Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Нұрсай ауылы
Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Гильманова Нурия Қадемқызы
Әдебиет 7-сынып
Сабақтың барысы: С.Мұратбеков «Жусан исі»
Сабақ мақсаты:
- Балаларды мейірімді адал болуға, адамгершілікке, қиыншылыққа төзе білуге, қайсарлыққа тәрбиелеу.
- Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өз бетімен жұмыс істеу, ой-өрістерін дамыта отырып, өздіктерінен қорытынды шығаруға дағдылану.
- Тақырып мазмұнын меңгерту.
Сабақты өткізу әдісі: Сын-тұрғысынан ойлау технологиясы элементтері, екі түрлі түсініктеме стратегиясы.
Сабақтың көрнекілігі: С.Мұратбеков суреті, кітаптар көрмесі, плакаттар, буклет, үйдің макеті.
І. Қызығушылықты ояту:
Балалар! Біздер бүгін С.Мұратбековтың «Жусан исі» әңгімесін қорытындылаймыз. Осы әңгімеден алған білімімізді ортаға ортаға салып талқылайық. әңгімені талқыламастан бұрын сөзден үй салып көрейікші. Мықты үйді, мықты біліммен құраймыз. Үй салу үшін ең бірінші – іргетас құрайық.
І.
- Әңгіменің авторы туралы кім не біледі?
- Осы автордың өткен сыныптарда оқыған шығармаларын білесіңдер ме?
- Қандай шығармасын өттік? Мазмұны қалай еді?
ІІ.
- Әңгіме оқиғасы қай жылдарды болып еді?
- Әңгімеде халыққа түскен ауыртпалық пен қиыншылықтар, қайғы-қасірет қалай суреттеледі?
ІІІ.
- Аянның алғашқы ертегісі қандай оқиғаға байланысты айтылатын еді?
- Оның «ертеде бір жетім бала болыпты» деп басталуымен қандай байланысы бар?
ІV.
- «Жылауды әркім біледі. Мықты болсаң нағыз еркектерше қиыншылыққа жыламай бақ», — дегенің қандай, мінез қасиеттерді байқауға болады? Бұл қасиетін қай сәттерден көруге болады?
- Жусан исінің Аян үшін қандай маңызы бар?
Білім арқылы үй құрадық. Үй-іргетас-қабырға-шатыр-терезе.
ІІ. Мағынаны тану: Екі түрлі түсініктеме.
а) Оқушылар дәптердің бетін вертикаль сызықпен бөледі.
Бөліктің оң жағына.
Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар, үзінділерді жазады.
Бөліктің сол жағына.
Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады. (Нені еске түсіреді,себеп салдары қандай, андай сұрақтар бар т.б.)
ә) Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң, жұпта, топта талқылау ұйымдастырамын.
б) Оқушылар түсініктемесінен кейін сұрақтар қоямын.
- Сіздің ойыңызда не сақталып қалды?
- Оқиға болған кездегі ІІ дүниежүзілік соғысы жылдарындағы ауыртпалық пен қиыншылықтар, қайғы-қасірет қалай суреттеледі?
- Шығармадағы көктемгі егіс кезіндегі балалар мен әйелдер іс-әрекеті туралы не білесіңдер?
ІІІ. Толғаныс. (16 оқушы)
Сыныпты 4 топқа бөлемін.
І топ
Сұрақтарға жауап беру. 1.Ақжан 2.Гүлден 3.Серегей 4.Назгүл Сұрақтар: 1. Әңгіме оқиғасы кімнің атынан баяндалады? 2. Аян мен әңгімеші баланың бойынан қандай адамгершілік қасиеттерді байқадыңдар? 3. Аяныш, қайырым, төзім, қайрат, қарапайымдылық дегқалай түсінесіңдер? 4. Аян мен әңгімеші баланың мінезін айтып беріңдер. 5. Аян сендерге қандай әсер қалдырды? |
ІІ топ.
Мәтін бойынша сахналық көрініс. 1.Өсер 2.Берік 3.Дәрен 4.Досхан 5.Сымбат
1. Аянмен танысу 2. Аянмен қоштасу |
ІІІ топ.
Өздері құраған шағын ертегілерді оқу.
1.Мекен 2.Мерболат 3.Серго 4.Айнагүл |
ІV топ.
Суретпен жұмыс. Оқушы өзі салған суретке тақырып қойып, шығарманы сурет бойынша талқылау. 1.Айбек 2.Асланбек 3.Жандос
Леонардо до Винчи: «Сурет – поэзия, оны естімейді, көреді» — дейді. |
Қорытынды. 1. Ал, оқушылар, бүгін біздер С.Мұратбековтің «Жусан исі» әңгімесін қорытындылаймыз. Дәл осы шығармаға ұқсас, жетім бала тағдыры туралы өткен сыныптардағы шығармалар естеріңде бар ма? 2. Ол шығарма қалай деп аталады? Кім туралы? Кейіпкер есімі естеріңде ме? 3. Естеріңде болса, оқиға қалай аяқталатын еді? 4. Ұлы Отан соғысына, ІІ дүниежүзілік соғысына қатысқан ата-әжелеріңіз бар ма? 5. «Жетім» дегенді қалай түсінесіңдер? 6. Қазіргі кезде ақпарат құралдарына, теледидарда, газет-журналда «тастанды жетім» деген сөздер көп айтылады. Оны қалай түсінесіңдер? 7. Ондай іс-әрекеттер мейірімсіздікке жата ма? 8. Қазіргі кезде, «тастанды жетім» осы сөзбен қатар, «тасбауыр, безбүйрек ұл мен қыз» деген сөздер де пайда болды. Оны қалай түсінесіңдер? 9. Сонымен балалар шығармадағы Аян бейнесі «Шын жетім бе?», әлде «Тастанды жетім бе?»
Оқушылар білімін қадағалау. Сабаққа үлгілі қатысып, жаппай әрекеттенгендерді мақтап, марапаттау.