Ақтөбе қаласы, №11 арнаулы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Сугирова Кулшад Куралбаевна
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Отан сүйгіштікке, елін қастерлеуге үйрету, Қазақстан республикасының 20 жылдық тарихын меңгерту, мемлекеттік рәміздің мазмұнын ашып, тарихтың «Қызыл» күніне айналған тәуелсіздік күнін, азаттықты сезінуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, шарлар, интереактивный тақтада жасалған слайдтар «20 жылдағы 20 жетістік», буклеттер, қабырға газеті, «20 ұлағатты іс» сыныптың жетістігі көрсетілген қабырға буклеті, денсаулық бұрышы.
Барысы: ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады
1-жүргізуші:
Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар!
Тарихта ерекше орны бар, бәріміз куәсі болған халқымыздың қасіретімен ар – намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған оқиға – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.
Клип «Желтоқсан желі»
2-жүргізуші:
Халқының азат болашағы үшін жанын шүберекке түйіп, алапат кешке қарсы алаңға шыққан мыңдаған уыз жасты қызыл жоса қанға бөктіріп, айуандықпен азаптады.
1-жүргізуші:
Солар үшін, ол құрбандардың өшпес, бауырындай тайсалмаған өр қылығы келешек ұрпақ үшін ұмытылмас оқиға болары анық. Сол қыршын ерте үзілген жастарымызға тағзым етіп, бүгінгі кешімізді ашық деп жариялаймыз.
2-жүргізуші:
Кеудемде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.
Ерте айтылды, сондықтанда келте айтылды бұл әнім,
Уақытының талабына дөп келсе де ұраның.
1-жүргізуші:
Өсер елдің қай кезде де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашан да еңкеюге тиісті емес жалауы.
2-жүргізуші:
Жанартаулар бұғып жатып бір атылады. 70 жыл бой қылбырауға маталған қазақ халқы да 1986 жылдың желтоқсанында тар жол, тайғақ кешті, қазақтың басы бірігіп, бір жұдырықтай жұмылған әрі қайғылы, әрі бақытты күн сол еді.
1-жүргізуші:
Ұлттық жаңа рудың елдігімізбен есендігіміздің басы болғай деп тілеген еді. Қалың жұрт желтоқсан оқиғасынан кейінгі 20 жыл біздің елімізге көптеген өзгерістер әкелді. Ұлттық сана сезіміміз оянып, тәуелсіздіктің туын көтердік.
1-оқушы: Қартаев Элдар
Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған,
Жете алмай құрбан болды қанша адам.
Махамбеттер, Жанша, Халел, Қайраттар.
Әр кезеңде елі үшін ерлік жасаған.
2-оқушы: Нағашыбайқызы Ақерке
Мұзға жаққан желтоқсанның алауы,
Ләззаттарды жалғастырды қарағым.
Жарқылдаған ұл-қызыңның жанары,
Мәншүк, Әлия қорғап берген азат күн.
3-оқушы: Кәкентай Тамирлан
Еркіндік үшін өмірін қиған ерлердің,
Еліміз үшін арғымақ мінген гүлдердің.
Ерлігі міне күн болып көкте көрінді,
Сәби боп келіп, тау болып түрді түндерін.
4-оқушы: Байсанова Аружан
Сәби боп басты алғашқы қаз-қаз қадамын,
Жүгіріп кетті батасын алып ананың.
Бірінші асу-ел болар елдің еншісі,
Сүрініп барып, талпынып жеткен егемен!
5-оқушы: Ескуатов Арман
Жылға — жыл өткен белесте қырат асулар,
Шыңдады сені мазмұны терең әрі жылдар.
Кешегі сәби бүгінде 20-ға толыпсың,
Алдыңда әлі қаншама сүрлеу, асу бар.
6-оқушы: Кәрібай Нұрсұлтан
Азаттық алдың Желтоқсанда
Мұзға алау, от жағып
Берік бол енді ел тосқандай,
Өркенде әсем гүл жарып.
7-оқушы: Бектуров Жарас
Жанымыз жомарт қазақпыз,
Мәңгүрт боп кете жаздаппыз,
Қосайық басты бауырлар,
Жанайық жаздап, маздап біз.
8-оқушы: Садыков Султан
Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өркендер ақталады.
Ел намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.
2-жүргізуші:
Азаттықты арман еткен халқымыз осы тәуелсіздік үшін сан сүрлеулермен соқпақтарды, белдер мен белестерді асып өтіп, үлкен арнаға, тәуелсіздік даңғылына аяқ басты.
1-жүргізуші:
1990 жылы қазанның 25-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл күн Республика күні болып жарияланды.
2-жүргізуші:
1990 жылы 1-желтоқсанда еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Ән хормен: «Ел басымыз ағиық».
1-жүргізуші:
1991 жыл:
— Бұл жылы «мемлекеттік заң шығару кезеңі, жер кодексі заңы, тілдер туралы заң, мемлекеттік басқару заңдары» қабылданды. Осы жылы желтоқсанда Қ.Р.Президенті Н.Ә.Назарбаев мемлекетімізге «Қазақстан Республикасы» атауын беру туралы заңға қол қойды. 16-желтоқсан тәуелсіздік күні болып жарияланды.
2-жүргізуші:
Жырла десең халқымның қазақтығын,
91-де жол салған азаттығын.
Ғарышқа ұшты Тоқтарың осы жылы,
Танытып қазағымның ғажаптығын.
1-жүргізуші:
1992 жыл:
Осы жылдың наурызында бас ассамблеяның 46-шы сессиясының
пленаралық мәжілісінде Қ.Р-сы БҰҰ-на мүшелікке қабылданды.
2-жүргізуші:
Бұл Республиканың саяси және мәдени өміріне зор ықпал етті. 8-наурызда Президент Н.Ә.Назарбаев «Қ.Р- ның қарулы күштерін құру»туралы жарлыққа қол қойды.
1-жүргізуші:
Ал 4-мамырда Қазақстанның жоғарғы кеңесі бейбітшілік, туыстық белгісі — байрақ үшін көгілдір түс, ал елтаңба үшін мейрімділік, ізгілік белгісі — алтын алынды. Әнұранымыздың мәтіні жазылды.
9-оқушы: Қайыржан Нұрсұлтан
Қуаныштан тұрдың ғой жарылғалы,
Семейдің полигоны жабылғалы,
92-де БҰҰ-ға мүше болдық.
Қазақтың мәртебесі жалындады.
10-оқушы: Тугелбаева Асемай
Мен қазақпын, мың өліп мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.
11-оқушы: Зинадинова Айдана
Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім!
Би: «Қара жорға»
Ән: «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру»
2-жүргізуші:
1993 жыл:
Осы жылы 28-ші қаңтарда Халық депутаттары «Қ.Р-ң алғашқы Конституциясы» туралы заң қабылдады. 15-қарашада Қ.Р-ның халықаралық ұлттық валютасы «теңге» айналымға енгізілді.
1-жүргізуші:
Ту тігіп әнұраным қалықтады,
Әскерім айбынымен шарықтады.
93-те рубльді әрі ысырып,
Қазақтың төл теңгесі анықталды.
2-жүргізуші:
1994 жыл:
7-наурызда алғаш рет кәсіптік парламент жергілікті өкілеттікті органдарға мәслихаттық сайлау жүргізді. 19-сәуірде жоғарғы кеңестің 1- сессиясы жұмысын бастады.
1-жүргізуші:
Халқымның толқуында шек болмады,
Қуаныш ұлан-асыр тек болмады,
94-те тағы ұшып ғарышқа
Талғаттың абыройы бек орнады.
Ән хормен: «Өз елім»
Сөзін жазған Қадір Мырзалиев
Әнін жазған Нұрғиса Тілендиев
2-жүргізуші:
1995 жыл:
Осы жылы 30-тамызда Қ.Р-ның жаңа конституциясы қабылданды. Бүкіл халықтық референдум болып өтті.
1-жүргізуші:
95-те Ата заңды қабылдадық,
Ақыл айтып жастарға арындадық.
Тойымен Ұлы Абайдың 150 жыл,
ЮНЕСКО көлемінде жалындадық.
2-жүргізуші:
1996 жыл:
Жамбылдың жылы болды.
Бұл жылы 12-қаңтарда Қазақстан әуе жолының ғарышкері Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев, Ю.Молеченкоға халық қаһарманы атағы берілді.
Күй: «Қазақ желі» Ескуатов Арманның орындауында.
1-жүргізуші:
1997 жыл:
-Қ.р-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқына жолдауы» жарияланды. Онда тәуелсіз мемлекеттің ұзақ мерзімді «Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасы берілген.
2-жүргізуші:
1998 жыл:
Халықтар бірлігі мен сабақтастығы, ұлттық тарихи өткенді еске алу жылы. Дәл осы жылы Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға көшіріліп Астана атауы берілді.
Өзбек биі
1-жүргізуші:
1999 жыл:
Ұрпақтар бірлігімен сабақтастығы жылы.Өз кезегінде уақытша құбылыстардың ықпалымен кетпей түбегейлі мұраттар жолындағы ортақ күресімізді табандылықпен жүргіздік. Қаныш Сәтбаевтың 100 жылдығын тойлау туралы ЮНЕСКО көлемінде бастама жасалды.
2-жүргізуші:
2000 жыл:
Ғасыр мен ғасырды, мыңжылдық пен мыңжылдықты тоғыстырған 2000 жыл: Мәдениетті қолдау жылы болып қабылданды.
1-жүргізуші:
2000-да мәдениетті қолдап жүрдік,
Ұрандап жастарыма жалын бердік.
2001-де төселіп елдігіме,
10 жыл деп «Қос қанатты» қомдап жүрдік,
Ән хормен: «Қазағым менің».
Сөзін жазған: Назарбаев Назарбаев
Әнін жазған: Бекболат Тілеуханов
2-жүргізуші:
Соңғы жылдар денсаулықты сақтадық,
Әр қазақты өз алдына баптадық.
«Шын дарын ауылдан шығады» деп,
Ауыл жылын шын көңілмен жақтадық.
1-жүргізуші:
2002 жылы «Бәйтерек» ғимараты ашылды. 97м.(Астананың 1997 жылы ашылу құрметіне байланысты) 2003-2005 жылдар «Ауыл жылдары» болды.
2-жүргізуші:
2006 жылы ел президентін қайта сайладық.
Сан алуан оқиғалар жол тартты,
Бәрі-дағы тарих үшін ортақ-ты.
Басшылығын білігімен жүргізген,
2-рет Президентті қолдапты.
1-жүргізуші:
2008 жыл:
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Вадим Павлович Зверьков Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
«Мен қазақпын» өлеңіне көрініс.
Сұрақ-жауап айдары (үш жылдыққа талдау жасау).
1. 2009 жылы Қазақстан Республикасында қандай оқиғалар болды?
2. 2010 жылы Қазақстан Республикасында қандай оқиғалар болды?
3. 2011 жылда Қазақстан Республикасында қандай оқиғалар болды?
4. Соңғы үш жыл ішінде сіздің өз басыңыздан өткізген, есіңізде қалатын қандай жаңалықтар болды?
5. Соңы үш жыл ішінде керемет деп санайтын тарихи оқиғаны атап берсеңіз?
6. Ел басымыздың соңғы жолдауы қалай аталады және жолдауға сәйкес қандай жұмыстар атқарып жатырсыз?
7. Тәуелсіз ел қандай ел?
8. Тәуелсіздікке қандай үлес қосып жатырсыз?
2-жүргізуші:
Еліміздің Тәуелсіздік алауы халқымыздың тарихындағы жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол-баршамыздың еркіндікті,аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.
1-жүргізуші:
Жоспар да бар жасаған Елбасымыз,
Орындасын оны кәрі-жасымыз.
Азияның барысына айналсақ,
Сүйсінсін дос, күйінсін дұшпан, қасымыз.
12-оқушы: Қайыржан Нұсұлтан
Қазақ, сақтар, қаңлылар,Сарматта да
Түріктердің қаны бар қазақтарда,
Сан ғасырлар тоқып өткен,
Өлмейтұғын мәңгілік қазақ мына.
13-оқушы: Жақсылықбай Әділ
Тәуелсіздік тірегің, жаңа жолың,
Сан сүрлеулер бастаған, бұл даңғылың.
Тайма енді, адаспа, сүрінбегін,
Азаттықпен енді атсын әрбір күнің.
14-оқушы: Нағашыбайқызы Ақерке
Қақтырған қанатымды тірегім ел,
Қиырдан талып ұшқан түлегің ем!
Елімді құшқан осы Тәуелсіздік,
Жыр болып жатсын түлеп жүрегімнен.
15-оқушы: Қартаев Элдар
Таңғажайып атың да дәл табылды,
Табылда да талай жұртқа танылды.
Қазақ елі көкке жетті көк туың,
Сен тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі.
16-оқушы:
Кең далалы кең пейілді қазақпыз.
Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз.
Қос тағдырдың қиқаңына көнбейміз,
Ел намысын ешбір жауға бермейміз,
Сертің осы азат жігіт азат қыз!
2-жүргізуші:
20 жыл –бейбіт көктем таң атқалы,
20-жыл- шуақты шуақты күн таратты әнін.
Есімде сонан бері 20 рет,
Ашылды Тәуелсіз күннің парақтары.
1-жүргізуші:
Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын!
Алдымызда барлық үміт ақталсын!
Тату-тәтті бірлік болып қашанда.
Бейбіт өмір бар халықта сақталсын!
Ән хормен: «Атамекен».
2-жүргізуші:
Бірде жүгіріп бірде сүрініп жүрген қазақ елі енді биік, көңілі көтеріңкі, қадамы мығым елге айналды. Өркениеттің соқпағында еліміз заман ағысына қосылды.
1-жүргізуші:
Қадір ұстаздар, оқушылар! Сіздерді мереке күндеріңмен құттықтап, тәуелсіз аспандарыңыз ашық болсын демекпіз.
Келесі қорытынды сөз кезегін мектебіміздің директоры Избасканова Галия Кабиденовнаға береміз.