Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы
Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия психологы
Садвакасова Индира Қайратқызы
Эссе
«Тіпті күш арқылы жете алмайтын жеңіске әдептің арқасында жетуге болады. Қайда барса да, құрметпен қарсы алатын адам- әдепті адам », — деп бағзы заманның даналары бекер айтпаған. Адамның сыры бейнесі мен ішкі рухани сұлулығы екі бөлек нәрсе деп ойлаймыз. Қазіргі таңда білім сапасына, оның ішінде: математика, физика, химия сияқты негізгі пәндерге үлкен көңіл бөлініп, жаңадан мектептер салынуда. Яғни, біздің Қ.Р. Президентінің 2005-2010 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асуда. Бұның барлығы жас мемлекетіміздің алға қойған мақсатты нысанасы, дегенмен де осы негізгі пәндермен қатар психологиялық білімді қалыс қалдырмаған жөн.
Көне заманның Күлтегіні, орта ғасырдың Баласұғыны, қазақ хандығының құрылуындағы Асан Қайғы, қазағымның Төле биі- қандай да даулы мәселелерді ақылдылығымен парасаттылығымен, ұлағаттылығымен, әдептілігімен шеше біліп,елді басқара білген.
Жазба әдебиетіміздің ұлы ақыны Абай: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашық болу керек: әуелі –надандық, екіншісі-еріншектік, үшіншісі- залымдылық»; «Жақсы адам болып қалыптасу үшін, жаратылысынан гөрі, жаттығудың рөлі зор»,- деген ежелгі грек философы Демокрит, осы даналардың өлеңдерінің , мысалдарының, нақыл сөздерінің мән-мағынасы терең, рухани байлыққа толы. Адам жанын тереңінен біледі, оята біледі.
Осындай шығармаларды оқи отырып, әрбір оқушының ішкі жан дүниесі сезімділікке, мәдениеттілікке, әдептілікке рухани байи түседі.
Рухани байлығы мол оқушының, болашақ өмір жолы жарқын, әрі кең болады. Ел басқару қызметінде — әділетті болады, балалармен жұмыс жүргізуде – білімді әрі әдепті болады. Қандай да басқа сала қызметінде жұмыс істесе де , өзінің парасаттылығымен, ұлағаттылығымен ерекшеленеді.
Мәдениетті, әдепті оқушы- білімсіз болмайды. Көп оқып, білген оқушы- білімді оқушы, оқып- тоқығаны-көркем әдебиет, әрі ұстаздың ұлағатты сөздері.
Ал,көркем әдебиет пен ұлағатты сөздер- мәдениеттілікке, әдептілікке үйретеді.Оқып тоқыған білімді болашақта жетістік кепілі ретінде пайдалану үшін адамда психологиялық білім болуы шарт. Психологиялық білімі толық адам ғана өмірде өзін биік толық адам ғана өмірде өзін биік шыңдарға шығара алады.
Көптеген адамдар керемет білімді бола тұра, өмірде өз орнын таба алмай жатады. Себебі: олар қоршаған ортаның күрделі мәселелеріне қарсы тұруға психологиялық тұрғыдан дайын емес.
Отбасындағы қолайсыз жағдайларға байланысты адам білімін жетілдірмей немесе сол білімін тиісті арнаға пайдалана алмай қалады. Бұның да себебі: ол адамның психологиялық білімінің таяздығынан.
Әйгілі данышпан Әбу Насыр Әл Фараби «Балаға білім беру үшін, ең алдымен оны тәрбиелеген жөн, тәрбиесіз берліген білім, ол ертең бір апатқа әкеп соғады» деген екен.
Адамдармен тіл табыса білетін, мәдениетті, әдепті, мейрімді, жауапты, білімді, кез келген ортада өзін жоғары деңгейде ұстай білетін тәрбиелі адамды психологиялық білімі жоғары адам деп айтуға болады. Ал, бұндай адамның өмірі, әрине жетістікке толы болады деген сенімдемін.
Мәдениетті, әдепті оқушы әрқашанда сүйкімді көрінеді. Өзінің әдепті қылықтарымен, мейірімділігімен басқа балалардың ішінен іріктеліп, ерекшелінеді.
Білім ішкі рухани білімнен бастау алады. Оқушыны алға, дұрыс жолға жетелейтін де ішкі жан дүние. Ішкі жан дүниесі таза, білімге толы болса, жаман жолдан аулақ қылады. Болашақ жастарымыздың, болашақ білімділігі ішкі рухани байлығына байлнысты. Егер де Қ. Р. әр азаматының ішкі жан дүниесі: парасаттылыққа , инабаттылыққа толы болса, біздің білім — кемеліне жетеді деп ойлаймын.