Арнаулы пән
Сабақтың тақырыбы:: Қызметтік құжаттан үзінді
Мақсаты:
Білімділік:. Оқушыларды қызметтік құжаттан үзінді жазу ережесімен таныстыру.
Дамытушылық:алған білімін жаттығулар арқылы дамыту
Тәрбиелік:Іздемпаздылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру
Көрнекілігі: оқулық, үлгі
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру
ІІ.Өткен сабақты қайталау
1.Анықтама.
2.Анықтаманың негізгі мәтіні не?
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.
Құжаттың толық көшірмесі қажет болмаған жағдайда, құжатта жазылған бірнеше мәселе ішінен біреуінің ғана көшірмесі қажет болғанда немесе құжаттың толық мазмұнын құпия ұстау қажет болғанда құжаттан үзінді дайындалады.
Құжат үзіндісі А4 форматты қағазда жазылады.Құжат үзіндісіне мына мәліметтер кіреді.
- Құжат аты
- төл мазмұнды сөзбе-сөз қайталайтын негізгі мәтін;
- ұйым мөрімен бекітілген, үзіндіні растайтын жазба;
Құжаттан үзінді тиісті лауазымды тұлғаның рұқсатымен жасалады.
Құжаттың аты және негізгі мәтін жоғарыда айтылған ережеге сәйкес жазылады.
Мысалы:
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті.
Қазіргі қазақ тілі және оқыту әдістемесі кафедрасы.
Хаттамадан үзінді
Алматы қаласы 18 ақпан 2000 жыл
Күн тәртібі:
- Кафедра ізденушісі Л. Сүлейменованың кандидаттық диссертация тақырыбын бекуті.
Қаулы
- Кафедра ізденушісі Л.Сүлейменованың кандидаттық диссертация тақырыбы «сын есімнің шытай категориясы» болып бекілген.
Ғылыми жетекшісі – филология ғылымының докторы, профессор Таңатаров Д.С.
Қазіргі қазақ тілі
және оқыту әдістемесі
кафедрасының меңгерушісі
филология ғылымының
докторы, профессор Г.Р.Асанбаева
Растайтын жазба берілген үзіндісі растайтын лауазымды тұлғаның қызмет аты, жеке қолы және фамилиясы мен аты-жөнінің басқы әріптерімен бұрады.
Үзінді мекемеден тыс жерге жіберілетін болса оған мекеме мөрі басылады.
ІҮ.Жаңа сабақты пысықтау.
Құжат үзіндісіне қандай мәліметтер кіреді.
Оқушыларды бағалау
Ү. Үйге тапсырма : 174-175
