .

2. Жақсы танимын / құранды етістік/  етістігіне морфологиялық талдау.

1.Тұлғасына қарай:

2. Құрылысына қарай:

3.  Құрамы:

4. Мағынасына қарай:

 

III топ. 164-жаттығу

1. Ашық  райлы етістіктерді теріп жазып, тізбектеп оқу .

2. Сайрап тұрады екен  етістігіне морфологиялық талдау.

1.Тұлғасына қарай:

2. Құрылысына қарай:

3.  Құрамы:

4. Мағынасына қарай:

Категориялық топтастыру.

 

Ашық рай

 

Осы шақ                           Өткен шақ                           Келер шақ

 

ауыспалы            нақ осы шақ

осы  шақ

күрделі нақ      отыр, тұр,

осы шақ           жатыр, жүр

 

Үйге тапсырма: «Тәуелсіздік – тұғырым» тақырыбында ашық райлы етістіктерді қатыстырып, шығарма жазып келу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше