"ҰБТ-болашаққа жолдама"
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Нұрсай ауылы
Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебінің
физика пәні мұғалімі Хайнешова Зәуре Халелқызы
Кештің мақсаты: оқушыларды шығармашылық пен ізденімпаздыққа: сөйлеу мәдениетін дамытуға; қортынды жасай білуге; өзара тәжірибе алмасуға; ұлттық біріңғай тестілеүдің оқушының болашағына маңызын терең түсініп қана қоймай,оған дайындалу туралы өзіндік пікір алмасуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: газет, буклет, геометриялық фигуралар, формулалар кеш тақырыбы.
Кештің өтілу барысы
I. кештің ашылуы
II. негізгі бөлім «Ойтолғау»
III. «Қонақжай» бөлімі
IY. Қортынды бөлім
I. Кештің ашылуы
Жүргізуші:
Адам баласы жас кезінен өмірде үлкен жетістікке жетуді армандайды. Көпшілігі ерте кезден бастап белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады. Біреуі математикаға, ал біреуі әдебиетке т.с.с ҰБТ-сол баланың қабілетін дұрыс анықтап, соның негізінде жүрегіне жақын пәнді таңдап, болашақ мамандығына бағыт беріп, жол салу. Олай болса, «ҰБТ-болашаққа жолдама» ойтолғауымызды бастауға рұқсат етіңіздер.Алдына мақсат қоя білген көшбасшыларымызды құрметпен өз ұрандарымен ортаға шақырайық;
Назерке «ҰбТ-болашаққа жолдама,
Өмірдегі үлесіңді жіберіп алма»
Динара «Екі тілді де меңгеремін,
Қоржыныма қайтсемде-
100 баллды теңгеремін».
Гүлнұр «Ойымдыда ,білімімді жинақтаймын,
Бұл әдістің маңызы зор деп тиянақтаймын».
Гүлназ «Парасатты да бол білімді ,,,
Оқы ,үйрен ілімді»
Айдана «Өмірің гүл болсын дасең,
Аянбай құлшынып ,еңбектен»
Дамира «Арманым да көп, мақсатым
Биік шыңға шығатын!»
Әр сынып өз сыныптасына жанкүйер болады, яғни өз сыныптасына қосымша сұрақтарға жаүап беріп ұпай алып беруге мөмкіндіктері бар.
Енді кешіміздің әділ –қазы алқаларымен таныс болыңыздар.
II. негізгі бөлім «Ойтолғау»
Әр сыныптың көшбасшылары өз ойтолғауларыңызды ортаға салыңыздар!
11 а б сынып оқушылары Назерке мен Динара тестілеудің маңызын және оған қалай дайындалу керектігін қазақ-орыс тілдерінде плакатқа схема түрінде көрсетіп айтты:
10а сынып оқушысы Гүлнұр тақырыпқа байланысты ойларын түйіндеп ,физика мен алгебра-геометриядан формулалар жинағын-«жинақ папкасын» көрсетті.
10б, 9б сынып оқушылары Гүлназ бен Дамира ҰБТ-ның оқушының болашағына маңызын және оған дайындықтары қалай жүзеге асып жатқандығын айтып, буклет арқылы көрсете алды. Буклеттің мазмұны, 1-ҚР жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелері, 2-мамандық таңдай алу және таңдау пәні; 3-пәндер бойынша орта балы; 4-тестке дайындалудың маңызы мен мақсаты, сол мақсатты орындаудың және күтілетін нәтиже; 5-менің кітапханама (әдеби кітаптар; оқулыкқтар; анықтамалықтар).
9а сынып оқушысы Айдана болашаққа долдама алудың сатыларын 5 баспалдақ түрінде көрсетті: 1-сабақты жақсы оқып, үй тапсырмаларына өте жақсы дайындалу, 2-қоғамдық жғмыстарға көбірек қатысып жан-жақты болу 3-жоғары оқу орнына түсу; 4-ата-ананың сенімін ақтау; 5-мамандық иесі болу.
III «Қонақжай бөлімі»
Жүргізуші:
Бүгінгі кешіміздін басты қонақтарын «Ханшаларды»шақырамыз.Олар :Математика әлемінен келген «математика»,Физика-астраномия әлемінен келген «физика»,информатика әлемінен келген «информатика».
«Информатика»
– ғылым мен техниканын дамуына байланысты қазақстан көптеген жетістіктерге қол жеткізуде.Орта мектептерде оқушылар комьпютермен қамтамасыздандырылған және Интернет жүесі де дамыған.Бұл-оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырады.
«Физика»:
-қазіргі таңға дейін өмір сүріп келе жатқан ғаламшарымыз қалай орналасқан жән дәл осындай ғаламшар барма деген сұрақтарға жауап береді.Физика ғылымы табиғаттағы құбылыстарды зерттейді.
«Математика»
-математика пәні адам мәдениетінің қалыптасуына әсерін тигізеді. Адам есепті шығара отырып көптеген тығырықтан шыға алады. Сіздер есепті шығарудан формулаларды жинақтап, түсініп, білім алудан жалықпаңыздар!
Жанкүйерлерге қойылатын сұрақтар
1. Запуска Калькулятора
2.Текстовые процессоры
3. Из них самый папулярный
4. Геометрия пәні неше бөліамнен және қандай бөлімдерден тұрады
5.Ом заңы қалай тұжырымдалады
6. Алғашқы термометірді ойлап шығарған физик кім
IY. Қорытынды бөлім
Жүргізуші :
Кешіміздің соңғы бөлімінде өздеріңізге таратылған сөздерді қолданып , тақырыпқа байланысты қорытынды сөз айтасыздар.
Жүргізуші: келесі кезекте сөзді мектебіміздін психологіне және әділ-қазы алқаларына береміз.
Кешіміздін Гранпри иегері –Дамира .
Номинациялар : «Шешен»-Назерке
«Алғыр да тапқыр»-Гүлнұр
«Өнерлі»-Айдана
«Эстетичная»-Гүлназ
«Ізденімпаз»-Динара
Жүргізуші:
Білім алып, іздену ешқашан да кеш емес!
Ізденімпаздықпен кешке қатысуларыңызда бос емес!
