Ақтөбе қаласы, №11 арнаулы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Сугирова Кулшад Куралбаевна
Сабақтың тақырыбы: «Менің қызықты демалысым» интеллектуалды шоу.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қысқы демалысын қызықты өткізуге, сабақ барысында алған білімдерін ұштастыра отырып, білімге деген, өмірге деген құштарлығын ояту, белсенділікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ. Сабақтың типі: ойын
Әдісі: түсіндіру, ескерту, топтастыру, жинақтау әдісі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Амандасу
ә) Топтастыру
ІІ. Сайыстың шартын баяндау.
Сайыс жеті шарт бойынша өтеді. Әр шарт бойынша екі топқа тапсырмалар беріледі.
Тапсырмалар.
- Сурет бойынша тапсырма. (10 мин)
Суреттегі есептерді шығара отырып кейіпкерлердің бейнесін бояу. Бұл кейіпкерлеріміз: аяз ата, қоян
- Әр топқа жаңа жыл, қыс, аяз ата туралы білетін тақпақтары бойынша айтып жарыстыру. (5 мин)
- Нысанаға көздеу ойыны. (10 мин)
Шыршаға ілінген тапсырмаларға допты лақтыру арқылы тапсырмаларды орындау.
Жауап бере алмаған тапсырмалар қоржынға салынады.
- Мақал – мәтелдер жарысы. (5мин)
- Қыс туралы жұмбақтар сайысы. (5 мин)
Екі топ қыс туралы жұмбақ айтып жарысады. Егер екінші топ шешімін таба алмаса жеңіледі.
- Аққала құрастыру. (5мин)
Екі топ қағаздан қиып аққала жасап, оны тақтаға ілдіреді.
- Галерияға саяхат. (5 мин)
Жаңа жылдық шыршаға әр кім өз тілегін жазып ілдіреді.
ІІІ. Қорытынды.
Бүгінгі интеллектуалды шоу бойынша әр бала өз пікірлерін айтады.