Без рубрики

«Қыз инабаттылығымен әдемі-әдептілігімен сәнді»

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Нұрсай ауылы
Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебінің
ағылшын тілі пәні мұғалімі
Идрисова Гулжазира Амангелдіқызы

Тақырыбы : «Қыз инабаттылығымен әдемі-әдептілігімен сәнді»

Мақсаты: Жанұядағы қыз тәрбиесінде  ата-ананың рөлі. Қыз баланы сыйлауға, құрметтеуге, инабаттылыққа , ибалылыққа ,әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

-Қыз баламен ана арасындағы сыйластықты нығайту

-Қыз баланың жеке бас гигиенасына  анасы мен сынып жетекшісінің  көңіл қоюын бағыттау

-Жан ұядағы қыз бала тәрбиесіне ата-анасының жауапкершлігін арттыру.

Көрнекіліктер: Гүлдер , нақыл сөздер жазылған плакаттар, шаңырақ.

Барысы.

Құрметті көрермендер, аналар, қонақтар, ұстаздар. Ақыл –ой, білім мен ептілігімізді сынауға арналған «Қыз инабаттылығымен әдемі-әдептілігімен сәнді»   деген тақырыбымен өтетін кешімізге қош келдіңіздер.

Ана деген ақылшың

Анаң барда батылсын

Ұясында кім болса да

                              Тек қана анаңа жақынсың- дей отырып

ән шашу:Закуова Гүлназдың орындауында «Асыл ана»

Жалпы қыз баланың отбасындағы тәрбиесі оларды өмірге бейім, еңбекқор, білімді де әдепті, сезімтал да саналы , өнегелі де биік етіп тәрбиелеу ананың міндетті, сондықтан ортамызға 5-6 сыныптағы қыз балалардың аналарын ортаға  шақырамыз.

Алдымен бүгінгі біздің кешіміздің мақсатымен және жоспарымен таныстырып өтейін.

  1.  Аналарға сұрақ қою
  2. Қызбала тәрбиесі туралы сұрақ қою арқылы пікір алмасу.
  3. Шақырулы қонақтарға сөз беру
  4. Мақал -мәтелдер
  5. Қыз бала, ана туралы ассоцияциялық аймақ сызу.

І .Бүгінгі кешімізде аналарымыздың пікір алмасуда ойларын дамыту мақсатында кезекті сұрақжауапқа біреміз.

  1. Айша бибі мавзолейі қай жерде?
  2. Күйші ана?
  3. Сәндік бұйым жасайтын адамды қалай атайды.
  4. Қонақтың қандай түрлері бар?
  5. Келін түсіру, қыз ұзату дәстүрінде айтылатын қандай салт жырларын білесіздер?
  6. «Сұлу»- деген сөздің синонимдары?
  7. Қыздардың бас киіміне қадайтын құстың қауырсыны?
  8. Үш байлықты атаңыз?
  9. Бес дұшпанды атаңыз?
  10. Асты қалай ұсыну керек?
  11. Сақина мен жұзіктің айырмашылығы неде?
  12. Бесік жырын айтатын адам?

Аналарға сұрақтар.

  1. Қыз бен ана арасындағы байланыс қандай болу керек?
  2. Қыз бала тәрбиесіндегі мақсатыңыз қандай?
  3. Қыз балаға қатал болу керекпе?
  4. Қызыңыздың денсаулығына, жеке бас гигиенасына көңіл бөлесіз бе?
  5. Киім таңдауға сіздің көз қарасыңыз басымдаума?
  6. Қызыңызға қандай ұлттық тәрбие бере аласыз?
  7. Қыз тәрбиесіндегі басты құралыңыз.
  8. Қызыңызға не үйреттіңіз?
  9. Қыз тәрбиесіндегі әже жауапкершілігі қандай?
  10. Қызыңыздың бойындағы екі жақсы қасиетін атаңыз?
  11. Халқымыз қыз бала тәрбиесчінде қандай ұғымдарды пайдаланып және қандай талап қою арқылы жүзеге асырып отырған?

 

ІІ Шақырулы қонақтарға сөз беру. Ата-аналар, әжелер,қыздар төрайымы,мектеп медбикесі.

  1. Тәрбие бастауы анада  деп қазіргі қыздарды болашақ аналар деп санаймыз, осы қазіргі қыздар тәрбиесіне қалай қарайсыздар?
  2. Қыз бала инабатты, ибалы бала болу керек, қазіргі көп қыздардың бойында осы қасиет неге азайып барады?
  3. Қазақ халқымыздың салт-дәстүрі бойынша қыз баланы қандай бағытта тәрбиелеген?
  4. Ұлттық салт –дәстүрін білу, оның негізгі астарын түсініп, атадан балаға мирас ету қазіргі таңда әсіресе, қазақ қыздары үшін ауадай қажет нәрсе деп ойлайсыз ба? Неге?

ІІІ Мақал мәтелдер

Тәннің ләззаты-саулығында

Жанның ләзаты-білімінде деп келесі  кезек мақал-мәтелге берейік.

Мында ата-аналар қазақ халқымыздың қыз тәрбиесіне қатысты мақал –мәтелдерді айтамыз.

ІV.Кездейсоқ жағдайлардан шығу.

Адам баласы өзін тайсалмайтын табанды қажырлы етіп тәрбиелегісі келсе, қиыншылықтан қорықпай, онымен ұдайы күресіп, женіп отыру керек, келесі тренингіміз «Кездейсоқ жағдайлардан шығу»

1 жағдай.

Сізді кенеттен сенбі күні мектепке шақыртты не себепті шақыртқандары да белгісіз. Ал сіздің сол күнге жоспарлап қойған маңызды шаруаңыз бар еді.Сіз не істер едіңіз?

2 жағдай

Қызыңыз сізді жақсы көреді, бірақ сөйлескенде тіл табыса алмай тек ренжиді сіз қызыңызға қандай тәрбиелік шара қолданар едіңіз.

 

 

3 жағдай.

Қыз оқу үздігі бірақ үй жұмысына еш екемі жоқ. Қалай үй жұмысына тартар едіңіз?

V. Қыз бала, анаға байланысты ассоцияциялық аймақ сызу.

Осындай кеңестеріңізбен өз ойларыңыз  үшін сіздерге рахмет айта отырып бүгінгі әже, аналарымыздың айтқанынан ой қортындылаймыз.

 

Ардақты                       Дана                             Сүйікті

 

Ана                                        Тірек

 

Жол көрсетуші                                         Ақылшы

 

 

 

Әдептілік            Сұлулық                       Көктем

Қыз

 

 

Сән                      Махабат              Гүл

Ән :  Масалимова Айнагүлдің орындауында «Ару қыздар»

Қорытынды

Абай атамыз айтқандай , дүниеге кірпіш боп қаланатын ұл қызымызды елге тұтқа боларлықтай , биік тұлға боларлықтай азаматтар етіп тәрбиелеуге бар күш жігерімізді жұмсау қажеттілігін баса айта келіп бүгінгі  аяулы аналарға арналған кешімізді аяқтағым келеді.

«Қыз инабаттылығымен әдемі-әдептілігімен сәнді»: 1 комментарий

  1. Салеметсіздерме! менің жасым 16да, ал бойым 150см. Бойым кішкентай, содан қатты ұяламын. сондықтан сіздерден өтініш, бойды қалай өсіруге болатыны жайында жазсаңыздар екен. Алдын ала рахмет!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.