Без рубрики

«Сегіз қырлы, бір сырлы»

Ақтөбе қаласы, №11 арнаулы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Сугирова Кулшад Куралбаевна

Сабақтың тақырыбы: «Сегіз қырлы, бір сырлы».

Сабақтың мақсаты: Жас ұрпақты болашаққа бағыттап, оларды: жігерлілікпен ұстамдылыққа, тапқырлық пен адалдыққа, ізгілік пен ісмерлікке, әдептілік пен әдемілікке тәрбиелеу. Жігіттердің білік дағдыларын сұрақтарды қоя отырып тексеру, Түрлі жағдайлармен таныстыру.

                             Сабақтың барысы:

                                        Кіріспе

1-жүргізуші:

Айтпайтын сырыңды ұққан,

Қайтпайтын қиындықтан,

Досына бәрін беріп,

Дұшпанның туын жыққан,

 

Сияқты биік қорған,

Сертінде тұрып қалған,

Ұяттан от боп жанып,

Намысын қуып барған,

 

Қарттардың сөзі ұнаған

Қыздардың назы ұнаған

Жайдары, жаны жайсаң,

Қайтпаған қажымаған

 

Ерлікке барған талай,

Қара төс, сом балғадай

Жолбарыс жүректілер,

Қазақтың жігіттері-ай.

 

Ер жігіт дүниені көрген артық,

Дүниеде не бар жоғын сезген артық.

Түскендей аспан жерге іс болсада,

Бел байлап, тәуекелдеп төзген артық.

 

2-жүргізуші:

Қайырлы күн! Құрметті қонақтар!

Ұстаздар мен ата-аналар!

Бүгін бозбалалар арасында «Сегіз қырлы, бір сырлы» сайыс кеші өткізіліп отыр.

1-жүргізуші:

Жас дәурен гүл жазира қайран жазым,

Тыңдаған ерке сұлу айтқан назың.

Әсерлі ән, көк нөсер күй, сал домбыра,

Жігіттің тебірентесің өнерпазын –

дегендей бүгінгі жігіт сұлтаны сайысына жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар, сезіз қырлы, бір сырлы жігіттеріміз қатысып отыр. Олай болса сайыскер сері жігіттерімізге сәт сапар тілейміз.

2-жүргізуші:

Ер жігіттер бұл байқаудың қыраны,

Бұл бәрінің сыйлайтұғын жыр-әні.

Ағайындар бұл байқауға ортақ боп,

Алдарыңа ер жігіттер шығады.

1.Садыков Сұлтан

Ән айтады сыңғырлап,

Домбырасы қолында,

Өзі ұқыпты, әрі жақсы,

Қиындықтан қашпайды,

Біздің Сұлтан жігіттердің арасында.

2. Кәрібай Нұрсұлтан

Шығарманы жазады бір парақты толтырып,

Шығармасы газеттерден шығып жатыр жазылып,

Нұрсұлтан сабақтан қалмайды,

Үндемейді, бірақ іштей алдайды,

Көңіл-күйі болғанда,

Сабақ айтып қатысып,

Сөздерді сөз құрамына талдайды.

3. Ескуатов Арман

Күй тартады күмбірлетіп,

Мерекелер басталса,

Өзі сондай өнерлі озық ойлы оқушы.

Математика пәнінен,

Есептерді саралап,

Шығарады даралап,

Өнері көп бойында сегіз қырлы бір сырлы.

4. Қартаев Элдар

Сүйкімді әрі, ұқыпты,

Байсалды әрі сабырлы.

Сыныптағы тәртіпті,

Қадағалайды топбасшы.

 

Үміт артып тобымыздың атынан,

Элдарды қостық бәйгеге.

Көрерменді өнерімен қылып таң,

Нұр тұлпардай озып шығар бәйгеде.

5. Кәкентай Тамирлан

Мінезіне ақылы сай келетін,

Адамзат бұл өмірде бар білетін,

Шығады жігіттермен сын сынасып,

Сәт сапар тілейміз біз Тамирланға.

 

6. Қайыржан Нұрсұлтан

Нұрсұлтанға тілейміз,

Бүгінгі сайыс-жарыста.

Көрінерсің биіктен,

Жігіттерден қалыспа.

7. Жақсылықбай Әділ

Болашаққа сеніммен қараған,

Ел бірлігін бақытымдеп санаған,

Өнерімен үлгі болар басқаға,

Әділ де шықты міне ортаға.

8. Бектуров Жарас

Өзі тұйық көрінеді басқаларға,

Класты шулатады анда-санда.

Батыр бала бірақ байқап қарасаң,

Біздің Жарас міне осылай бағамдасаң.

9. Әділ Сайлау

Біздің Сайлау мақтаныш,

Қызу дода басталса.

Сұралып сөз бастайды,

Үй тапсырмасын орындаудан еш қашпайды.

Біздің топтың үздігі,

Еш жауапсыз қалдырмас өз міндетін.

1-жүргізуші:

     Сайысымызды бастамас бұрын жігіттеріміздің өнерін бағалап, әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып өтелік.

  1. Желбаева Салтанат Шынтайқызы
  2. Алиева Шолпан Серікбайқызы
  3. Нұмағанбетова Казима Марқабайқызы
  4. Мусина Гүлжан Берекетқызы
  5. Акбаева Азиза Омарғазиқызы

2-жүргізуші:

Сайыс шарты бойынша жігіттеріміз 5 сынақтан өтеді.

  1. «Ұлыдан ұлағат» (үйге берген тапсырма).
  2. «Жүйелі сөз-жүйесін табар» (жұмбақ шешу, мақалды жалғастыру, жаңылтпашты айту)
  3.  «Сегіз қырлы, бір сырлы» (өнерін көрсету)

1. 1 минут ішінде шарды үрлеу.

  1. Су толтырылған бутелкелердің үстінде музыка ырғағамен би билеу.
  2. Қыздардың іс-қимылын көрсету.
  3. «Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» (спорт сайысы)
  4. «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап» (білімділік сайысы сұрақтарға жауап береді) .

 

 

1-жүргізуші:

1 – шарт. Сонымен сайысымыздың алғашқы беташарын жігіттеріміздің үй тапсырмасымен бастаймыз. Өздерін таныстыруы тиіс.

2-жүргізуші:

   Қазылар алқасы жігіттеріміздің өнерін бағалағанша кезекті биге береміз.

   «Қора жорға биі» орындалады.

   Хор «Ақ көгершін» қыздардың орындауында.

2 – шарт. Келесі бөлім «жүелі сөз-жүйесін табар» деп аталады.Бұл бөлімде жігіттеріміздің тапқырлығы, алғырлығы ізденімпаздығы байқалады. Өйткені бұл бөлімде «Жұмбақ шешу», «Мақал жалғастыу», және «Жаңылтпаш айту» сындары бар. Үшеуі бірге бағаланады.

2-жүргізуші:

Ал, енді жігіттер мына алдарыңыздағы 9 конверттің ішінде1 жұмбақ және 1 мақалдың жартысы жазылған. Сендер сол жұмбақтың шешуін және мақалдың жалғасын табасыңдар. Ойлануға уақыт берілмейді. Конвертті ашқан бойы жауап қайтарасыңдар.

Мақал-мәтелдер.

Жат елдің қаршығасынан,

Өз еліңнің қарғасы артық.

 

Кісі елінде сұлтан болғанша,

Өз еліңде ұлтан бол.

 

Аққу айдынын аңсайды,

Адам туған жерін аңсайды.

 

Батыр туса – ел ырысы,

Жаңбыр жауса – жер ырысы.

 

Болат қайнауда шынығады,

Батыр майданда шынығады.

 

Ер басына күн туса,

ереуіл атқа ер салар.

 

Ер жігіттің екі сқйлегені өлгені,

Еменнің иілгені сынғаны.

 

Жібек белбеу – белдің көркі,

Батыр жігіт – елдің көркі.

 

Ағайын тату болса ат көп,

Абысын тату болса ас көп.

Жұмбақтар.

Күнде оған қараймын,

Қара шашым тараймын.

(Айна)

 

Жаңалықты жинайды,

Жұртшылыққа сыйлайды.

(Теледидар)

 

Кеудесі толған күш,

Табаны толған тіс.

(Трактор)

 

Әншейінде жекесің,

Қарай қалсаң екеусің.

(Айна)

 

Төрде жатып шалқиған,

Дәу қарыны қампиған.

(Жастық)

 

Қыл кеңірдек батыр,

Тау көтеріп жатыр.

(Көтергіш кран)

 

Тиіп кетсе жырлаған,

Даусы көпке ұнаған.

(Домбыра)

Ол жұмса көзін,

Ұйқтамаймын өзім.

(Шам)

 

Бұдан кір қорқады,

Судан бұл қорқады.

(Сабын)

             

                   Жаңылтпаш.

1.  Ол алқапты олар орар,

Бұл алқапты бұлар орар.

Олар ормаса, Омар орар.

 

2. Үш кіші ішік піштім,

Бес кіші ішік піштім,

Неше кіші ішік піштім.

 

3. Көдеде бөдене, төбеде шөмеле,

Бөдене көдеде, шөмеле төбеде.

4. Маймақ қай май қарағайға өрмеледі,

Жайлап май қарағайға өрмеледі.

5. Опа жаққан апа

Оқа таққан ападан басқа.

Опа таққан апа

Опа жаққан ападан басқа.

6. Ізашарлар ізбасарлардан

Ілгерірек жүреді.

Ізбасарлар ізашарларға,

Ілесе жүреді.

7. Сұр суырды шымшуырмен соқтым,

Шымшуырмен сұр суырды соқтым.

8. Шымдай шытырмаш,

Ол шытырмашты

Мен шым-шытырмаштамай

Кім шым-шытырмыштайды.

9. Қурайлының жерінде қоңыр

Айғырдың үйірінде бурыл

Қулық құлындап жатыр,

Бурыл қулық құлындап жатыр.

Қазылар алқасынан жігіттеріміздің бағасын сұраймыз.

      Жұбан Молдағалиевтың «Мен қазақпын» өлеңін Байсанова     Аружан мәнерлеп айтып береді.

1-жүргізуші:

Қарсы алайық көзіндей ғып көненің,

Суырылып алға шықса өнерлің.

Қазір енді тамашалап көріңдер,

Жігіттердің жеке орындар өнерін.

3 – шарт. Сайысымыздың 3-бөлімі «Сегіз қырлы, бір сырлы» деп аталатын өнер сайысы.(жігіттер өнерлерін көрсетеді).

2-жүргізуші:

Өнер сайысы бойынша жігіттеріміздің бағасын сұраймыз.

Измурзаева Шолпан «Шығыстың қос шынары» өлеңін мәнерлеп айтады.

Ән: «Ана туралы жыр» Байсанова Аружанның орындауында.

1-жүргізуші:

4 – шарт. Ендігі бөлім «жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» деп аталады. Бұл сында жігіттеріміздің спортқа деген икемділігін байқап көрейік.

Қазылар алқасынан спорт сайысы бойынша жігіттеріміздің бағасы сұраймыз.

2-жүргізуші:

Жалпы жігіттеріміз өздерінің қажырлығын, еңбеккерлігін көрсетті. Енді кезекті өлеңге береміз. Нағашыбайқызы Ақеркенің орындауында Тұманбай Молдағалиевтың «Әлия Мәншүк» өлеңі.

1-жүргізуші:

Жарайсыңдар, жігіттер, жарайсыңдар!

Алдарыңда асулы талай шың бар.

Шығармысың куәгер көрерменге,

Ой білімді толғантып танытыңдар.

5 – шарт. Сайысымыздың соңғы бөлімі «Ұшқыр ойдан-ұтымды жауап». Бұл бөлімде жігіттерімізге жан-жақты қамтылған сұрақтар беріледі. Жігіттеріміздің білімділік дәрежесін байқайық. Ортаға сері жігіттерәмізді шақырамыз.

2-жүргізуші:

Шарды отырып жарып, шардың ішіндегі сұрақтарға жауап   берулерің керек.

1-жүргізуші:

        Қазылар алқасынан жігіттеріміздің бағасы сұраймыз.

Байсанова Аружанның орындауында өзбекше би.

2-жүргізуші:

Қымбатты көрермендер!

Осымен «Жігіт сұлтаны» сайысының барлық шарттары орындалып отыр. Жігіттеріміз өздерінің жан-жақты дайындалғанын көрсетті. Енді қазылар алқасы жігіттеріміздің барлық бөлім бойынша алған бағасын анықтағанша кезекті  Зинадинова Айдананың орындауында үнді биіне береміз.

1-жүргізуші:

Бүгінгі «Сегіз қырлы, бір сырлы» атты жігіт сұлтаны сайысына қатысушы жігіттерімізді ортаға шақырамыз.(жігіттер алғашқыдай ортаға шақырылады).

2-жүргізуші:

Сайысымыздың қорытынды сөзін класс жетекшіміз Сүгірова Гүлшат Құралбайқызына  және де қазылар алқасының төрайымдарына береміз.

(Сөз сөйлеп, жүлделер тағайындалып, сыйлықтар ұсынылады).

1. Бас жүлде «Жігіт сұлтаны»             6. «Сабырлы жігіт»

2. «Білімді жігіт»                                  7. «Әнші жігіт»

3. «Өнерлі жігіт»                                  8. «Биші жігіт»

4. «Сымбатты жігіт»                            9. «Парасатты жігіт»

5. «Көрікті жігіт»

1-жүргізуші:

Бұл сайыс та тартымды аяқталар,

Ғажап сырын өнердің оятты олар.

Біз тілейік қашан да сәтті қадам,

Өнерлерің өмірге қанат қағар –

дей келе бүгінгі «Сегіз қырлы, бір сырлы» атты кешімізді аяқтаймыз.

2-жүргізуші:

      Сайысқа қатысқандарға және өнер көрсеткендерге рақымет айтамыз. Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.